Мэйнстриминг білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар
мерекелік шараларда, бос уақыттарына арналған әртүрлі бағдарламалар
арқылы құрбы құрдастарымен қарым-қатынас жасайды.
Интеграция білім беру жүйесінің баланың психологиялық, дене
дамуындағы ауытқуына сәйкес өзгертілмей, оларға қажетті жағдайлардың
жасалмауы.
Инклюзия – бұл барлық балалардың қажеттілігі мен мүмкіндігіне
сәйкес мектеп бағдарламаларының қайта жоспарлауы мен қалыптасуы.
1970 ж. американдық E.N. Deno осыған ұқсас «Модель», «Каскад»
(см. Deno E.N. “Spezial Education as Developmental Capital” //Exceptional
Children, 1970, № 37, 229-237) концепцияны ұсынды. «Каскад» ұғымы
мүмкіндігі шектеулі балалардың «ортақ ағынның» ішінен аз деңгейде
шығуы ретінде әлеуметтік-педагогикалық шараларды қолдау жүйесі
болып табылады («mainstream»). Бұл ұғымды ХХ ғасырдың 90 жылдары
біздің елімізде кеңінен қолданып жүрген кезде, АҚШ «инклюзия» деген
жаңа ұғымды қолданды.
Батыс еуропа елдерінен кейін ең бірінші 1975 жылы интеграция
ұғымын өз елінде құқықтық 94-142 негізгі заңды қабылдайды (The
Education for all Handicapped Children Act). ХХ ғасырдың 70-80 жылдары
АҚШ-тың жалпы мектептеріне инклюзивті енгізуде көптеген қиындықтар
және өзекті мәселелермен қақтығысқа түсті. Сол уақытта жүргізілген
жұмыстың қорытындысы жалпы мектептің мұғалімдерінің жаңа түрдегі
кәсіптік қызметке дайын емес екендігін көрсетті.
ХХ ғасырдың екінші жартысында еуропаның басқа елдерінде де білім
беруге интеграциялық жүйені енгізу өзекті мәселе болып табылды. Демек,
жалпы мектепке арнайы мектептегі ерекше қажеттіліктері бар балаларды
оңайлықпен көшіру және әкімшілік шешімдердің әдістерімен нормаланған
және интеграцияланған білім беру бағдарламасы бір күннің ішінде
енгізілмейтіні айқындалды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы
мектепке ауысу үшін түбегейлі және ұзақ уақыт, ұйымдастырушылық-
әдістемелік жұмысқа жалпы мектеп мұғалімдерінің дайындығының сәйкес
келуі,оқу жоспарларын түрлендірулердің ұтымды әдістердің табылуы,
барлық балалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және бірлестік
қажеттіліктеріне сәйкес оқу процесіне қатыса алатындай дидактикалық
құралдарды, жаңа әдістемелік тұғырларды, тәсілдерді құрастыру қажет.
ХХ ғасырдың 80 жылдарында АҚШ-тың жалпы мектептегі
әдістемелік және дидактикалық, ұйымдастырушылығының маңыздылығы
білім беру жүйесіндегі педагогика ғылымында интеграция «дұрыс»
223
терминологиясының
орынына
біріктіріп
оқытудың
жағдаяттың
таңбалаушы жаңа ұғымның пайда болуы мен оны қолдануға (түзетуге)
септігін тигізді: