224
Авторлар
интеграциялық оқытудың мақсаты
– мүмкіндігі шектеулі
балалардың жалпы білім беру жүйесінің аумағында әлеуметтік және білім
алуындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру деп түсіндіреді. Ал әр
баланың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес сапалы білім алу және әлеуметтік
мұқтаждығын қамтамасыз ету –
инклюзивті білім беру жүйесіне
жүктеледі
. Авторлар сондай-ақ екі модельдің мақсатына жетуде
қолданылатын амал-тәсілдерінің де айырмашылықтарын көрсеткен.
Біріктіріп оқыту – мұғалімнің (негізгі немесе көмекші мектеп) дамуында
ауытқуы бар балалармен ұжым жағдайында нақты жұмыс жасау.
Интеграциялық оқытуда
– қалыпты деңгейде дамыған балалардың
деңгейіне арналған оқу бағдарламасын меңгере алатын мүмкіндігі
шектеулі балалар топтарын таңдап алынатын стратегия болып табылады.
Инклюзивті оқыту
– оқу мекемелерінің құрылымы мен оқу
бағдарламасының балалар деңгейіне қарай өзгертуді талап етеді.
Инклюзивті білім беруді енгізу – мүмкіндігі шектеулі балалардың
әлеуметтік және білім берудегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға, білім
беру ортасына бейімделуге және тосқауылдарды жоюға септігін тигізеді.
Шет елдердің зерттеу тәжірибесінің қорытындысы ретінде
инклюзивті білім берудің
8- қағидасын ұсынады:
1.
Адамның құндылығы оның мүмкіндіктері мен жетістіктеріне
тәуелді емес.
2.
Әрбір адам сезе және ойлай алады.
3.
Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы және тыңдалуға құқықылы.
4.
Барлық адамдар өз құрдастарының қолдауы мен достығын
қажеттенеді.
5.
Әр түрлілік адам өмірінің барлық жақтарын дамытады.
6.
Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж.
7.
Барлық оқушылар үшін жеке прогресс жетістігі олардың жеке
мүмкіндіктеріне байланысты.
8.
Нағыз білім беру тек шынайы өзара қарым-қатынас контексінде
болып жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: