Программа целостного воспитания



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата27.11.2023
өлшемі21,79 Mb.
#129859
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Біртұтас тәрбие бағдарламасы - 2023

Tarbie-magazine-2023.indd

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
Астана, 2023


Кіріспе 
Тәрбиедегі сын-тегеуріндер
Тәрбие парадигмасы. 
Тәрбиенің мақсаты, міндеттері 
және күтілетін нәтиже
Тәрбие құндылықтары
Тәрбиенің үздіксіздігі
Тәрбиені жүзеге асыру 
тетіктері
Сынып сағаттары мен 
әлеуметтік тәжірибелер, 
жобалар
Тәрбие тұғыры
Нысаналы индикаторлар
4
6
8
10
14
19
20
22
24
Программа целостного 
воспитания
Введение 
Проблемы
Парадигма воспитания. 
Цель, задачи и ожидаемые 
результаты воспитания
Ценности воспитания
Непрерывность воспитания
Пути реализации
воспитания (механизмы)
Классные часы и 
социальные практики/
проекты
Основы воспитания
Целевые индикаторы 
30
27
32
34
36
40
45
46
48
50


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт 
Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Әділетті 
Қазақстан – Адал азамат» атты екінші 
отырысында сөйлеген сөзінен үзінді
...Біз ұлттық бірегейлігімізді нығайтуымыз қажет. 
Ұлтымыздың бірегейлігі бұл – оның табысты болуы 
деген сөз.
Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан 
табылуы керек. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым 
және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. 
Осы үш бағытты рухани даму саласындағы жұмыстың 
мызғымас үштағаны деуге болады.
Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды 
жақсылыққа жетелеуіміз керек. 
Мемлекеттің ең басты байлығы – адам, яғни 
азаматтар. Әрбір ата-ана саналы ұрпақ өсіруге баса 
мән беруге тиіс. 
Сол сияқты мектеп те – білімнің ғана емес, тәлім-
тәрбиенің ордасы. Баланың бойына біліммен қатар 
адамгершілік құндылықтарды сіңіру – ұстаздың 
міндеті. Осыған орай балабақшадағы және мектептегі 
тәрбие ісіне бәріміз қоғам болып мән беруіміз керек
сондай-ақ белсене атсалысуымыз қажет. 
Балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық 
құндылықтарды дәріптеген абзал. Оқушылар мектеп 
бітіргенде, ең алдымен, адал азамат болып
шығуы керек. 
Отаншылдық бұл – шынайы патриоттық сезім. 
Тұратын үйіңді, аулаңды, қалаңды таза ұстау, 
қоғамдық орындарды бүлдірмеу, ұқыпты болу, яғни әр 
жерге қоқыс лақтырмау, түкірмеу деген сөз. Отанын 
шын сүйетін адам оның табиғатын қорғайды, әр 
гүліне, әр ағашына жанашырлықпен қарайды, бір 
сөзбен айтқанда, нағыз патриот екенін нақты іс-
әрекетімен көрсетеді.
Мен еріктілер туралы үнемі айтып жүрмін. Себебі 
еріктілер – ең алдымен, патриот жандар. Біз бүкіл 
қоғам болып еріктілерді қолдауымыз керек, олардың 
еңбегін бағалап, марапаттап отыру қажет. 
Сонымен бірге балаларға экологиялық тәрбие беру 
маңызды. Оларды табиғатқа жанашырлықпен қарауға 
үйреткен жөн. Мәдени мұраларымызды танып-білуге, 
қорғауға дағдыландыру керек.
Оқушылар театрға, мұражайға және тарихи 
орындарға жиі барып, рухани жағынан дамуы қажет. 
Мен ұрпақты еңбекқорлыққа, бизнес жүргізу 
шеберлігіне баулу мәселесі жөнінде үнемі айтып 
жүрмін. Ел болып қарапайым еңбек адамын қадірлей 
білуіміз қажет. Қажетсіз мамандық болмайды, біліксіз 
маман болады. Ерінбей еңбек еткен жан өз ісінің 
майталманы атанады. Ал кәсібін толық меңгерген 
адам қашанда сұранысқа ие болады.
Әрбір адам жауапсыз қадамның арты бүкіл елге 
қасірет әкелуі мүмкін екенін терең түсінуге тиіс. 
Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы 
заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. 
Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай 
жасауымыз қажет. 
Мектепте оқушылардың тұлға ретінде 
қалыптасуына ықпал ететін дәрістер оқытылуға 
тиіс. Жастар ақпаратты қорыта білуді, уақытын 
дұрыс пайдалануды, қаржы сауаттылығын мектеп 
қабырғасынан біле бастауы қажет.
Өскелең ұрпақты түрлі ойындарға құмар болудан 
сақтандыру керек. 
Ұлт саулығына зиянын тигізетін тағы бір кесел – 
вейп және түрлі электронды темекілер. Осы қауіпті 
үрдіспен күресу үшін жүйелі және шұғыл шаралар 
қабылдау қажет. 
Жастардың құқықтық сауатын арттыру аса маңызды. 
Сонда әркім өзінің құқығын қорғай біледі және 
өзгенің құқығын таптамайды. Заң мен тәртіп үстемдік 
құрған мемлекеттің тұғыры қашанда мықты болады...
Түркістан қаласы, 17 маусым 2023 ж.


Адамға ең бiрiншi бiлiм емес, тәрбие 
берiлуi керек, тәрбиесiз берiлген бiлiм 
— адамзаттың қас жауы, ол келешекте 
оның барлық өмiрiне опат әкеледi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет