3-тақырып
ӘДЕБИ ШЫҒАРМАДАҒЫ МІНЕЗ БЕН ЖАҒДАЙДЫҢ
БАЙЛАНЫСУ ТҮРЛЕРІ
• «Менің атым Қожа» повесіндегі идеялық-эстетикалық
ізденістер
• Көркем шығармадағы мінез бен жағдайдың байланысу
типтері
• Көркем мәтіндегі сюжеттік-композициялық ерекшеліктер
Балалардың жан дүниесін қозғар, ойын өрістетер көркем шы-
ғарма жазу – асыл мұрат. С.Бегалин, Ө.Тұрманжанов, С.Омаров-
тардың шығармаларын бірнеше буын бойына сіңіріп, тағылым
алды. Бұл жазушылардың кітаптары халқымыздың өткенінен
хабардар етіп, дәстүр, салт-санамыздағы, әдет-ғұрпымыздағы
асылдарымызды көркемдік шеберлікпен бере білді. Әсіресе,
С.Бегалиннің «Бүгінгі Ыбырай», «Қазақтың Маршагы» атануы
тегіннен-тегін емес. Есімдері әлемге аян Том Сойер, Гаврош,
Тимур секілді қызық мінезді, қайратты балалардың қатарына
С.Бегалин өз кейіпкерлері Сәтжан, Көксеген, Уәш, Ердендерді
қосты.
Алдыңғы толқын ағалар тәжірибесі – кейінгі толқынға өнеге.
Дүниетаным, білім, білік сипаттары әртүрлі болғанмен де, бұл
жазушылардың дәстүрін Б.Соқпақбаев өзінің ең таңдаулы деген
туындыларында жалғастыра білді. Суреткердің атақты Қожасы
жоғарыда аталған кейіпкерлердің заңды жалғасы іспетті.
Жазушының ғана емес, қазақ әдебиетінің де мақтанышына
айналған туынды «Менің атым Қожа» /1960/ екені баршамызға
белгілі. Бұл повесть жарық көрген тұс, яғни 1956 жылдардан
кейінгі уақыт әдебиеттегі жаңғыру кезеңі /С.Қирабаев/ болатын.
СОКП-ның XX съезі /1956/ әдебиетке жаңаша көзқараспен қарауға
50
негіз болды. Саяси ұрандар мен науқандардан әдебиет біршама
алшақтады. Әдебиет өзінің төл мәселесіне ден қойды, яғни
адам жанының нәзік иірімдеріне көңіл бөліп, адамды әсемдікке,
ізгілікке тәрбиелеуді басты мақсатына айналдыра бастады.
Дей тұрғанмен, шығарма алғаш 1957 жылы «Өзім туралы
повесть» деген атпен жарық көргенде, әдебиетшілер арасында
талас та тудырған еді. Бұзақы Қожаның шәлкес қылықтарымен
танысқан балалар бұзылып кетеді деп үрейленушілер де
ұшырасты. Өйткені, елуінші жылдардағы балаларға арналған
санаулы повестерді шолып шықсақ, балғын кейіпкерлер
негізінен тәртіптілігімен, ересектер алдында инабаттылығымен,
социалистік меншікті сақтауға және қорғауға, қоғамдық еңбекке
шама шарқына қарай ұмтылушылығымен ерекшеленетін. Яғни
бұл кезеңде біздің прозамызда мінез бен жағдай байланысының
бағыттаушы, қалыптастырушы типінің басым болғандығын
атап көрсету қажет. Бұған мысалды Соқпақбаевтың өз
шығармашылығынан да келтіруге болады. Біз жоғарыда тілге
тиек етіп кеткен «Алыстағы ауылда» повесінің кейіпкерлері
де еңбексүйгіш, шыншыл, әрқайсысы өз жұмыстарына Отан
алдында жауап беретін сезіммен әрекет етеді. Оқырмандар
назарын аударып, әдеби сын тарапынан тәуір баға алған бұл
шығарма казақ әдебиетіндегі қарапайым шығармалардың
қатарында қалды. Себебі жалаң насихаттық тенденция үстемдігі
талғамы өсе түскен оқырман қауымды жалықтыра бастаған
болатын. Міне, осы кезеңде бойындағы табиғи болмыс-бітімімен,
өзіндік қарама-қайшылықтарымен әдеби аренаға шыға келген
Қожа тәрізді бейнені көргенде әдеби қауымның тосылып
қалуы түсінікті еді. Бірақ повесть орыс тіліне аударылуы мұң
екен, қазақтың сүйкімді де сотқар баласы дүниежүзін аралап
кете барды. Туынды украин, өзбек, молдаван, литван, латыш
тілдерінде бірінен соң бірі басылып шықты. Француз тілінде де
жарық көрді. Талантты режиссер Абдолла Қарсақбаевтың повесть
бойынша түсірілген кинокартинасы 1967 жылы Францияның
Канн қаласында өткізілген балалар мен жасөспірімдер көркем
фильмдерінің дүниежүзілік фестиваліне қатысып, жүлделі
орынға ие болды. Бұндай шығармашылық бақыты тек талантты,
санаулы суреткерлердің еншісіне ғана бұйыратыны мәлім.
51
«Образ жасаудағы ең жауапты буын – таптаурын сүрлеуге
түсуден бір шиырды айналсоқтаудан сақтану болса керек»/1,307/.
Осы таптаурын жолға түспей, көркем бейненің кілең ұнамды
сипаттардан тұрмайтынын, өмірдің өзі сияқты оның да табиғаты
күрделі екенін көрсететін, әрқилы сәттерде сынап-талдап, оның
да өзіндік бітім-болмысы бар «адам-азамат» екенін кестелеген
де Б.Соқпақбаевтың аталған повесі. Қожа өмірден үйренеді,
қате басады, сабақ алады. Образ диалектикасы дегеніміз осы.
Қожа мінезінің даралануына септігін тигізген жазушының түрлі
ұтымды, психологиялық ситуацияларды молынан пайдалануы
дер едік. Шығармадағы шырғалаң оқиғалар мен соны туғызған
жағдайлар повестің орталық тұлғасы Қожа мінезінің алуан сырлы
психологиялық күймен ашылуына әсерін тигізген деп тұжырым
жасаймыз.
Әдебиеттанушы-ғалым Е.Горбунованың: «Шынайы өнерде
кейіпкерлер өмірінің сыртқы жағдайлары фон, бейтарап орта
ретінде ғана қалмайды. Олар міндетті түрде белгілі бір мінездің
ішкі коллизиясы ретінде оны әрекетке шақырады»/2,45/, – деп
жазғанындай, шығармадағы бейнеленген жағдайлар мінездің
ішкі қақтығысына ерекше әрекет етеді.
Осы уақытқа дейінгі жарияланған шығармалардағы кейіп-
керлер бойынан табылатын ұстамдылық, үгітшілдік оған жат.
Ондағы бой көрсеткен осындай сипаттар балалар прозасының
басты белгісіне, жетекші бағытына айнала бастады. Бұл –
Б.Соқпақбаевтың үйреншікті дағдыдан бойын аулақ салып,
суреткер есебінде өсіп, қалыптасқанының белгісі.
Повесть шынайылығымен, балалар психологиясындағы
ерекшеліктерді юморлық тілмен тартымды суреттеуімен, олардың
ой-қиялын реалистік дәлдікпен жеткізуімен, соны характерлер
сомдау шеберлігімен балғын оқырмандар үшін айрықша қымбат.
Мұндағы әр кейіпкер характері әрқилы. Елгезек, әрі істеген
әрекеттері сәтсіз аяқтала беретін Қожа, сері жігіт болуға еліктеген
Сұлтан, жалаң белсенді Жантас, үнемі күлімсіреп жүретін,
сүйкімді Жанар, ақылшы аға Ахметов..., т.б.
Сонымен шығармадағы басты кейіпкер – 13 жасар Қожа.
Ол оқуға зерек, жолдас-жораға адал, еті тірі, әже мен ананың
қолында өскен ерке, жұрт көзіне ерсі, бұзақы болып көрінеді,
52
енді бірде ақын-жазушы болам деп алдына биік мақсат қояды.
Сонымен қатар, мұғалімдер көп айта беретін «тәрбиелеуі қиын
бала». Қожа жолап кеткен жердің бәрі у-шу, үлкен әңгіме. Ол
үйден шықты дегенше, қаздар қаңқылдап, ит үріп, ауыл шулады
дей бер. Мектепте де бар әңгіме соның төңірегінде. Әйтеуір ол
жүрген жердің бәрі абыр-дабыр сөз, тынымсыз қозғалыс, шешімі
табылмаған сұрақтар...
Оның өмірге көзқарасы, сөздері мен іс-әрекеттері, арман-
шылдығы жеткіншектер психологиясына сай. Бала психологиясын
жан-жақты пайымдап, терең сезіну, сол арқылы образдың жан
сырын ашу – Б.Соқпақбаев талантының, қабілет қарымының
ерекше бір көрінісі деуге болады. Бұл, әсіресе, осы повесте айқын
аңғарылады. Қожа мінезінде, оның істерінде, балалық қылығында
ешқандай жасандылық жоқ. Өзінің табиғи қалпында, әркімнің
басынан өткен балалық шақтары естеріне түсерліктей қалыпта
суреттелген. Повестің ерекшелігі, табыс көзі – жазушының
балалар жан дүниесін шынайы бейнелеуінде деп айтуға толық негіз
бар. Ұлы жазушы М.Әуезовтің: «...Орыс жазушыларынан анық
сүйетінім: Толстой, Достоевский. Адам жанын соларша қойма
ақтарғандай ақтармаған соң, жазушылықтың мәні де жоқ. Прозаға
психология араласпаса, өзгенің бәрі сылдыр су, жабайының тақ-тақ
жолы»/3,129/, – деген пікірі бар. Б.Соқпақбаев та өз шығармасында
адам болмысының қатпар-қатпар қалтарыстарына үңіле біліп,
прозада психологизмді алдыңғы орынға шығарады. Ол үшін
қаламгер психологиялық талдау тәсілдерін молынан пайдаланады.
Ал, көркемдік тәсілдің қай-қайсысы да кейіпкер табиғатының
жұмбақ сырларын ашу, сол арқылы шығарманың идеялық-
көркемдік салмағын арттыру мақсатында қолданылатыны белгілі.
Повестегі кейіпкерлердің психологиясын талдау олардың сөйлеген
сөздері, іс-әрекеттері, монолог тәсілі арқылы да жүзеге асып
жатады. Осы тәсілдердің қайсысын қолданса да Б.Соқпақбаев
табиғи өлшемнің шегінен шықпайды. Суреткердің таңдаулы
туындысында аталмыш көркемдік құралдардың ішінде монологтың
қызметі ерекше. Қаламгер өзі сомдаған кейіпкерінің сезім
құбылыстарын суреттейтін күрделі психологиялық мезеттерде
ішкі монологты ұдайы пайдаланады. Бас кейіпкер Қожаның жан
дүниесі, ой-толғаныстары, көңіл-күйі, характер сыры осы тәсіл
53
арқылы кеңінен ашыла түседі. Автор Қожаны іштей сөйлетеді,
ойландырады, күйіндіреді, қуантады. Шығарманың алғашқы
тарауында-ақ мектеп оқушысы Қожа Қадыров ең ыстық тілек-
мұраты, ой-толғаныстарымен оқырманды өзі таныстырады. Сөз
арнасы қаһарманның жан дүниесіне бастайтын серпінді сезімдерге
бай. Қожа арман қанатына мініп, қиял жетегіне ереді, тұңғиық
ойға батады. Повестің сыршыл-лирикалық монолог формасы
персонажды ақтара тануға, оқушыны да өз тарапынан ойландыра
түсуге жетелейді. Мәселен, әкеге деген бала сағынышы түгесілмес
көңіл көрінісі. «Еһ, шіркін, дүние-ай, десеңші! «Әке» деген сөзді
айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай
ыстық. Балалар менің әкем өйтті, менің әкем бүйтті. Менің әкем
ананы сатып әперетін болды, менің әкем мынаны сатып әперетін
болды деп мақтаныш етіп жатады. Ал мен болсам, әкемнің қандай
адам екенін де білмеймін. Өйткені ол майданға аттанғанда мен екі
жастамын. Екі жасар ақымақ не біледі, не түсінеді? Сол кеткеннен
абзал әкем мол кетті, оралмады...
Еһ, қайран әкем! Егер сен тірі болсаң, мүмкін, мен бұдан
гөрі басқадай болар ма едім. Кім біледі, жер-әлемді шулатып,
сотқар Қожа атанып жүргенім әкесіз жетім өскендігімнен де
шығар» /4,9/,– деп тебіренеді Қожа. Жазушы әке қадірін осылай
арманшыл баланың ішкі сыры арқылы әдемі сипаттайды. Қожа
монологтары шынайы, мөлдір тазалығымен, көтеріңкі әуенімен
оқырманды еріксіз қызықтырады.
Ақыл-ой, білім-парасат жағынан қатардағы жолдастарының
қайсысынан болсын еңсесі биік Қожаның аңсайтыны да, асығатыны
да ертеңгі болашағы. Ол сол үшін өмір сүреді. Сол үшін үздіксіз
қимыл-әрекетте, қозғалыста жүреді. Шығарманың бас кейіпкері
арқылы берілген жылы сезімдер, арманшыл толғаныстар жас
оқырмандардың қай-қайсысын да ойға шомдырып, үміт дүниесіне
қарай серпілістер жасауға бет бұрғызады. Шығарма күші осында.
Шығарманың орталық кейіпкерінің бойында таза қазақ баласына
тән ұлттық психология аясындағы қасиеттер бар. Сонымен қатар
оның мінезіндегі, ой-қиялындағы түрлі қасиет, көріністер барлық
ұлт балаларында да кездесетіні сөзсіз. Сондықтан «Менің атым
Қожа» әлемнің қай түкпіріндегі балаларға болса да түсінікті, әрі
қызғылықты.
54
«Әдетте әдебиет туындысынан нанымды ортада жасалған
нанымды характер іздейміз. Сонда ғана оқыған дүниеңе разы
боласың, кейіпкердің сан алуан сырларына қанығасың, ағат
істеріне кешіріммен қарайсың... Осы тұрғыдан алғанда повестегі
Қожаның қылықтарына балалықтың бойына сиымды әрекеттер
деп еріксіз кешірім жасап отырасың. Өйткені Қожа мінезінің
кейбір жайсыздықтарын жуып-шайып отыратын күшті характер
бар. Жазушы өз шығармасында көп құбылыстар ішінен кейіпкер
мінезін ашуға ең алдымен қажет деген жағдайларды талғап,
екшеп алады. Бала жанының әртүрлі иірімдеріне тереңдеп барып,
жан-жақты көрсету үшін, өз қаһарманының тағдырын қилы-
қилы ситуациялармен байланыстырып отырады. Қаламгердің
таңдап алған жағдайлары кейіпкердің бойын билеген сезімінің
тереңдігін, пәс ойлардан бейкүнәлігін, тазалығын ашып
көрсететін әрекет пен қимылдарға итермелейді. Сөз болып
отырған повестегі бас қаһарманның әрбір іс-әрекеті сендіреді
және ол көріністер жағдайға да мінезге де орайласып отырады.
Кейіпкердің адамгершілік қасиеттері, адалдығы, пәктігі бірте-
бірте нанымды ашылады. Жазушы кейіпкерді бірден ұнамды етіп
жасауға тырыспаған. Қайта оны әртүрлі сынға салып, күрделі
бала мінезінің қалыптасу процесін дамыта көрсеткен. Егер адам
мінезі өзінің диалектикалық қайшылығымен, шындығымен
көрінуге тиіс десек, Қожа тұлғасы нақ осы талапқа жауап береді.
Қандай әрекет жасаса да, кейіпкер өзінің ағат қылықтарына
соңынан қатты өкініп отырады. Өз қимылдарының кейін жаман
атқа ұрындырып, ұятқа қалдыратынын білмейді. Ал Қожаны
желіктіріп жүрген Сұлтан болса, кандай бұзықтық жасаса да, біле
тұра әдейі істейді. Сұлтаннан жас жағынан біраз кіші Қожа оның
артынан қанша ермейін десе де, кейде жетегінде кетіп қалады.
Тәртіпіздікті қалай істегенін өзі де аңдамай қалады. Оқу үлгерімі
ешкімнен кем емес, Қожаның еңбегін тәртіпсіздігі жуып кетеді.
Онда аярлық деген атымен жоқ. Сотқарлықтан қанша жаза күтсе
де, ойындағы шынын жайып салады.
Сонымен қатар ол – жақсылық, жаңалық дегенде құлап
түсе қызығатын, біреудің дөрекілік, әділетсіздік көрсеткенін
жақтырмайтын, мазақ еткенді көтермейтін, намысты, қайратты
болып өсіп келе жатқан ұнамды тұлға. Жантастың мұны «қара
55
көже» деп атағанына намыстанып есесін жібермеуге тырысып,
ыңғайы келе қалған жерде күшпен де, сөзбен де сынаса біледі.
Осынау ұғым-түйсік бедерлері арқылы жаңа ұрпақ санасындағы
өзгерістермен тығыз байланыстағы ұлттық психология өрнектері
көрініс береді.
Өзін-өзі аяусыз мысқыл, кекесін тезіне салатын Қожаның
талғам-таным әлемі едәуір күрделі. Кластасы Жанар деген қызға
іштей іңкәрлігі оқырманды сүйсіндіретіндей әдемі суреттелген.
Қожаның қызға арнап өлең шығаруы, сабақтан кетіп қалып балық
аулауы, күресте жеңіп, масаттанып тұрған кезінде қаракөл елтірісі
ұрланған шалдан ауыр сөздер естуі, шөпшілердің ең алдына
тұрып алып газетке суретке түсуі, мұғалімнің сумкасына құрбақа
салып жіберуі сияқты оқиғаларға тап болуы – оның адалдық, әдеп,
ұят деген ұғымдарды санаға сіңіріп болмағандығын байқатады.
Шығармадағы жағдайлардың бұлай тоғысуы характердің
жасырын қырларын табудың, олардың тартыста айқындалуының
түрткісі болған. Осы айтылғандар Қожаның бейнесі өзгеше үлгіде
жасалғанын аңғартса керек. Қожаның арманы, мақсаты, әрқилы
мінезі Б.Соқпақбаевқа тән стильмен өрнектеліп, оқырмандардың
көз алдына елестейді, кейіпкер басынан кешкен оқиғалар өз
бастарынан өткендей сезімге бөлейді.
Б.Соқпақбаевтың атақты Қожасы – бірнеше буынды тәрбиелеуге
септігін тигізді, күні бүгінге дейін балалардың сүйікті кейіпкері.
Повесті оқып отырған оқушы оның кеудесін кернеген асқақ
арман, үлкен махаббат шуағына жылынып, жаңылысып жасаған
жаңсақ қадамдарының терістігін ұғып тәлім алады. Сондай атақты
кейіпкер кейінгі балалар прозасында алабөтен ерекшеленіп көріне
алмай келеді. Жазушы әлем әдебиетінің жақсы үлгілерінен үйрене
келе, өз басынан кешкендерін екшей пайдаланып, характерді
логикаға сай дамытып, өзіндік шешіммен тың бейне сомдады.
Повестегі басқа кейіпкерлердің де іс-әрекеттері Қожаға
қатысты өрбіп, бас кейіпкер тұлғасының сараптала, оқшаулана
түсуіне қызмет атқарады. Қожаның мінезіндегі түрлі көріністер
солармен қарым-қатынас барысында жан-жақты ашыла түседі.
Бұл орайда Сұлтанның, Жантастың, Жанардың образдары арқылы
автор бала бойында болатын түрлі мінез, сана қалыптасудағы
түрлі түсінік сипаттарын ашуға ұмтылады. Мәселен, шығармада
56
үзілмей желі тартып отыратын оқиға өзегінің бір тармағы,
лирикалық кейіпкермен сабақтаса өрбитін ой арқауы Жанар
бейнесіне қатысты болады. Жазушы Қожаның қабылдауы, ой-
сезімі арқылы оқырманға Жанардың бейнесін әсерлі суреттеп,
көңіл түкпіріне ұялатады.
«Жанар... Атың қандай әдемі!... Екеуміз бірге оқимыз. Жанар,
біріншіден... кластағы ең бір ақылды қыз. Екіншіден, сұлу.
Әсіресе, береткасын киіп жүргенде, сондай құлпырып, жайнап
кетеді. Даусы қандай шіркіннің, ән салғанда тыңдасаң. Басына
үкілі тақия тақия киіп, мың бұралып Қамажайды билегенін
көрсең. Барып тұрған өнерлі қыз. Кластағы бірінші үздік оқушы.
...Жанарды ойыма алсам, менің ішім гүл жайнап кеткендей
болады»/4,15/.
Нағыз бесаспап, «сегіз қырлы, бір сырлы» қызға сіз де елжірей
қарайсыз. Оған деген іңкәр көңілі өлшеусіз Қожаның Жанардың
алдында ұятқа қалмауын тілеп, мүлт кеткен жерінде Қожамен
бірге өкінер күйге түсесіз. Жанар болмысында ізгілік нұры
мол қамтылған. Ол Қожа жан дүниесінің кеңеюі үшін, балалық
жүрегінің шайлықпай бірте-бірте есеюі үшін қажетті кейіпкер
ретінде көрініс табады. Қожадағы жақсы қасиеттерді іштей
сезіп, Жанар онымен ақылдасып, пікірлесіп жүреді. Бұл жазушы
тарапынан алғашқы балалық махаббатты көрсету болатын.
Жанарсыз, осындай пәк сезімсіз, кіршіксіз махаббатсыз Қожаның
жан дүниесі толық ашылмаған болар еді. Қожаның бойындағы
асқақ арманды,оқуға деген құштарлығын, жеткіншектің желпінген
сезімін, қайсар рухын ұстаз Сәбира Майқанова байқауға тиіс еді.
Керісінше, олай болмады, мұғалім баланы өзіне тартып, баурай
алмады.
Қожаны жақсы адам болуға жетелейтін күштің бірі де –
Жанарға деген іңкәрлік сезімі. Өзін болашақта биіктен ғана
көретін ой-қиялының бір сәтінде Қожа: «Мейлі, біздің класс
жетекшіміз Майқанова мені жамандай берсін, сотқар деп, ұрса
берсін. Мен өзім көкейтесті арманымды, жанымның түкпірінде
маздап жанған құпиямды Жанарға бір жөні келгенде ақтарып
айтып берсем, менің кім екенімді ол таныр еді»/4,15/, – дейді.
Қожаның Жанарға деген сезім-күйінің ерекше бір көрінісі мына
бір тұста да шынайы калпында, аса бір тартымды, көркемдік
57
үлгіде берілген. «Су жағасы жайдақ, құмдауыт. Тырс етіп менен
өзге бір баланың келмеуін көрдің бе. Жалғыздан-жалғыз шомылу
да көңілсіз. Судың шетінде дымқыл құмда біреудің жалаң аяқ ізі
сайрап жатыр. Мүмкін осы Жанардың ізі шығар. Тани қоятын
адамдай еңкейіп, үңіліп тұрып қараймын. Иә, бұл Жанардың
ізі. Ақырын ептеп қана аяғымды салып байқаймын. Із аздап
кішілеу келеді. Иә, бұл Жанардың ізі болуға тиіс. Бойымды
тәтті бір сезім жайлайды да, сол күйде қимылдамастан тұрып
қаламын»/4,16/. Ізгілікке толы пейілдің балаға тән пәк көңілдің,
әсемдікке, сұлулыққа іңкәр сезім белгісіндей жайға тап боламыз.
Соқпақбаевқа тән шеберлік қырларының бір ғана сәті осындай.
Шығармада түсінік-түйсігі, психологиясы, өмірге көзқарасы
тұрғысынан Қожаға қарама-қарсы алынған бейненің бірі – Жантас.
Қожа өзінің буырқанған ішкі күшін қалай пайдаланарын білмей,
ақ-қараны таразылай алмағандықтан, байқамай бұзақылық
жасап қойып Жантас оған мүлде ұқсамайтын кейіпкер. Бұл екеуі
бір-бірімен үнемі қайшылықка түсіп, шиеленісіп қала береді.
Жантастың ішкі есеп, қулығы бар. Ал, Қожа Жантасқа қарағанда
аңқаулау, өз ісіне нық сеніммен қарайды, батылдау. Екеуінің
арасындағы шиеленіс негізінен рухани сезім-түсініктері, өмірге,
дүниеге деген көзқарастары әрқилы болғандықтан туындап
жатады. Повестегі Қожа өміріне қатысты шиеленіс те, өзгелермен
арасындағы тартыс та осы Жантастан басталады. Майқанова мен
Қожа арасындағы ұзаққа созылған кикілжіңнің өршуіне де –
себепкер Жантас. Осы бір оқиға бейнеленген көріністерге назар
аударайық.
«Мектептің қасында Жантас ұшыраса кетті. Қолында мөр
басылған бір жапырақ жазулы қағазы бар. Соны шертіп-шертіп
қойып:
– Қара көже, мынаның не екенін білесің бе? – дейді.
– Ол не?
– Лагерьге жолдама. Біз лагерге баратын болдық. Ал, сен
көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.
– Оны саған кім берді?
– Кім беруші еді. Майқанова апай берді. Бірақ сен жоқсың
тізімде.
– Неге жоқпын?
58
Жантастан Майқанованың қайда екенін сұрап едім, мектепте
деді.
Бұдан былай біреуді келемеждеп сөйлеудің қандай екенін
білуі үшін, Жантасты мұрынға сырт еткізіп бірді шерттім де,
жүгіре жөнелдім. Сол бойда екпіндеген қалпыммен мұғалімдер
бөлмесіне алқынып кіріп бардым. Майқанова бірдеңе жазып,
жалғыз отыр екен, маған басын көтеріп алып, таңырқаған
кейіппен қарады:
– Не болды? Не болды, Қадыров?
– Лагерьге жолдама беріңізші маған.
– Саған бұл жолы жолдама берілмейді. Екінші кезекте
барасың.
– Неге?
– Неге болушы еді: барлық оқушыға бірден жетіспейді. Ал,
екіншіден, ең әуелі біз лагерьге үлгілі, тәртіпті оқушыларды
жібереміз.
– Жантас немене... менен артық болғаны ма?
...Осындай әділетсіздікке қаның қалай ғана қайнамайды.
Жантас біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ
үс тінде сыбырлап-сыпсыңдағыш, өзі тақтаға шықканда көрін-
ген ге құлақ түргіш Жантас үлгілі оқушы болғаны да, мен үлгі-
сіз болғаным. Менің сабақ үлгеруім одан көш ілгері екені, екпін-
ділігім ешқандай есеп емес»/4,16/.
Ұзақ та болса келтірілген бұл үзіндіде Қожаның жанайғайы,
бүкіл шығарма барысындағы тартыс пен шиеленістің бастау
көзі көрініс тапқан. Осындай ситуация тудыру арқылы жазушы
тартыстың туу себептерін аша отырып, оның ішкі, сыртқы
негіздерін түсіндіреді. Тартыс пен мінез үйлесімінің нәтижесінде
аталған шығарманың идеясы моральдық насихат түрінде
ашылмайды, барлық жағдайлардың жиынтығынан туындаған
бірден-бір дұрыс және қажет шешім ретінде қабылданады.
Сондай-ақ, эпизодта Жантастың өз қабілет-қарымын өлше-
мей тін түйсіксіздігі, соған қарамай мақтаншақтығы, өзгенің на-
мы сына орынсыз тиіп, кеміте сөйлейтін тілінің қыршаңқылығы
айқындалып, ішкі психологиясы ашылады. Ал Майқанованың
өзі айтқан талап, шартқа қарама-қайшы, ұстаздық қызметке жат
әділетсіз әрекетке аңдаусыз барып, мұғалім мен шәкірт арасында
59
жалғасқан ұзақ сонар қырғиқабақтың бастау алар түп негізінің
тууына себепші болғанын көреміз.
Одан кейінгі уақыттарда да Жантас бейнесі Қожаның ол
туралы ой-толғаныстары арқылы, класс болып Қожаның жеке
мәселесін талқылаған тұстарда да тереңдеп аша түседі. Мысалы,
бүкіл класс оқушылары Қожаны мектептен шығару-шығармау
жөніндегі мәселені талқылағанда, мектептен шығарылуын
жақтап тек Жантас қол көтереді. Жантаспен салыстырғанда Қожа
бойындағы бір артық қасиеті – өз ісіне өзі сын көзбен қарай білуі.
Ет қызумен жасаған бұзақылықтарына, артық іс-әрекеттеріне өзі
артынан ой көзімен қарап, толғанысқа түседі, іштей өкінеді де.
Мәселен, повестің 22 – тарауында Әбдібайдың қазының шуы
мен Майқанованы талдырған бақа оқиғасы сөз болады. Мектеп
директоры Ахметов жайлаудан Миллат апайды шақыртып, Қожа
тәртібі педсоветте қаралмақшы болады. Мектептен құр сүлдері
шыққан Қожаның басына әрқилы ойлар бір кіріп, бір шығады.
«Педсоветте қарағанда, не айтпақшы? О, тәңірім, осы бір
шұрқан-шулығаннан құлағым демалыс алатын, менің де тыныш-
тық табатын күнім бола ма, жоқ па? Осы аурудан жаным қалса,
ендігі аурудың алдымен кетер едім деген екен біреу. Сол айтпақ-
шы, осы жолы бір жайлы болсам, бұдан былай қой аузынан шөп
алмайтын момақан болып жүрер едім-ау!»/4,79/.
Қожа ағат кеткен істеріне шын күйініп, өкінеді. Бірақ тәртіп-
сіздік қылықтарының қай-қайсысының да себебі бар. Мысалы,
«қазды атқан ол емес, Сұлтан. Ал бақаны сумкаға Майқанова
талып жығылсын деп салған жоқ, тіпті оның сондай шошымал
адам екенін кім білсін». Монолог Қожаның осындай істерінің
психологиялық мәнін ашу үшін пайдаланылады. Кейіпкер
ойларында жүйелілік жоқ. Бір ойды бір ой тірсектеп, көп жағдайда
сезім құбылысының тұтастығы саналы түрде сақталмайды. Бұл
– ішкі монолог ерекшеліктерінің бірі. Монолог түріндегі жүйелі
сөзден ішкі монологтың айырмашылығы да осында. Ғалым
М.Атымов: «...ішкі монологта (внутренний монолог) көбінесе,
сөйлеуші адам өзінің ішкі жан дүниесіне тереңдей еніп, өз
психологиясынан хабар береді. Жазушы қаһарманның өзімен-
өзін сөйлестіру арқылы оның өзінен басқа жанға сездіргісі
келмейтін жасырын сырларына дейін оқушыны жетектеп, ертіп
60
апарады»,– дейді. Б.Соқпақбаев кейіпкері де өзімен-өзі сөйлесіп,
өткеніне шолу жасап, әртүрлі ойларға батады... Сөйтіп, барлық
сырын ақтарып салады. Мұндай ішкі монологтар повесте көп
қолданылады.
Автор повестің көптеген тұстарында кейіпкердің хал-ахуалын
көрсету үшін пейзажға да көбірек жүгінеді. Табиғат суреттері
баяндалатын оқиғамен қабысып жатады және кейіпкердің ішкі
дүниесімен тығыз байланыстырылады. Мысалы, повестің
26-тарауында тәртібі үшін мектептен шыға жаздаған Қожа көңіл-
күйі табиғат құбылысымен салыстырылып бейнеленеді. «Астын-
үстіне келтіріп дауыл сапырған көк теңіздің тепкісінде жалғыз
қайықшы қаңғалақ ойнайды. Бірін-бірі тықсырған арқырауық
ақ жал толқындар әлгіні бірде жаңқадай ұшырып, аспанға алып
шығады да, бірде теңіздің шыңырау түбіне тастап жібереді»/4,96/.
Дауыл сапырған көк теңіз, арқырауық ақ жал толқындар
– Қожа басына тап болған әртүрлі оқиғалар көрінісіндей. Ал,
шаттық билеген, шалқыған көңілді суреттеудегі тіл кестесі
мүлдем басқаша. Мысалы, Қожаның адам болу, азамат болу
жолына түсуге шешім қабылдаған повестің соңғы тарауындағы
пейзажға назар аударайықшы:
«Шіркін, бүгінгі кеш қандай әсем еді. Ай жарық. Аспанның
тұп-тұнық жібек шатыры бар жиһазын тағынып, мөлдіреп тұр»
/4,102/. Үзіндідегі эпитеттер, образды сөз тізбектері оқушы қия-
лын тебірентерлік ерекше сезімге баурайды. Повестегі пей заж-
дық көріністер бірде өзінің әсем бояуларымен көңіл шалқыт-
са, енді бірде қоңырқай тартқан суреттерімен немесе ызғарлы
ұсқынымен эсер етеді. Шығарманың 5-тарауында Қожа ның
қиялында басқыншы жаумен жан аямай күресіп, батыр атанып
келетін эпизоды бар. Шайқас басталардың алдындағы ауа райы
былай беріледі: «Көзге түртсе көргісіз тастай қараңғы. Сабалап
жаңбыр кұйып тұр. Жентектелген қою қара бұлт аспан төрінде
дарияша сапырылысады. Күн күркіреп, найзағай шартылдап,
көзді шағып құлақты тұндырады. Күркіреп тасып аққан көкбурыл
тау өзенінің жағасында табиғаттың долы мінезін елең қылмай,
қаруын кезеп ұстап сұсты шекарашы тұр»/4,26/. Мұндағы күрделі
эпитеттер, көздің шағылуы, құлақтың тұнуы, найзағайдың
шартылдауы сияқты сөз тіркестері қаламгердің образды түрде
61
бейнелеу қасиетін танытады. Суреттеліп отырған құбылысты
көзбен көргендей әсер аламыз. Ал, пейзаж қалай суреттелгеніне
назар аударайық.
«Күн райы бүгін бұзылыңқы. Күз болғанын білдіргісі кел-
гендей желдетіп, қабақ түйіп тұр. Талайдан бері мөлдіреген ашық
еді, сірә, жауатын түрі бар. Жасарын жасап болып, үзіліп түскен
бірлі-жарым қуаң сарғыш жапырақтар байқалады көшеде.
Мен тамақтанып отырғанда, тысырлап күн жауа бастады.
Жынды бір құйын есік алдында зыр қағып, ана босағаға бір, мына
босағаға бір соғылды да шаңдатып жіберді»/4,77/.
Суреткердің табиғатты жандандыра адамға тән белгілермен
бейнелеу тәсілінің куәсі боламыз. Жазушы пейзажды адам
келбетіне ұштастыра теңеу арқылы оның әсерлілігін күшейтеді.
А.П.Чехов інісіне жазған хатында: «Табиғат жанды болып табы-
лады, егер сен оны құбылыстарын адам әрекеттерімен салыс-
ты рудан қашпасаң» /5,360/, – деген екен. Соқпақбаев шығар-
маларынан сол талаптың жауабын табамыз.
Повестің 11-тарауында Қожа туған жерге деген махаббатын,
сол алып өлкенің бір пұшпағының табиғатын мақтаныш сезіммен,
сыршыл, әрі ақындық жүрекпен жеткізеді. «О, ата мекенім, қазақ
жері! Сенің шет-шегіңе қиялдан өзге не жетіп үлгереді. Сол алып
өлкенің бір пұшпағын ыстық көзбен, бар адал сезіммен аймалап,
елеусіз бір перзентің мен келе жатырмын. Мынау асқар тау, жасыл
жазық, мөлдір өзен, қалықтаған анау ақша бүлттар, тұнық аспан
осының бәр-бәрін, егер құшағым жетсе, ең қымбат аяулы анамдай
аймалап құшар едім, сүйер едім. Япырмай, неге сонша ыстық
болдың туған жер!». Жеткіншектің жазушы боламын деген үміті
елін, жерін, өлке табиғатын жанындай жақсы көретін осындай
патриоттық сезімдермен ұштасып жатады. Соқпақбаевтың өз
шы ғармаларында пейзажды әртүрлі жолдармен пайдалануы
жа зушының суреткерлік эволюциясын, шеберлік диапазонын
ашады.
Повестегі кейіпкерлердің ішінен Сұлтан образы туралы
ерекше әңгімелеу жөн. Ол – Қожадан ересектеу, оқуды тастап
кеткен, «еркіндікті» аңсаған бала. Бірақ, сол жолда дұрыс бағыт
таба алмай «теріс» жолға түскен. Жеңілдің асты, ауырдың үстімен
жүргенді ұнататын, ұрыншақ, желөкпе. Темекі тартады, өтірік
62
бөсуге де әуес, реті келсе, қымқырма жасаудан да кет әрі емес.
Осындай қылықтарын біле тұра Сұлтанды жағымсыз тұлға дей
алмаймыз. Сұлтанның бойында да жақсылыктың ізі, адамгершілік
қасиеттер жетерлік. Бірақ, ересектер, оқытқан мұғалімдер оның
бойындағы білімге деген ынтасын оята алмайды, оқуға деген
үміт отын тұтандыра алмайды. Бала бойында парасаттылыққа тән
дәстүр мен тәрбиені қалыптастыруға қол жеткізбейді. Сұлтанның
өтірік айтып, ұрлық жасап жеңіл өмірге үйренуі, сөйтіп оның
тура жолдан ауытқығаны оқырманды бейжай қалдырмайды.
Кейіпкерге аянышпен ой тастап, әрекеттеріне өкініш сезіммен
қарайды. Оқырман көңіліне ұялаған осы бір ой-сезімді автор Қожа
ойымен дәл береді. Кейіпкер монологынан Сұлтан характерінің
штрихтары көрінеді. Шығармада Қожаны жағымсыз істерге душар
қылып, абыройсыздыққа ұшырататын Сұлтанның өзі ақжарқын,
батыл да жомарт, өнерлі бала екенінен мағлұмат аламыз. Малды
ауылда өскен Сұлтан, мәселен, ат құлағында ойнау, құрық
тастау деген істерге келгенде алдына жан сала қоймайды. Кең
жайлау, көрікті жазираны мекен еткен әнші құстардың әуендері
де Сұлтанға әсер етпей қалмаған. Үніне қарап кез келген кұсты
дәл ажырататын Сұлтан сол әуезді кұйқылжыта қайта салып,
айналаны ән-күйге толтыруға да құштар-ақ. Ақжарқын, әрі өнерлі
Сұлтан араласатын тұстарды жазушы әрі қуанышты, әрі мұңды
сезіммен жан-жақты кестелейді. Оның барлық болмысы, жүріс-
тұрысы, киген киіміне дейін еріксіз езу тарттырады. «Егер оқуды
тастамасаң, әлгі айтылған мол қылықтарыңнан ада болсаң, сенен
түбінде жаман азамат шықпас еді...», – деп ойлайды Қожа Сұлтан
жайында. Тентек қылықтарымен шығып жүрген Қожаның ойы
қандай нұрлы десеңізші! Оны оқушысына ыстық көрсететін де
– осындай ойлары, жанының тазалығы. Бұл – жазушының бала
жанына терендеп ене білгендігінің белгісі.
Сұлтанның арманы – сері болу. Бірақ ол серіліктің даңқына
ғана қызыққанымен, серілердің шынайы болмысынан хабарсыз.
Олардың ұрлық-қарлықтан бойларын аулақ салатын, тек өнерімен,
сан қырлы талант кұдіретімен ел еркесі атанғандарын білмейді.
Өйткені, Сұлтан білім нәрінен сусындай алмаған. Сері бойынан
табылатын жан-жақтылық, сегіз қырлылық – өнерге, білімге,
рухқа Сұлтекең бас қатырып жатпайды. Әрине, бұған ұстаз
63
алдынан тиянақты дәріс алып, жүйелі білім жинай алмағанның
әсері бар екені сөзсіз. Егер Қожаға жасалған ескертулер Сұлтанға
да жасалса, ол да ағаттықтарынан арыла алатын ақылды бала
көрінеді. Тәрбие, тәртіп жолға қойылған жерде бала жаны таза
болады. Автор кішкентай кейіпкерлерін осы тұрғыдан суреттейді.
Шындап келгенде, Сұлтан ұрлық жасап, ешкімді жәбірлеп жүрген
жоқ. Балалық мінезге орай, не болса соған ұрынып, қызығып
кететін сияқты. Алайда, Сұлтанның да орындалмай қалған
арманы көп. Мұны өзі де іштей сезінеді... Қорыта айтқанда, шы-
ғар мадағы Сұлтан бейнесі де – жан-жақты ашылып, өзінің дара-
лық келбетімен әдебиетімізге сонылық әкелген тұлғалардың бірі.
Ал әдебиетте «қаһарман жаңаланса, сюжет те, композиция
да, тартыс характері де, суреттеу кұралдарының қолданылу
мөлшері де жаңаланбақ. Ал жаңа тип табу деген сөз көптеген
мәселелерге тыңнан келуді қажет етеді. Сөйтіп әдебиет әлеміне
бұрын көз үйренбеген кейіпкерлер шығады. Ол кейіпкерлер
ертеден үйреншікті қаһармандар кескініне ұқсамағандықтан,
кей ретте сын-пікірлердің ала-құлалығына ұшырауы мүмкін.
Бірақ табиғи қажеттіліктен (өзгеге үстірт еліктеу болмай) туған
ондай қаһармандар әдебиеттен өз орнын қалайда алады. Сол
қаһармандар арқылы өмірге, қайшылықтарға тың көзбен қарау
дағдысы туа бастайды».
Сұлтан Қожадан екі-үш жас үлкен болса д а , оның бойында
ересекке тән сезім, мінез қалыптаса қоймаған. Ол Қожаны
ілестіріп елді таңғалдыратын ерліктер жасамақшы болады. Екеуі
балалықпен ұрлық жасап, біреудің қазын атып алып, небір қиян-
кескі бұзақылықтар жасайды. Қожа Сұлтанның басшылығымен
іске асатын осындай әрекеттерге қарсы болғанмен, оған
қалай ілесіп кеткенін аңдамай да қалады. «Бала табиғатына
жарқындылық пен өзгешелікке ұмтылу тән», – деп А.М. Горький
айтқан дай, повесте Сұлтан мен Қожа қызыққа құмар, тың нәрсеге
еліктегіш болып көрінеді.
«Сұлтан кенет:
– Қара көже, қарақшы болғың келе ме?, – деп сұрады.
– Қайтіп?
– Осы араның бір жерінен көрінбестей етіп күрке жасап
аламыз. Балықты мол етіп кептіріп жайып тастаймыз. Кейде
64
мүмкін, жолға шығып, кісі тонаймыз. Бұрынғы қарақшылар
қайтіп өмір сүрсе, біз де сөйтеміз.
– Мен оқуды қайтем?
– Оқуыңды оқи бер. Біз күндіз емес, түнде қарақшылық
істейміз» /4,67/.
Қаламгердің бала табиғатына тән қасиеттерді жіті аңғарып,
Қожа мен Сұлтан характерін аша түскенін байқаймыз. Әңгіме
шығарма оқиғасының өрістей түсуін көрсетіп, кейіпкерлердің
қарақшылық өмірінің басталуын көрсетеді. Диалог түрінде
қолданылған кейіпкерлер сөзінің шығарма оқиғасының өріс
алуына ықпал етіп, образ сомдауда көп көмегі бары жан-жақты
танылып, нәтижесінде диалогтың шеберлік сырларының нақты
бір көрінісі екендігі айқын аңғарылады. Оның туындыларына
тән шынайылық, ойнақы күлкі, мазмұн қоюлығы, мінез-құлық-
ты тайға таңба басқандай ашатын зергерлік – диалогты ұтымды
қолдануынан деп айтуға толық негіз бар. Бұл пікірге шығар-
ма ларындағы өзіндік ерекшеліктерімен өрнектелген кейіпкер
сөзінің мысалдары дәлел бола алады.
«Диалог құрылымы мен қызметі әр қаламгердің белгілі бір
шығармасында қойған профессионалдық мақсаттарына орай,
жеке, жалпы стильдік заңдылықтар ескеріле тұрып, түрлі қыры-
нан тың қасиеттермен өзгере толысатыны күмәнсіз», – деп про-
фессор Б.Майтановтың атап көрсеткеніндей, Б.Соқпақбаев диа-
лог тары да түрлі мақсаттарға пайдаланылады.
Жазушының повестегі мына бір диалогты беру тәсіліне мән
берейік. Шығармадағы Сұлтан мен Қожаның кішкене Дәулетті
алдап, Жұмағұл қойшының қымызын ішіп кететін сәті оқырман
есінде болар.
«– Ей, атың кім сенің?, – деп сұрады Сұлтан.
– Дәулет.
– Атың әдемі екен. Дәулет деген тамаша ат. Менің ағайымның
аты да Дәулет.
Ағасы түгіл Сұлтанның сайтаны да жоқ еді. Өтірігімді шы-
ғарма деп, менің санымды тағы шымшып қойды да, сөйлей берді.
– Дәулеті мол, дастарханы бай, кең болсын деп қойған ғой.
Ей, Дәулет, біз асығып отырмыз. Сен бізге бір-бір кеседен қымыз
бер.
65
– Апам ұрсады. Оны ауылға беріп жібереміз деген.
– Нені?
– Жүктің астындағы қымызды.
– Жұмекең өзі айтты ғой, бір-бір кесе құйып ішіңдер деп.
Әкел, кесе әкелші.
– Апам ұрсады...
– Ұрыспайды біз саған ақша төлейміз» /4,38/.
Үзіндіде диалог шығарма оқиғасының өрістей түсуін көрсе-
тіп, сюжеттік композициялық қызмет атқарып тұр.
Екіншіден, кейіпкер репликаларынан олардың ой-өрісімен
таныс боламыз. Балалардың сөйлеу мәнерінде, мінез-құлқында
ешқандай жасандылық жоқ, жеңіл тілмен нанымды бейнеленген.
Сұлтанның өтірікшілігіне куә бола отырып, секпіл бет Дәулеттің
аңқаулығына аяушылық білдіреміз.
Шығармадағы Қожаның әжесі, Миллат, Сәйбек қарт, Қаратай,
Сұлтан, Ахметов, Майқанова образдары қоғамымыздағы күнде-
лікті адамдардың типтік қасиетін танытады. Балғын баласының
ыстық-суығына күйіп жүрген, еңбекқор шеше Миллат, айналаға
адал көзқараспен қарап, есейіп келе жатқан жеткіншегінің нәзік
жанын онша түсіне бермейтін Майқанова сияқты тәжірибесіз ұстаз,
сабырлы да білікті мұғалім Ахметов, Қожаның майданда қайтыс
болған әкесі жайлы әсерлі әңгіме айтып, бала дүниетанымының
өзгеруіне әсер етуге тырысатын Сәйбек қарт, т.б.кейіпкерлер –
балалар ортасында өз характерлерімен жүрген жандар. Повестегі
ересектер образы арқылы жан дүниесін түсінуге шорқақтық
немесе бала терең үңілуге көңіл қоймаушылық көріністері көз
алдымызға келтіріледі. Бұл тұрғыда қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Майқанованың бейнесін алуға болады.
С.Майқановада бала жан дүниесіне терең бойлай алмайтын
қасиет, бала тәрбиесіне жан-жақты ой көзімен қарап байыптау
калыптаспағандық, әлі де тәжірибесіздік айқын аңғарылады.
Ол Қожаның бойындағы дарындылық қасиетті, көкірек көзінде
жанып тұрған от сәулесін көре алмағандықтан, баламен тіл
табыса алмай әбігерге түседі. Оған қоса Қожаның күн сайын өсіп,
есейіп келе жатқанын да ескермейді. Қожаның тентектік істерінің
себеп салдарын іздеуге мән бермейді. Бала тәртібін түзеу үшін
де онымен сырласу қажеттігін Майқанова ескере бермейді, класс
66
жетекшісі бола тұра ондай талпыныстарға бара қоймайды. Ұстаз
ретінде ой бөліспейді. Терең ойланбай асығыс шешім жасауға
ұрынып жатады. Ал, мұның өзі Қожа мен Майқанова арасында
қақтығыстың пайда болуына әкеп соғады. Баланың характері осы
тұста түрлі сипатта көрінеді.
Кейін Майқанованың педсоветте өзін қолдағанын білген
Қожаның ұстазына деген пікірі өзгеріп, ынтасы артып сала
береді. «Мамамның Майқанова жөнінде айтқандары маған ой
салды. Шынында да оның менімен өш боларлықтай алты аласы,
бес бересі бар ма? Шырылдаса, ұрысса, бізді адам болсын, жаман
жолға түсіп кетпесін дейтін шығар. Иә, мамам айтпақшы біз бала
деген ақымақ халықпыз, шолақ ойлаймыз.
Мен Майқанованың жетім өскендігін білмеуші едім. Енді
оған бір түрлі аяныш көзбен қарай бастағандаймын. Бәсе, денесі
де сондай нәзік, киімі де жұпыны, қыстан бүрсеңдеп, жұқа
пальтомен шықты. Оқу бітіргеніне бір ғана жыл болған, қайтсін
енді. Сонымен тақасып, әй, Қара Қожа, ақымақсың, шикісің әлі.
Қарбызыңның ішінде судан басқа дәнеңе жоқ.
Менің Майқанова жөніндегі пікірімнің оңы-сол, солы-оң
болып өзгере бастады» /4,94/. Жазушы Қожаның балалық пен
істеген түрлі қылықтарын, тентектікпен жасаған жағым сыз әре-
кеттерін Майқанованың мұғалімдік қызметтегі тәжірибе сізді-
гімен сабақтастыра өрбітеді де, оқиға барысын ширықтыра
дамыта келіп кульминациялық дәрежеде көрінетін шығармадағы
идеялық мақсат пен авторлық түйінге тіреледі. Ол – бала тәрбие-
сінің күрделілігі. Бала дүниесіне терең үңілмей, оған ата-ана,
мектеп ұжымы атсалыспай, мінез-құлқына біржақты ғана баға
беріп қоймай, ол жасаған түрлі қиғаш істердің түп-тамырын
зерделеп білмей, бала тәрбиесі бағытындағы мақсат өз нәтижесін
бермейтіндігі жөніндегі авторлық түйін соңғы педсоветте
Қожаның болашағы туралы арнайы талқылау өткізілуімен тұжы-
рым далады. Қожа бойындағы парасаттылық, оқуға деген құш-
тарлық, т.б. қасиеттердің молдығын ұстаздар ұжымының дұрыс
түсініп, оны мектептен шығармау туралы шешім қабылдауы –
соның айғағы.
Есейіп келе жатқан Қожаны дұрыс жолға бағыттай білу –
ұстаздар қауымы, сондай-ақ оның анасы мен әжесінің міндеті
67
екені аян. Алайда, бұл міндет өз дәрежесінде атқарылмай жатады.
Немересіне деген жүрек мейірімі елжіреп тұрғанмен қарт әже
Қожаға уақыт талабына сай бағыт-бағдар беруге дәрменсіз. Оның
айтқан тәрбиелік сөздері Қожа үшін құрғақ ақыл, жаттанды сөз
түрінде ғана әсер етуден аспайды. Ал, анасы қысы-жазы колхоз
тіршілігінен шыға алмайды. Жесірліктің ауыр салмағын арқалап,
жанбағыс қамында жүрген ол жалғыз ұлды күнделікті бақылап
тәрбие беруге мұршасы жоқ. Жалғыз басты анаға әкесіз өскен
баланы тәрбиелеудің оңай емес екені тағы белгілі. Қожа мен
анасының тағдырынан отбасы үшін төрт құбыланың түгелдігінен
артық қажеттілік жоқтығын түсінуге болады. Әсіресе, бала үшін
ол қажеттілік – есейгенге дейін әке мен шешенің мейірім шуағы
мен аялы алақанының бірдей керекті.
Сонымен қатар сөз етіп отырған кейіпкерлер ұлттық
ерекшелігімізді де танытады. «Ал ұлттық ерекшелік бәрінен
бұрын мінезге тәуелді. Өйткені ұлттық мінез көркемөнердің
ұлттық атының айқындаушысы қызметін атқарады»/6,535/. Осы
ретте мына үзіндідегі:
«– Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр.
Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Сенің тентектігінді
менен басқа ешкім де көтермейді. Әйтеуір саған айтар ақылым,
тыныш жүр, балам, тыныш жүр»/4,28/, – деген Қожа әжесінің
сөздері қандай табиғи. Жұрт немересінің тәртіпсіздігін айтып,
шулап жатса, қарт ана: «Менің Қожашым, тірі болса, ешкімнен
кем болмайды. Өсе келе өзі-түзеліп кетеді. Сабырбек нағашысына
тартқан», – деп немересін қорғай бастайды. Жалпы шығармада
Қожа әжесінің характері тура төл сөздер арқылы қызықты
ашылады.
«– Бұзақы боп ол не істепті. Ел тонап, кісі өлтіріп пе? – деді
әжем.
– Біреудің қазын ұрлап сойып жеу – ел тонаған емес пе екен.
Сабақ үстінде мұғалімді шошытып талдырып жыққан адам тұра
бара кісі өлтіруден де тайынбас.
– Бақа әкел деген өздері көрінеді ғой. Бір Қожа емес, осындағы
өзге балалар да мұғалім әкел деді, соямыз деп, көлшікте бақа
ұстап алып жүрген. Енді соның бәріне баяғы аты шулы Қожа
кінәлі.
68
– Сонда әкелген бақаны оған мұғалімнің сумкасына салып
қой деп пе?
– Әдейі салды деймісің, тарбаңдаған неме өзі кіріп кетті
де...»/4,84/.
Автор кейіпкердің сөйлеу мәнерін ұтымды берген. Немересіне
жақсы тілек тілегеннен басқаны білмейтін мейірімді әженің
келбетін қаламгер нәзік юмормен көз алдыңа елестетеді. Жалпы,
ойнақы юмор жазушының барлық туындыларында желі тартып
жатыр. Ол қилы-қилы характерлерді жасауда, олардың сөйлеген
сөзін, мінез-құлқын суреттеуде юморды бірін-бірі қайталамастай
қиыстырады.
Диалог және хабарламалық сипатқа ие. Анасы мен әжесінің
сұхбаты Қожа басынан өткен оқиғалардан мағлұмат бере отырып,
оның әлі әдеп, ұят деген қасиеттерді бойына сіңіре қоймағанын
байқатады. Повесте Қожа мен әжесінің диалогтары да әдемі
көрініс тапқан. Олардың сөздерінен Кожаның тентектігімен
қатар, ерке еркіндеу мінезі сезіледі. Ол алтын әжесіне еркелей
түсіп, сөйлете түсуге бейім. Бұлары жарасымды да.
Бердібек Соқпақбаев – қазақ әдебиетіне қызық мінезді
кейіпкерлер әкелген, сол арқылы кейіпкер жайлы өзіндік
концепциясын қалыптастырған суреткер. Жазушы сомдаған
образдардың қай-қайсысы да өмірде бар, өзіңіз сан мәрте көрген,
істеген ісі мен сөйлеген сөзіне дейін өзіңіз жақсы білетін адамдар
тәрізді. Өйткені, Б.Соқпақбаев үлкен суреткер, шеберліктің
шыңына шыққан жазушы. Ол жасаған образдардың шыншыл
болатыны да осыдан.
Ал осы шыншыл, «реалистік образ – әдебиеттегі адам
бейне сінің сымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылығы да,
шынайылығы да шыншылдығында: «бұл кәдімгі өмірде болған,
бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын-
соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын
тип» екені белгілі.
Сонымен бірге Бердібек Соқпақбаев басқа қаламгерлер секілді
кейіпкерді сырттан іздеп әуре болмайды, «өз қоржынынан» оп-
оңай тауып ала қояды. Сөйтіп, геройлары ойдан қиыстырылмай,
жазушының өзімен қатар жүрген адамдар болып келеді.
Мұның өзі шығарманың шынайылығымен қатар, оқиғалардың
69
тарихилығының нақты дәлелі бола алады. Сонымен қатар
шығармада сомдалған характерлердің барлығы олардың өмірдегі
көшірмесі емес, автордың концепциясының, дүниетанымының
көрінісі болып табылады.
Т.Қаупынбайұлы «Бердібек биігі» атты мақаласында жазушы
шығармаларындағы біраз кейіпкерлермен таныстығын тілге тиек
етеді. Үзінді келтіре кетейік.
«Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаның прототипі
Қожаберген Айтбаев бізге тарих пәнінен сабақ берді. Ал «Балалық
шаққа саяхатта» әңгімеленетін Қанттың қолынан өзім де дәм
таттым. Сол сияқты осы повестегі тағдыры қиын Күміс қайтыс
болғанда оның қабіріне бүкіл ауыл болып топырақ салғанымыз
есімізде,»- дейді жазушы/7/. Бұдан біз Соқпақбаев бейнелеген
образдардың арқау бейнесі – прототиптері барын көреміз. Осы
орайда суреткер көркем образ жасауда прототипті көшірді ме,
әлде көркейтіп бейнеледі ме? – деген сауал туындайды. Бұл
сауалды Б.Соқпақбаев оқушы хаттарынан да, өмірдегі кездесу,
жолығысуларда да жиі естіген. Айталық, «Менің атым Қожадағы»
Қожа кім? Өмірде болған ба? Бұл кітап нақтылы біреу туралы,
соның іс-қылығы туралы жазылған ба? – деген тәрізді сұрақтар
оқырман қауым тарапынан әр кезде қойылған. Бұған автор былай
деп жауап береді: «...Мен оқыған Нарынқол орта мектебінде
Қожа атты баланың болғаны рас. Біз оны қара Қожа дейтінбіз.
Бірақ жуас болатын.
Егер шынымды айтсам, мінез-қылық жағынан Қожа өзге
емес, менің өзіме ұқсаңқырайды. Жасымда қой аузынан шөп
алмас момын едім деп, мен, сірә, айта алмасам керек... Ал,
бірақ Қожаның басынан кешкенінің бәрі дәл сол күйінде менің
басымнан кешкен екен деп ұғылмағаны дұрыс. Жазушылық қиял
ақсақты тыңдай, өтірікті шындай етіп баяндай білсе, ол айып
емес. Сұлтан, Жанар, Жантастар әлгіндей жиынтық образдар.
Бірақ солардың қай-қайсысы туралы жазғанда да автор өзі жақсы
білетін біреулерді көзіне елестетіп отыруы әбден мүмкін»/8/.
Бұдан жазушы Б.Соқпақбаевтың өмірлік материалды, оның ішінде
прототиптерді өмірдің өзінен алғанымен, оны терең зерттеп,
жан-жақты түлғалап алатынына көз жеткіземіз. Түптұлғалар
типтендіріліп, өсіп, өркендеп көркем образ деңгейіне көтерілген.
70
Повестегі Қожа есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға
«жаман, қиын бала» болып көрініп, кейін мүлде өзгеріп,
жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой.
Жазушының шығарма жазардағы басты мақсат-мұраты да осы –
жақсылыққа тәрбиелеу, бала жанының түкпіріне үңіле білу болса
керек. Қаламгер бала психологиясын ескере отырып, қандай
оқиға, кұбылысты суреттесе де, бала көзімен көріп, баяндай білді.
Біздің көптеген балалар жазушыларының шығармаларында
баланың өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасын, әртүрлі оқиға,
құбылыстарға қарап түйген ойларын түсіну жетіспей жатады.
Содан да көптеген кейіпкерлер ойы мен бойы кіші болса да,
үлкендерше алшаң басып, үлкендерше ақылгөйсіп сөйлейді. Ал
жас оқырмандардың мұндай шығармаларды қабылдауы қиынға
түседі. Сезімтал, сенгіш бала халқы жаңағындай кейіпкерлерді
өз ортасынан таба алмайды. Соқпақбаев әдебиетіміздегі осы
олқылықтың орнын толтырып жас ұрпақтың іс-әрекетін, мінезін
қызық штрихтар мен детальдар арқылы көрсете білді.
Жас жеткіншектің шалдуар мінезіне құрылған повестің
өзіндік көтерген проблемасы да бар. Қожаның тентектігі белгілі
бір логикадан туындайды. Болашақта ақын-жазушы болуды
армандайтын Қожаның бойына жағымсыз мінез, ұнамсыз қылық
қайдан келді?! «Тәртіпсіздігінің себебі неде? Оның аты шулы іс-
әрекеттеріне кінәлі оспадар Сұлтан ғана ма? Әлде немересінің
бетінен қақпайтын қарт әжесі ме? Жоқ. Әлі де баланың нәзік жанын
түсіне бермейтін тәжірибесіз педагог Сәбира Майқанованың
пионер лагеріне Қожадан үлгерімі төмен Жантасқа жолдама беруі
де әсер етті ғой. Ұстаздың шәкіртті дұрыс бағаламауының да бала
тәрбиесіне тигізетін әсері мол екен. Дер кезінде дұрыс бағыт
бере білген болса, Сұлтан да теріс жолға түспес пе еді!? Сөзіміз
дәлелді болу үшін тағы да шығармаға жүгінейік.
«Сенің үлкейгенде қандай адам болатыныңда ешкімнің
шаруасы жоқ. Екінің бірі саған ақыл айтып, үстемдік жүргізбекші
болады. Ақ, қараңды айырып, жаныңның түкпірінде не бар, не
жоғына үңілмейді.
Қожа тәртіпсіз!
Қожа оңбаған!
Осылайша шу көтеріп, даңғазалап алып кеп жөнеледі»/4,15/.
71
Бала жанын түсінуге, сезінуге жетелейтін жазушылық
шебер лік, стильдік өрнек осы болса керек. Бұл орайда бала
пси хо логиясын дөп басып, дәл жеткізуге оңтайлы жол ретінде
жазу шының шығарма оқиғасын бірінші жақтан баяндатып,
лирикалық кейіпкердің аузымен айтқызып, соның ойымен
өрбітетін тапқырлығында жатыр. Талантты жазушының таңдаулы
шығармалары бас қаһарман атынан бірінші жақта баяндалып
отырады. Басты кейіпкер арқылы баяндау жазушы үшін жеке
адамның ой-өрісінің, санасының дамуын толық бейнелеу үшін
қажет және «мұндай түр кейіпкер немесе әңгімешінің қоршаған
орта туралы субъективтендірілген қабылдауын елестетеді де,
шығармадағы барлық компоненттерді олардағы жекелік көңіл-
күй бастауларымен қоса құрамына алатын ұлғайтылған ішкі
монолог формасына енетін сияқтанады»/9.90/.
«Психологизм тұрғысынан қарағанда бірінші жақтан баян-
даудың 2 түрлі кемшілігі бар. Біріншіден, көптеген кейіпкер-
лердің ішкі әлемін тереңдетіп көрсету мүмкін еместігі, екіншіден,
психологиялық бейнелеудің бір сарындылығы.
Бірінші жақтан баяндаудың артықшылықтары да бар:
біріншіден, тек адамның ішкі әлеміне көңіл аудару, екіншіден,
адамды өзінен артық кім біледі»/10/.
Ал, Б.Соқпақбаев болса, геройларының жанына үңіле білді.
Оның шығармашылығына тән ерекшелік – кейіпкерлерінің ішкі
әлеміне бойлай ену, сол әлемдегі сан-қилы сезімдердің шар-
пысуын, солардың қайғы-қасіретін, қуаныштарын қаһарман-
дардың өз сөздерімен дәл көрсете білуі.
Үлкендерге, оның ішінде Майқановаға көңілі толмайтын
ой-сезімін білдіретін жоғарыдағы келтірілген мысал-үзіндіде
екінің бірі аңғара бермейтін бала психологиясына қатысты терең
астарлы ой жатқанын пайымдауға болады. Бас кейіпкер Қожа
аузымен айтылатын сөздер, Қожа ойымен пайымдалатын түрлі
жағдайлар – бала тәрбиесіне көңіл бөлуге тиіс үлкендердің өзін
ойландырарлық түйіндер. Мысалы бір үзіндіні алайық:
«Осы үлкендер деген қызық халық. Бір менің әжем емес,
қай-қайсысы да балаларға өсиет айтқыш, жөн сілтегіш, ақылгөй
келеді... Ал енді өздеріне қараңдаршы. Не қилы жаман мінез,
жөнсіздік осы үлкендердің арасынан шықпай ма?»/4,28/. Бір
72
қарағанда үлкендердің балаларға ақыл айтып, жөн сілтеуі заңды
да. Алайда, сол үлкендер өздері айтқан ақыл, өсиеттеріне қарама-
қарсы іс-әрекеттер істеп жатса ше? Қожаның ойы, пайымы арқылы
автор бала мінезінің дұрыс қалыптасуы мен жаман іс-әрекетке
бармауының негізі үлкендердің бала табиғатымен есептесіп
отыруында жататынын меңзейді. Яғни, жас өркеннің теріс жолға
түсуінің бір ұшығы бала психологиясын сезіне алмауда, олардың
ой-мақсатын, арман-қиялын түсіне отырып бағыт бермеуде екенін
аңғартады.
Балалар – байыпты халық. Бүгінде олардың білмейтіні аз...
Талғамы биік Белинскийдің бір сөзі дәл бүгін айтылғандай: «...
Балалар жазушысы болып қалыптасу қиын, арнайы туылу керек.
Мұның өзі бір қабілеттілік болады... Мұнда талант қана емес,
сонымен бірге өз алдына даналық та керек». Балалар әдебиетіне
таланттылар мен табандылар ғана тұрақтайтыны содан шығар...
Повесте соғыстан соңғы жылдардағы қазақ ауылының
қоңырқай – тіршілігі мен сұрқай суреттерін ашық көрсетіледі,
суреткерлік шеберлікпен бейнеленеді. Шығармада трагедиялық
сипат та көрініс тапқан. Алайда, ол жеке бастық тұрғыда емес,
елдік тұрғыда алынып, жеке адамдардың басындағы қайғы сол
ел басына түскен қайғының бөлшектері, тармақтары ретінде
арна тартады. Алапат соғыстан кейінгі жесірлік пен жетімдік
зардаптарынан туындап жатқан түрлі оқиғалар, көк өрім жастың
асқақ арманы аяққа тапталып, онсыз да көнілі жарым жас өркенді
өзге бір жолға түсіп кету мүмкіндігін автор Қожа бейнесі арқылы
көркемдігі биік шеберлікпен бере білген.
Жазушының замандасы Т.Ахтанов повесті: «қазақ әдебиетінің
зор табысы, мәдениетімізден мәңгі орын алатын бітімі бөлек,
оқшау шығарма»/11/, – деп бағалады. Шығарманың шын мәнінде
көркем болуы, көптеген зандылықтарга байланысты. Бұл ұғымға
таңдап алған тақырыптан, талғап алған оқиғадан бастап, сюжет
құру, композиция жасау, характердің ашылуы сияқты көптеген
жайлар қосылады.
«Менің атым Қожаның» көркемдік ерекшелігіне тоқталғанда,
алдымен назар аударатынымыз құрылымының тосындығы,
өзгешелігі. Көркем шығарма құрылымы сөз болғанда, әңгіме
сюжет пен композиция туралы өрбитіні белгілі. «Дүниеге келген
73
әрбір туындының көркемдігі мен құндылығы осы екеуінің бірлігі
арқылы анықталады». Егер «сюжетке де композиция тән болса»,
іс-әрекет ізімен шығарма құрылысының жасалатыны да анық.
«Менің атым Қожа» повесінде оқиғалар жүйесі мектеп
оқушысы Қожа Қадыров төңірегінде өрбитініне тоқталып кеттік.
Жазушы шығарма сюжетін балалар өмірінен алынған қызықты,
шым-шытырық оқиғаға құрып, балалық кезеңнің алаңсыз,
думанға толы сәттерін шынайы қалпында суреттейді. Шығармада
оның іс-әрекеті, мінез-құлқының қалыптасуы, арман-тілегі,
басқалармен қарым-қатынасы суреттеледі.
Сюжет құрылысының өзегіне қуат құятын тартыс екені белгілі.
«Сондықтан әрқилы адамдардың байланысын және әртүрлі
идеялық, әлеуметтік бағыт, бағдар ұстанған топтар, таптардың ара
қатынасын, қарама-қарсылығын бейнелеуде тартыстың атқаратын
ролі зор». Ал, «Менің атым Қожа» повесінің ең бір ұтымды жағы
– автордың шығарма желісін, оның «жанды өзегі» – тартысты
әсерлі, ұтымды құрылуынан деп айтуға болады. Шығармадағы
өткір конфликт кітаптың алғашқы бетінен-ақ басталып, соңғы
бетіне дейін жалғасып, бірте-бірте өсіп, дамып отырады.
Повесть әрқайсысына тақырып қойылған, нанымды әсерлі
оқиғаларға құрылған 27 тараудан тұрады. Бірін-бірі қайтала май-
тын қысқа-қысқа жазылған әр тарау өз алдына бір оқиға бол-
ған дықтан, оқушысын жалықтырмай қызықтыра баурай береді.
Ықшам түйілген шығарманың композициялық құрылымы өз уа-
қыты үшін ғана емес, қазіргі өлшем таразысы үшін де аса қы-
зықты, қиыннан қиыстырылған суреткер шеберлігін алға тартады.
Повесте оқиға дамуының логикалық байланысы берік сақталған.
Соқпақбаевтың балаларға арналған повестерінің бәріне дер-
лік осылай тақырып қойып жазуының да өзіндік себептері бар
тәрізді. Біздің ойымызша оның ең басты себептері: біріншіден,
оқиғаның балаларға түсінікті, әрі жеңіл болуын көздегендіктен;
екіншіден, әрбір бөлімдегі оқиға желісіне байланысты кажетті
түйінін тауып, оған тақырып қоя білуге үйретуден; үшіншіден,
тақырыптардың барлығы дерлік баланы күн ілгері алдағы болатын
оқиғаларға қызықтыру мақсатынан туындайды. Мұның және бір
ұтымды жағы оқиғаны – есте берік сақтауға септігін тигізеді.
Өйткені, тақырыпты еске алғанда ондағы оқиға желісі неге
74
байланысты туғаны белгілі болып тұрады. Шығармадағы басты
кейіпкерлердің есте сақталуы да әр тараудағы оқиға мазмұнына
қойылған тақырыптардың ұтымдылығына байланысты. Осының
бәрі де жазушының балалар тақырыбына жазу үшін, ең алдымен,
қалай жазу керектігін ойластырып алғанын байқатады. Балаларды
қызықтыратын шеберлік осындай ерекшеліктерден көрінеді.
Мәселен, повестің «Кітаптағы ең бір қайғылы тарау болар
деймін» деп аталатын жиырма үшінші тарауын оқымас бұрын-ақ,
балалардың ойына ең алдымен «ол неге қайғылы болды екен?»
деген сұрақ оралады да, бірден-ақ шығармадан сол сұрақтың
жауабын іздестіруге тырысады. Өзін қызықтырған осындай
сұрақтың шешуін шығармадан табуға талаптану – оның барлық
жай-жапсарын білуге жұмылдырып отырады. Алдына осындай
мақсат қоя оқыған бала повестің бірінші тарауынан бастап,
оның ең ақырғы тарауына жеткенге дейін біріне-бірі ұштасып,
оқиғадан оқиға туып отырған мол қызыққа шомып кеткенін өзі
де байқамайды. Бұл жазушының шеберлігін танытады.
Сонымен қатар, бұл шығарманың жазылу әдісі, батыс әде-
бие тіндегі романның әрбір тарауына айдар ретінде көне қағи-
да лардан үзінді беріп, оқушы үмітіне үкі тағып жетектейтін
тәсілді еріксіз еске түсіреді. Мәселен, В.Скоттың «Айвенгосын»
қараңыз. Немесе Ж.Верннің «Дәрігер Окстың тәжірибесіндегі»
әрбір тараудың басындағы мазмұнның қысқаша баяндалып кету
нұсқасы өз дәрежесінде шығарманы өте ұтымды және қызғы-
лықты етіп көрсеткені анық. Бұл да «Менің атым Қожаның»
жазылу нұсқасына өз әсерін тигізгені байқалады. Осы орайда
жазушының «Сіз қалай жазасыз?» деген оқырмандар сауалына
жауап ретінде жазылған «Мыңнан біреу» мақаласынан үзінді
келтіре кетейік.
«...Дүниежүзілік әдебиеттің анау көрінген асқаралы шыңда-
рына көз тастай отырып, өзім туралы, өзімнің творчестволық
лабораториям дейтіндерім туралы сөз қозғаудан кәдімгідей
жүрек сінем. Диккенс, Шекспир, Абай, М.Твен, Толстой, Горький,
Гогольдар тұрғанда... Нағыз әдебиет дейтіннің не екенін мен де
әлгі аталған алыптарды оқып білгенмін. Шамамның келгенінше
солардан үйренуге тырысқанмын. Менің кейбір жұртшылыққа
азды-көпті танымал болған шығармаларымда өзім табысып, өзім
75
аса сүйіп оқыған алыптардың әсер-ықпалы жіті көзді оқушыға
сезіліп, байқалып та тұрады ғой деп ойлаймын».
Жазушының өзі көрсеткеніндей «Менің атым Қожа» мен
М.Твеннің «Том Сойерін» салыстырып қарай бастасақ, тараулардың
қысқалығы, оқырманды баурап алатын тартымдылығы, автордың
айтайын деген ойын тым ауырлатпай, жеңіл елгезек тілмен
алып кетуі сияқты ұқсастықтарды табуға болады. М.Твеннің
Том Сойері мен Геккельбери Фин атты кейіпкерлерінің бойынан
Сұлтан мен Қожаға тән мінездерді кездестіруге болады. Мәселен,
жоғарыда айтып кеткендей Сұлтан мен Қожа кішкене Дәулетті
алдап қымызын ішіп кетсе, Том Сойер үй алдындағы қақпаны
басқа біреуге бояттырып, сол үшін ақша да ала біледі. Қожа
мен Сұлтан қалың тоғайда қол алысып, шынашақ ілмелестіріп,
қызыл ошақ сызып, қарақшылардай өмір сүруге серттессе,
М.Твен кейіпкерлерінің де осындай әрекетке баратыны белгілі.
Осы орайда Б.Соқпақбаев кейіпкерлерінің де бойларындағы бар
ұлттық мінез, ұлттық болмысымен-ақ М.Твен шығармасындағы
көркем бейнелерден бірде-бір кем түспейтіні, мінез-құлқы, ойлау
өресі, іс-әрекеті жағынан шын өмірдің көрінісіндей нанымды
жасалуы жазушы шеберлігін байқататын фактор деп ойлаймыз.
Қысқасы, жазушының шынайы өмірден алынған қызықты
хикаялары жоғарыдағыдай өмірі өлмес нұсқалармен әбзелденген.
Алайда, бұл еліктеу дәрежесінде қалып қоймаған, қазақ топы-
рағының шындығынан барып туындаған талантты шығарма.
«Осындай шығарма қазақ балаларына да керек» деген мақсаттан
барып туындаған дүние болса керек. Қаламгер стилін М.Твен,
Ж.Верн. Ч.Диккенс, т.б. тәрізді әлем әдебиетінің көрнекті
өкілдерінің стильдік шеберліктерімен салыстыра қарауға болады.
Өйткені аталған жазушылардың барлығы да балалар тақырыбына
қалам тартқаны белгілі. Б.Соқпақбаевты дүниежүзілік әдебиеттегі
алыптардың қатарына коюға болады. Суреткер шығармасы
көркем сомдалуы жағынан жоғарыдағы айтылған әлем әдебиеті
үлгілерінен бірде-бір түспейтін көркемдік биік талаптарға
жауап бере алған деп батыл айтамыз. Яғни қазақ әдебиеті үшін
қайталанбас өнер туындысы, әлем әдебиетінің алтын қазынасына
қосылған зор үлес дей аламыз.
«Композиция құрамына сюжеттің кезеңдері ғана емес,
76
сюжеттен тыс нәрселер де кіретіні белгілі. Солардың бірі – пролог
– көркем шығармаға кіріспелердің бір түрі» екенін ескерсек,
повестегі «Кіріспе орнына» деген тарау пролог іспетті. «Оллаһи,
мақтанғаным емес, достарым, шындықты айтып отырмын-әттең
жазушы болсам деген арман менің көкейіме ерте ұялады. Үшінші
-төртінші класта оқып жүргеннің өзінде-ақ ақындық даңқым
мектептен асып, бүкіл ауданға жайылды...»/4,5/. Бұл – кейіпкер
Қожаның сөзі. Повестің кіріспесі дәл осылай басталады. Өз арман-
тілегі туралы аздап сыр ашқан автор «Өтірік ештеңе қоспаймын»
деп уәде береді. Уәдесін орындайды да. «Кіріспе орнына» деген
тараудың басты міндетінің өзі – шығарманың нанымды шығуына
қызмет ету болса керек.
Шығармадағы оқиғалар бас кейіпкер атынан, яғни бірінші
жақтан баяндалатынына жоғарыда тоқталып кеттік. Жазушының
өз сөзімен айтсақ, бұл тәсіл «...өмір құбылыстарын, жақсы мен
жаманды, ақ пен қараны бала көзімен көру, бала түйсігімен
түйіндеуден туындайды».
Бұл айтқандарымыз – повестің бірден көзге түсетін компо-
зициялық ерекшелігі. Бұл ерекшеліктер жазушының кейіннен
жарық көрген туындысы «Балалық шаққа саяхат» повесінде де
өз көрінісін тапқан.
Әдебиеттану ғылымында Аристотельдің «Поэтикасынан»
бастап, сюжет туралы әртүрлі теориялық ой-толғамдар айтылып
келе жатқаны белгілі. Көркем шығарманың сюжеті туралы
белгілі зерттеуші В.Томашевский: «шығармадағы оқиғалардың
көркемдік тұрғысынан реттеп құрылуы – сюжет деп аталады»
десе /12/, сыншы-ғалым Р.Нұрғалиев: «сюжет шығарма ауқымын-
дағы адамдардың қарым-қатынасы, психология көрінісі, харак-
терлердің шарпысуы, тұтас шеңбер», – деп атап көрсетеді /13,170/.
Оқиға өз бетімен сюжет тудыра алмайтынын, ол қашанда
характер арқылы ғана көркем шығарма желісіне айналатынын
ескерсек, шығармадағы сюжеттік желі характер табиғатынан
туындап жатады. Шығармадағы орнын тапқан характер өз
ырқымен табиғатына лайық әрекет етеді, сюжетті өрістетеді
делінеді. Қожа мінез-құлқы бұған толық дәлел. Жазушы
шығармадағы барлық оқиғаларды Қожа төңірегіне топтастырады
да, оның адам болу, азамат болу жолына түскенін көрсетеді.
77
«Оқиға желісі болған соң, тартыс болған соң бастауы, өрістеп,
шиеленісіп, ширығатын кезі, аяқталуы болатыны түсінікті».
Алдымен сюжеттің басталуына тоқталайық. «Сюжеттің
басталуы оның кіріспесі іспетті: мұнда әдеби қаһармандар
өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдай, тіршілік,
қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны
суреттеледі». Осы тұрғыдан қарағанда «Менің атым Қожада» 1 –
тарау түгелімен экспозиция. Бұл тарауда оқушы шығарманың бас
кейіпкері Қожамен таныс болады. Кейіпкер бірден сыр сандығын
аша келеді. Ештеңесін ірікпейді, қысылып-қымтырылмай ағы-
нан жарыла сөйлейді. «Адамның атының сүйкімді болуы да зор
бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Ербол, Бақыт деген аттарды
алып қараңдаршы... Майқанова тәтейше айтқанда жоғары идеялы
есімдер... Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар.
Өзге түгіл өзіңе ұнамайды-ақ... Сен қызылшақа болып жөргекте
жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең
немесе шілдеханаға келіп дуылдап отырған басқа біреу солай
атап жіберген» /76,7/.
Кейіпкеріміз сондай әділетсіздіктің құрбанының бірі өзі
екенін айта келе, азан шақырып қойған аты Қожаберген екенін,
бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстың бола беретіні тәрізді
бертін келе Қожабергеннің «құйрығы» үзіліп қалып, өзінің ес
білгелі Қожа екенін әңгімелейді. Осылай оқырман назарын өзіне
аударып алатын повесть кейіпкері әрі қарай бастан кешетін
оқиғаларына жетелей түседі.
Енді сюжеттің байланысына келейік. «Сюжеттік байланыс
адамдар арасындағы әрекеттің басы: тартыстың басталуы іс-
петті». Повесте сюжеттік байланыс екінші тараудағы Қожаның
мел шиіп, босағаны иіскеп тұрған тажалды көруінен басталады.
Тажал дегенге жаны бар жауыз екен деп қалмаңыз. Бұл – Қожаның
жек көретін мотоциклі. Оның иесі Қаратай Қожаның мамасына
келгіштеп жүрген біреу... Адам образын жасауда немесе кез
келген өмір құбылысын, психологиялық жайларды суреттеуде
бол сын осындай тамаша табылған детальдар арқылы қысқа дәл,
ұтым ды сөйлеу Б.Соқпақбаевтың барлық шығармаларына тән
қасиет.
Сюжет бұдан былай қалай дамиды, соған тоқталайық. Оған
78
орыс ғалымы Г.Абрамович: «Оқиғаның дамуында суреткер
бейнелеп отырған адамдар арасындағы байланыс пен қайшы-
лықтар анықталып, адам характерлерінің түрлі қырлары ашы-
лады, кейіпкерлердің өсуі, қалыптасуы мен өсуінің тарихы
беріледі», – анықтама береді..
«Менің атым Қожада» сюжеттік даму Қожаның айналасын-
дағы адамдармен қарым-қатынасына, іс-әрекетіне негізделген
4-тарау дағы Майқанованың өзінен үлгерімі төмен, сыбырлап
сыпсыңдағыш жалаң белсенді Жантасқа жолдама беріп, Қожаға
бермеуі оның теріс жолға түсуіне әсер етеді... Егер сюжеттің негізі
тартыс болса, Қожа мен Майқанова арасындағы психологиялық
тартыс сюжетті өрістетудің мотивировкасы тәрізді.
Пионер лагеріне жолдама ала алмай қалған Қожа жайлауға
мамасына жүрмекші болады. Колхоз атын ұрлап мінуге келгенде,
Сұлтанмен кездеседі... Одан әрі шығарма сюжеті ширақ өрбіп да-
ми ды. М.Горькийдің анықтауы бойынша, шығарманың тар тымды,
әсерлі болуы оның сюжетінің жатық, ширақ шығуына байланысты.
Сұлтан мен Қожа басынан кешетін қат-қабат оқиғалар бірінен-
бірі туып, сан алуан шиеленістерге әкеледі. Бір үйдің қымызын
алдап ішкенімен қоймай, қаракөл елтірісін ұрлап, күресте жеңіп
масаттанып тұрған кезде, дүниесі ұрланған шалдың бұларды ұстап
алуы, одан ауыр сөздер естуі, шөпшілердің ең алдына тұрып алып,
газетке суретке түсіп республика жұртшылығына таны луы сияқты
окиғалар кейіпкерін дұрыс шешім кабылдауға әкелу соқпақтары
десек керек. Шығармадағы әрбір тараудың оқи ғасы кейінгі
тарауларда айтылатындардың тікелей салдары болып келеді.
Повесть сюжетінің шарықтау шегі – бақа мен қаздың шуы,
жайлаудан Миллат апайдың шақырылып, Қожа тәртібінің
педсоветте қаралуы...
Шығарманың ең бір көңіл аударарлық жағы – шешімі. Жазушы
Қожаның түзелуге, келешекте адам болуға уәде беріп, жеке бас
құпия кеңесін өткізуін тапқырлықпен суреттеген. Баласының
теріс жолға түсуіне байланысты шешесінің жан күйзелісіне түсуі,
бойында өзіне жетерлік қайраты мен ары да, еркі де бар Қожаны
қатты тебірентеді. Ол енді тентектік жасамасқа серт береді.
Қожаның бүкіл әрекеті мен мінез-құлқы оның бұл уәдені орындай
алатынына шүбәландырмайды. Өйткені ол сөзінде тұра алатын
79
өр жастың кейпінде көрінеді. Жазушы кейіпкерін жан-жақты
суреттей отырып, ақырында оны дұрыс арнаға нанымды түрде
әкелген. Егер автор бұдан кейін Қожаның түзелгендігін көрсетпек
болса, шығарма сөз жоқ көркемдік құнын әлсіретіп алған болар
еді. Автор мұны қаламаған. Соның нәтижесінде шығарма өзінің
шарықтау шегіне жетіп, орынды шешілуімен аяқталған.
Қаламгер повестің бар сюжеттік желісін бас қаһарманның
өзіне тартқыза отырып, ең бір оңтайлы шақтарда кейіпкерлердің
характерлерін де ашып отырады. Жалпы, Б.Соқпақбаев шығарма
сюжетін қаһармандар характерлерінің қақтығысы, конфликт
арқылы өрбітеді. «Сюжет – әрбір қаламгер жаңадан жасайтын
дүние, ол бір туған соң әсте қайталанбаса керек»/14,148/, –
дегендей, жазушы қайталанбастай сюжет жасайды.
Тамаша құрылған сюжет пен композиция қаламгердің айтайын
деген идеясына, образдың жан-жақты көрініп, өсу логикасына
қызмет етеді. Ондаған кейіпкерлерге, сан түрлі оқиғалар мен
неше алуан суреттеу құралдарына тиісті орын тауып, өмірлік
жағынан нанымды етіп шығаруы, сөз зергерінің шын мәніндегі
шеберлігін танытады.
Қорыта айтқанда, жеке автордың ғана таңдаулы шығармасы
емес, бүкіл қазақ әдебиетінің жетістігі болған «Менің атым
Қожа» повесі – әлем әдебиетінің осы бағытта жазылған /балалар
тақырыбына/ шығармалары санатында бағалауға лайық, әлемдік
рухани қазынаға үлес болып косылған туынды. Б.Соқпақбаев ба-
лалар бейнесін жасауға арналған осы туындысы арқылы шығар-
машылықтың биік шыңына көтерілді. Ол «Менің атым Қожа»
повесінде Қожа, Сұлтан тәрізді кейіпкерлер бейнесін сомдай
отырып, қазақ балалар әдебиетіне, қазақ прозасына өзіндік өрнек,
өзіндік стиль қалыптастырып, жаңа идеялық бағыт әкелді.
Бұл сипаттар ең алдымен, шығарма композициясынан,
баяндау тәсілінен көрінеді. Жағымды, жағымсыз образ жасаудың
өзіне дейінгі балалар әдебиетіне тән әбден орныққан қалыпты
көрінісінен бойын аулақ салып, көркем бейне арқылы қарама-
қарсы құбылыстардың астарын, жамандық атаулыға ұрынудың
себеп-салдарын іздейді. Оның жауабын табуды оқырмандарға
қалдырады. 27 тараудан тұратын повесте жоғарыда айтқанымыздай
құрылымдық жағынан да, баяндау тәсілі мен стильдік жағынан да
80
жаңа леп, өзгеше иірім айқын сезіледі. Әрбір тарауға түсініктеме
беріп отыру, лирикалық бас кейіпкер атынан оқырманмен тіл
қатысып, отыру тәрізді сипаттар Б.Соқпақбаев әкелген стильдік,
композициялық өрнектер екені кімге де болса аян.
Сонымен қатар, шығарма көркемдігінің сыры – қаламгер
кейіпкерлерінің мінезін олардың іс-әрекеттері ашатындай
жағдайларға ұштастыра көрсетуінде деп айтуымызға болады.
Шығарма құрылымында кейіпкер табиғаты мен характерін
айқындайтын жағдайлардың көрсетілуі – жазушыдан үлкен
шығармашылық ізденісті, еңбекті қажет етеді. Сондықтан да
бейнеленіп отырған құбылыстың мәні мен кейіпкер мінезін
айқындайтын жағдайлар мен оқиғаларды таңдап алу – қаламгердің
шығармашылық еңбегінің маңызды бөлігі болып саналады.
Жас ұрпаққа арналатын шығарма біріншіден, біздің өміріміздің
болашағы – жас ұрпақтарға сан-салалы тәрбие берерлік, оларды
адамгершілік ізгі қасиеттерге баули аларлық болу керек.
Екіншіден, баланың ой-өрісін дамытарлық, оқиғасы тартымды,
қызықты болуы шарт болса, Б.Соқпақбаевтың балаларға арналған
шығармалары негізінен бұл айтылған талаптарға сай келеді.
Бұл тарауда біз Б.Соқпақбаевтың балаларға арнап жазған
көлемді шығармасы – «Менің атым Қожа» повесіне тоқталып
өттік. Жазушының аталған туындысындағы балалардың
типтік образдары арқылы Соқпақбаев шығармашылығының
жаңашылдығы, көркемдік шеберлігі, идеялық-эстетикалық мәні,
ұлттық ерекшелігі айқын ашылып, әсерлі көрінеді. Алдыңғы
тараудағы «Жекпе-жек» те, «Менің атым Қожа» повесі де қазақ
прозасының тыңына түрен салды. Мәселен, жазушының «Жекпе-
жек» повесінің ең бірінші атап айтуға тұрарлық ерекшелігі – оның
тақырыбының қазақ әдебиетінде мүлдем тың, жаңа болуында
және елуінші жылдарға дейін көріне қоймаған жаңа сипаттағы
спортшы бала образының аталған туындыда бейнеленуі. Басты
өзегі – балалар өмірі болғанымен бұл шығармалардың бір-біріне
ұқсамайтындығы дарынды жазушының үнемі шығармашылық
ізденіс, өсу үстінде жүргенін айқындайды. Тарауды түйіндей
айтсақ, мынандай қорытындыларға келуге болады:
а/ Б.Соқпақбаев қазақ балалар әдебиетін жаңа белеске көтеріп,
классикалық үлгі танытты.
81
ә/ Тек қазақ әдебиеті ғана емес, әлемдік әдебиеттің таңдаулы
туындыларының санатында кейіпкерлерінің бойында ұлттық
болмыс сипаты бар Б.Соқпақбаев шығармалары да келер
ұрпақтың рухани әлемін байытуға үлес қосары сөзсіз.
б/ Жазушының алғашқы шығармаларында мінез бен жағдай-
дың арасындағы байланыстың қалыптастырушы, бағыттаушы
типі көп қолданылса, «Менің атым Қожа» повесінде жаңа әдеби
үрдістің басы болып саналатын айқындаушы типі қолданылған.
Достарыңызбен бөлісу: |