Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1).
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші
басылым
.
жылжымайтын блок жәрдемімен жүк көтеретін күштің бағытын қолайлы етіп алуға
болатындығы жөнінде қорытынды жасалады.
Жылжымалы блок көмегімен жүк көтеру болатындығына
ерекше тоқталу
керек. Динамометр және сызғыш арқылы өлшеніп, жүк көтергенде күштен екі есе
ұтуға болатындығы тәжірибеде дәлелдегені дұрыс. Жылжымалы блоктардың тобын
қолдануға болатындығын, оны полиспастылардың
қолданылуына мысалдар
келтірумен және есептер шығарумен аяқтайды.
Адам баласының көп ғасырлық практикасы қарапайым механизмдердің
жұмыстан ұтыс бермейтіндігін,олардың тек жұмыстың түріне
байланысты не
күштен, не жолдан ғана ұтуға болатындығын дәлелдеп отырғандығы айтылады.
Күштен қанша есе ұтсаң –жолдан сонша есе ұтыласың және керісінше. Бұл
қорытындыны механиканың «алтын ережесі» деп атайды.
«Қарапайым механизмдер» тақырыбын оқып үйренуде оқушылар
механиканың осы «алтын ережесін» жақсы меңгеріп және оны практикада
қолдануды үйренуі керек.
3.
Қарапайым механизмдердің пайдалы әсер коэффициенті.
Бұл
ұғымды
енгізу үшін,алдымен қарапайым механизмдерді пайдаланғанда үйкелістің себебінен
«алтын ереженің» орындала бермейтіндігіне назар аударылады. Шындығында
барлық жағдайда үйкеліс болады, сондықтан, оны жеңу үшін
қосымша жұмыс
істеуге тура келеді. Мәселені нақты мысалмен түсіндірген дұрыс.
Массасы 400кг бетон плитаны 10 см биіктікке көтеру үшін рычагты
пайдаланады.Рычагтың екінші ұшына түсірілген 1200 Н күштің түсу нүктесі 40 см
жол жүреді.Рычагтың пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК) табу керек.
Есепті шешу үшін алдымен бетон плитасының салмағын анықтайды:
Н
кг
кг
Н
mg
P
4000
400
*
/
8
.
9
=
=
=
,
одан кейін жасалуы қажет жұмысты
-
пайдалы жұмысты есептеп табады:
Дж
м
Н
s
P
A
400
1
,
0
*
4000
*
1
1
=
=
=
сонан соң плитаны көтеру үшін нақты жасалған
жұмыс немесе толық жұмыс
есептеледі:
Дж
м
Н
s
F
A
480
4
,
0
*
1200
*
2
2
=
=
=
,
Ең соңында п.ә.к.
-
ті анықталады:
%
83
480
400
2
1
=
=
=
=
Дж
Дж
A
A
A
A
т
п
Үйкеліс салдарынан әдетте толық жұмыс пайдалы жұмыстан артық
болады,өйткені,толық жұмыс пайдалы жұмыс пен үйкеліске қарсы жасалған
жұмыстың қосындысына тең.Олай болса, қарапайым механизмдерді
пайдаланғанда
біздер жасалуы қажет жұмыстан артық жұмыс істейді екенбіз.Бұл тақырыпқа да
бірнеше есеп шығарып,пысықтау қажет.
«Қарапайым механизмдер» тақырыбын өтіп біткеннен кейін олардың
қолданылуын
көрсету мақсатында заводқа,фабрикаға,механикалық шеберханаға
немесе құрылыс алаңына экскурсия ұйымдастырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: