Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Лиризм табиғатын түсіндіріңіз.
2. «Қайдасың, Гауһар» повесінің интерпретациясы.
3. Көркем мәтінді талқылау тәсілдері.
4. Б. Соқпақбаев туындыларындағы аналар образы туралы әңгімелеңіз.
5. Балалар прозасының өзіндік ерекшеліктері.
Әдебиеттер
1. Соқпақбаев Б. Өлгендер қайтып келмейді. – Алматы: Жазушы, 1979.
– 434 б.
2. Қаупынбайұлы Т. Шаймерденов С. Ақиқаттан айнымаған қалам //
Егемен Қазақстан, 1992.
147
ҚОРЫТЫНДЫ
Әдебиетке өзіндік қолтаңбасымен, соны тақырыбымен,
өрнек айшығымен, дара тәсілімен келген Б.Соқпақбаев оны тың
образдармен, көркемдік ізденістермен байытты.
Жазушының «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып
келмейді», «Қайдасың, Гауһар?», «Балалық шаққа саяхат»,
«Жекпе-жек» атты туындылары ұлттық нақышымен, өзіндік
үнімен, келбетімен ғана әлем әдебиетімен иық теңестіре алатын,
әдебиетіміздің таңдаулы үлгілеріне жататын шығармалар деп
айтуымызға болады. Үлкен қоғамдық оқиғаларды, қат-қабат
сюжеттік желілерді қатарластыра тартып, әрі заман шындығын,
әрі адам шындығын беруде ұсталық көрсетті.
Ірі таланттарға тән өзара ажыратылмас, тұтас бірлікте
ұшырасатын үш қасиет бар. Олар: ең алдымен, суреткерлік, сонан
соң өз дәуірінің әлеуметтік тыныс-тіршілігін шыншылдықпен
дәл көрсете білу, үшіншісі – өмір құбылыстарының астарына
үңіліп, тереңнен толғай алу. Ал енді осыларды Соқпақбаев қала-
мына түгелдей тән деп айта аламыз. Бізідің оны өзгеше суреткер
санайтынымыз да, терең ойлы, парасатты жазушы деп тәнті
болатынымыз да осыдан.
Б.Соқпақбаев шығармаларын өмірлік материалға негіздеп
құрған. Қай шығармасын алсаңыз да ақиқат шындықтан
көтеріледі. Айтпақ ойы соның төңірегінде өрбиді. Бұл –
Б.Соқпақбаев шығармаларының айрықша бір қасиеті.
«Жазушының ерекшелігі – ол шындықтан алшақ алып
кететін фантазияның жетегіне ілеспейді. Оның шығармаларында
суреткерлік пен фотографтық дәлдік қатар жүреді. Жазушы
өзі өмір сүрген дәуір көрінісін боямасыз дәл бере біледі.
Б.Соқпақбаевтың қай шығармасын алмаңыз, өмірдің қаны сор-
ғалаған шындығы кейіпкерлер тағдырымен қатар өріліп, үлкен
көркемдік қорытындылар түзіліп жатады».
148
Шығарманың шын мәнінде көркем болуы көптеген шартты-
лықтарға байланысты. Бұл ұғымға таңдап алған тақы рыптан,
талғап алған оқиғадан бастап, сюжет құру, композиция жасау,
характерлердің толық ашылуы сияқты көптеген жайлар қосылады.
Біз бұл еңбегімізде прозалық мәтіннің ерекшеліктеріне,
Б.Соқпақбаев шығармаларының көркемдігіне назар аударып,
әдеби туындыны талдап, танудағы мінез бен жағдай байланы-
сы ның маңызына, қаламгердің көркемдік тәсілдерді қалай
игеріп, пайдалана білгеніне тоқталып, ойымызды мысалдармен
дәлелдеуге тырыстық.
Әдебиет шығармаларын түрлі тұрғыдан образ, характер жағ-
дай, сюжет, композиция, эстетикалық мұрат, психологизм, порт рет,
пейзаж т.б. тұрғыдан қарастыру айналып келгенде негізгі проб-
леманы, өмір шындығының әдебиетте қалай кестеленгенін, сурет-
кердің шеберлік сипатын айқындауға келіп тіреледі. Бұл зерт теуде
біз өз әлімізше жазушы шеберлігін ашуға талпыныстар жасадық.
Б.Соқпақбаев шығармаларының қазақ әдебиетіне әкелген
жаңалығын, көркемдік ізденістерін сөз еткенде ең басты назарда
ұстайтынымыз – адам образының қаншалықты дәрежеде
сомдалғаны. Бұл ретте айта кетер бір жайт – жазушы қандай
кейіпкерді нысанаға алса да, ұлттық мінез, ұлттық орта, ұлт
жағдайынан ғана туындар әлеуметтік ой айтады.
Жазушы шығармаларын талдау бізге оның шығармашы-
лығындағы психологизм мәселесі туралы ой түюімізге мүмкіндік
береді. Жазушының халық өміріндегі ең келелі мәселелерді
көтергені белгілі. Жазушы мейлі колхоздастыру кезеңін, Ұлы Отан
соғысы жылдарындағы ел тіршілігін өз туындыларына арқау етсін,
немесе махаббатты бейнелесін – ең алдымен кейіпкерлерінің ру-
хани әлемінің құпияларына үңіле білді. Өмірдегі әділетсіздікті де,
жаңа өзгерістерді де адамның ішкі әлеміндегі сан қилы сезім дердің
шарпысуы арқылы, солардың кайғы-қасіреті, мұңы, жылт еткен
үміті, қуанышы арқылы бейнелейді. Ол үшін қаламгер психо ло гия-
лық талдау тәсілдерін молынан пайдаланады. Шығармаларын дағы
кейіпкерлердің психологиясын талдау олардың сөйлеген сөздері
арқылы да, іс-әрекеттері арқылы да жүзеге асып жатады. Ал, осы
тәсілдердің қайсысын қолданса да, Соқпақбаев артық-кемі жоқ
табиғи өлшемнің шегінен шықпайды. Кейіпкер психологиясын
149
шынайы өрнектеу шеберлігі суреткердің эстетикалық ерекшелігі
ғана емес, оның ерекше талантының айғағы да.
Көркемдік тәсілдің қай-қайсысы да кейіпкер табиғатының
жұмбақ сырларын ашу, сол арқылы шығарманың идеялық-
көркемдік салмағын арттыру мақсатында қолданылатыны белгілі.
Әртүрлі тәсілдердің қолданылуы шығарма динамикасының ішкі
қажеттілігінен туындайды да, жазушының композиция құрып,
ойын өрнектеуіне мүмкіндік жасайды.
Жазушы образдарды тұлғалауда, характерлерді даралауда, образ
танымының диалектикасын ашуда түрлі көркемдік тәсілдерге:
моналог, диалог, портрет, т.б. сүйенеді. Қай жазушы бол сын осы
тәсілдерге соқпай өтпейтіні белгілі. Бірақ, мәселе сол тәсіл дерді
қолдану арқылы сомдалған образдың нанымдылығы мен шығар-
маның сюжеттік композициялық құрылымының тұтас тығында.
Осы ретте Б.Соқпақбаев сомдаған кейіпкерлердің көпші лігінің
ойдан қиыстырылмай, өмірде бар, жазушының өзімен қатар жүрген
адамдар болып келетінін тағы да қайталап айтып кетейік. Және
осы кейіпкерлерді тұлғалау үшін қолданған көркем дік құралдар
шығармаларының композициясында үнемі өз орнын тауып отырады.
Шығармаларының композициясында кездесетін монолог,
диалогтар суреткердің стильдік ерекшелігін айқындаумен бірге
характердің де даралығын танытады. Кейіпкер сөзі бірде монолог,
бірде диалог арқылы көрініп отырады. Кейіпкерлердің сөзінен
оның логикалық ойлау жүйесі, заман, уақыт тынысы да сезіліп
отырады. Ендеше жазушы шығармаларындағы әрбір компонент
олардың идеялық-эстеикалық мән-мағынасын айқындайды.
Мәселен, диалогтың кейіпкердің дүниетанымын, көзқа-
расын, өзге характерлермен қақтығысын білдіретіні белгілі.
Б.Соқпақбаев шығармаларында жиі кездесетін компонент –
диалог. Шығармаларындағы орталық қаһарман немесе қосалқы
персонаждар араласқан әртүрлі оқиғалардың қай-қайсысы сөз
сайысынсыз өтпейді.
Диалог образ табиғатынан туындап отырады да және сюжетті
өрістетуге, характерологиялық, дүниетанушылық мақсаттарға
қолданады.
Жазушы монологтың да түр-түрін пайдаланады: монолог-
ойлау, моналог-армандау, монолог-еске түсіру.
150
Суреткер сонымен қатар психологиялық талдаудың компо-
ненттері пейзаж, портреттің динамикалық үлгілерін де пайдалана
отырып, сан түрлі характерлерді ашқан.
Шығарманың көркемдік қуаты мен құнын айқындайтын
компоненттер көп. Соның бірі – жазушының композиция құру
шеберлігі. Б.Соқпақбаев шығармаларының сюжеттік компози-
циялық құрылымы ерекше. Шығарманың композициясының
тұтастығы сол шығарманың сюжеттік желісіне енген оқиғалар
бір-бірімен байланысты ма, көркемдік компоненттер шығарманың
кұрылымында үйлесе ме, міне, сонан көрінеді.
Қаламгер шығармаларының композициялық ерекшелігі
жайлы сөз қозғағанда алдымен айтарымыз, әрбір тараудың жеке-
дара оқиғалар жиынтығына келіңкірейтіндігі. Бұл өзгешелік
автордың алғашқы жарық көрген шығармасы «16 жасар чемпион»
повесінде өз көрінісін тапқан болатын. Кейіннен дүниеге келген
шығармалары «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа»
повестерінде бұл дәстүр өз жалғасын тапты. Бұдан автор
ұтылмаған, қайта әр оқиғаға әр қырынан келген. Әрбір тараудың
өз композициясы сақталған. Қаламгер шығармаларына негіз
болған сюжеттік желілерді, әртүрлі эпизодтарды жымдастырып
әкеліп, қоғамды жайлаған әділетсіздікті, келеңсіздікті көрсетуге
тырысқан және сан алуан мәселелердің барлығы кейіпкер
өмірімен байланыста алынады.
Соқпақбаев шығармаларының композициясында халықтың
тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі де өз орнын тауып суреттелген.
Б.Соқпақбаевтың көркемдік әлемінің ерекшелігін айқын-
дайтын сипаттың бірі – адам мен туған жер қарым-қатынасын
бейнелеудегі шеберлігі. Табиғат суреті шығармаларында оқиға-
лар ды дамыту, характер айшықтау мақсатында, бірде оқиғалар-
дың қай жерде болған кеңістігін көрсету мақсатында беріледі.
Екінші бір жағдайда табиғат суреттері кейіпкердің көңіл-күйіне
үндестіріле бейнеленеді.
Қорыта айтқанда, Б.Соқпақбаевтың жазушылық шеберлігін
бір зерттеуде толық ашып тастау мүмкін емес. Б.Соқпақбаев қазақ
әдебиетінің әр жанрында еңбек етті. Соңына мол мұра қалдырды.
Жазушы шығармашылығын, суреткерлік шеберлігін әр қырынан,
түрлі аспектіде зерттеу болашақтың ісі.
|