203
2 топ:
Күрделенген кемістік болып, бірқатар бастапқы бұзылуларға
ие, бірақ оның біреуі негізгісі, жетекшісі болып, екінші бұзылу айқын
көрініс таппаған, бірге жүретін сипатқа ие, дейтұрғанмен негізгі, жетекші
кемістікке ықпал етеді, мысалы: соқыр нашар еститін балалар.
3 топ:
Екі немесе одан көп кемістіктері жеңіл түрде байқалады, бірақ
олардың бірігуі тұрақты екінші сатылық ауытқуды шақырады. Бұл топ
соңғы жылдары жиі кездесетін топ болып табылады.
Кешенді зақымданулары бар балалардың даму жетістіктеріне сүйене
отырып жіктемесін алғаш ұсынған ағылшын ғалымы - С.Best.
1 топ.
Белсенділік танытатын тип. Кейде «Елена Келлер типі» деп
аталады. Айтарлықтай дәрежеде жиі байқалатын екі бастапқы кемістікке
ие, бірақ, соған қарамастан әлеуметтік-еңбек дағдыларын табысты
меңгерген, білім алатын, қоғамға табысты кіріктірілетін интеллектуалдық
тұрғыдан сақталған балалар.
2 топ.
«Салыстырмалы тұрғыдан бейімделуі жеңіл тип». Кемістіктің
бірі айқын байқалатын және екіншісі оны сүйемелдейтін зақымдануларға
ие балалар. Оқыту жетекші кемістік бойынша жүргізіледі. Олар еңбек ете
алады, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына ие, білім алуға және қоғамға
бейімделуге жақсы икемі бар балалар.
3 топ.
«Бейімделуінде қиындықтары бар балалар». Екі сенсорлық
кемістігі де айқын байқалмайтын, бірақ осы категориядағы балаларда оқу
мен әлеуметтік бейімделуде айтарлықтай қиындықтар тудыратын мінез-
құлықтық проблемалары бар, зияты төмен балалар.
4 топ.
Достарыңызбен бөлісу: