Абжанова сокращенная indd


Адамның энергия шығынының алмасуына



Pdf көрінісі
бет25/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   151
Адамның энергия шығынының алмасуына 
әсер ететін факторлар
әйел адамдар ерлерге қарағанда орташа есеппен 15 пайызға кем 
энергия шығындайды. Энергия қажеттілік ауа температурасына бай-
ланысты: оның 100°с-қа төмендеуі ағзаның энергия шығыны 10%-ға 
артады. Энергия үдерісіне әсіресе қалқан бездері қатты әсер етеді: 
оның функцияларын арттырғанда зат алмасу үдемелілезде өседі; ол 
осы ағзаның жеткіліксіз белсенділігінен төмендеген. 
тыныштық жағдайда ішкі организмдердің жұмыс істеуіне кететін 
энергия шығыны 
негізгі алмасу
деп аталады. сонымен бірге энергия 
шығынына 
тағам
әсер етеді, оның калориясына да байланысты. 


54
 
 

2-БӨЛІМ. 
ТАМАҚ РАЦИОНДАРЫНДАҒЫ АҚУЫЗДАРДЫ 
НОРМАЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
адамның тамақтануы үшін ас үлесі болуы керек, яғни еңбек шар-
тын ескергенде, организмнің физиологиялық тұтынуына, жергілікті 
жердің климаттық ерекшелігіне, адамның жасына, дене салмағына, 
жынысына және денсаулық жағдайына сәйкес болуы керек. 
ас үлесі тамақтану ас үлесінің сандық және сапалық толық 
қуаттылығын қарастырады. сандық толық қуаттылық дегеніміз – 
организмнің энергошығынның тағам қуаттылығына қатаң сәйкес 
болуы.
тағамды тұтынудың теңгерімді нормасы төменде келтірілген.
2-кесте
Халықтың физиологиялық тамақтану нормасы
ең
бе
кт
ің 
қа
рқ
ы
нд
ы 
топ
та
ры
ж
ас
то
пт
ар
ы
ер адамдар (70 кг 
салмақта)
әйелдер (60 кг салмақта)
Э
не
рг
ия
, к
ка
л
а
қу
ы
зда
р,
г.
м
ай
ла
р,
г.
кө
мі
р-
су
ла
р,
г
Э
не
рг
ия
, к
ка
л
а
қу
ы
зда
р,
г.
м
ай
ла
р,
г.
кө
мі
рс
ул
ар
, г
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
18-29
2800
91
103
378
2400
78
88
324
30-39
2700
88
99
365
2300
75
84
310
40-59
2550
83
93
344
2200
72
81
297
2
18-29
3000
90
110
412
2550
77
93
351
30-39
2900
87
106
399
2450
74
930
351
40-59
2750
82
101
378
2350
70
86
323
3
18-29
3200
96
117
440
2700
81
99
371
30-39
3100
93
114
426
2600
78
95
358
40-59
2950
88
108
406
2500
75
92
344


55
2-кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
4
18-29
3700
102
136
518
3150
87
116
441
30-39
3600
99
132
504
3050
84
112
427
40-59
3450
95
126
483
2900
80
106
406
5
18-29
4300
118
158
602
-
-
-
-
30-39
4100
113
150
574
-
-
-
-
40-59
3900
107
143
546
-
-
-
-
адам тәулігіне тұтынатын ақуыздың энергетикалық құндылығы – 
11-13%, майдікі – 33%, көмірсудікі 56-54% болуы керек.
Тамақ рациондарындағы ақуыздарды 
нормалаудың ғылыми негіздері
ақуыздар немесе протеиндер (грекше protos - бірінші, алғашқы) – 
бұлар құрамында азоты бар жоғары молекулярлық табиғи құрамалар, 
олардың молекулалары амин қышқылдарының қалдықтарынан 
құралған. ақуыздар көміртектен (51-53%), оттектен (21,5-23,5%), азот-
тан (16%), сутектен (6,5-7,3%) және күкірттен (0,3-2,5%) тұрады. кейбір 
ақуыздар құрамына аздаған мөлшерде фосфор, селен және басқа эле-
менттер де кіреді. көміртек, сутек, оттек атомдары неше түрлі комби-
нация жасап байланысу арқасында амин қышқылдары деп аталатын 
теңдесі жоқ молекулалар құралады. Олар белок молекулаларының 
құрылыстық блоктары болып табылады. 
ақуыздардың аса маңызды блогы – азот, яғни азоттың арқасында 
олар көмірсулар мен майлардан өзгешеліктерге ие. барлық ақуыздарда 
азоттың мөлшерінің (16%) тұрақтылығы ақуыздың тағамдағы 
және биологиялық орталардағы (қан, зәр, нәжіс және т.б.) мөлшерін 
анықтауға пайдаланылады. азоттың табиғаттағы шексіз айналымдық 
өзгерулерін өсімдіктер амин қышқылдары мен белоктарды биосинтез-
деуге пайдаланады. Өсімдіктермен қоректену арқылы жануарлар амин 
қышқылдарын ассимиляциялайды және оларды өзіндік белоктарға 
айналдырады. адамдар да жануарлардан және өсімдіктерден алы-
натын өнімдерді пайдалану арқылы тағамның амин қышқылдарын 
өзіндік тіндік белоктарға айналдырады. тірі организмдер өлгеннен 
кейін микроорганизмдер оларды органикалық молекулаларға ыды-


56
 
 

ратады, азот топыраққа түседі, азотты сіңіретін бактериялармен 
ассимиляцияланады және органикалық заттарға айналады; осылай 
жүйеқайталана береді.
ақуыздардың барлығы екі топқа бөлінеді:
1. Қарапайым ақуыздар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, 
гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноид-
тар);
2. күрделі ақуыздар – протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопроте-
идтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). бұлардың құрамында 
амин қышқылдарынан басқа заттар да болады.
ақуыз жасуша құрамына кіретін тірі құрылымдар – ядро, мито-
хондрия, рибосома, цитоплазма негіздерін құрайды. сондықтан 
ол организмде үлкен орын алады. мысалы, адам мен жануарлар 
денесінің құрғақ заттарында – 45%, жасыл өсімдіктерде – 9-16%, 
дақыл тұқымында – 10-20%, бұршақ тұқымдастар дәнінде – 24-35%, 
бактерия жасушаларында 50-93% ақуыздық заттар бар. ақуыз барлық 
организмге ортақ зат болғанымен, әртүрлі организм ақуыздарының 
құрылымы түрліше болады. сондай-ақ организм түрлерінің бір-біріне 
ұқсамауы, олардың эволюция жолымен үздіксіз өзгеріп дамуы да 
ақуыз қасиеттерінің үнемі өзгеріп отыруына байланысты.
ақуыздар – біздің организмдегі аса маңызды молекулалар. 
ақуызсыз өмір жоқ. сіз өзіңіздің органдарыңыздың, сүйегіңіздің, 
шеміршектеріңіздің, бұлшық еттеріңіздің, шаштарыңыздың, теріңіз-
дің ақуыздан тұратынын білесіз бе? ақуыздар – біздің органдар 
мен тіндерді құрайтын құрамдастар («кірпіштер»). бұл функция 
пластикалық деп аталады – тағамдық протеиндерден адам денесінің 
ақуыздары синтезделеді.
ақуыздар организмнің жасушалары мен тіндерінің өсуі мен 
жаңаруына құрылыс материалы болып табылады. Осыған байланы-
сты балалар мен жасөспірімдердің өсіп келе жатқан организмі үшін 
ақуызды күнделікті қажетті мөлшерде қабылдау аса маңызды. адам 
организмінде ақуыз үнемі жұмсалғанымен, ол қорға жиналмайды, 
сондықтан оны күнделікті тамақпен қабылдау керек.
ақуыздық ашығу кезінде амин қышқылына деген мұқтаждықты 
өтеу үшін, адам денесіндегі өзіндік ақуыздар бөлшектенеді.
Олар организмнің физиологиялық үдерістерінде негізгі рөл 
атқарады. ақуыздардан ферменттер, антиденелер, гормондар, оның 
ішінде гемоглобин сияқты өмірлік аса маңызды молекулалар түзіледі.


57
Ферменттер – бұл ақуыздар, біздің организмдегі биохимиялық 
реакцияларды жылдамдатады. ақуыздар катализаторлар ретінде де 
танымал. көптеген ферменттер зат алмасудың биохимиялық реакция-
ларында нақтылы рөл атқарады. 
гормондар – организмнің көптеген функцияларын реттейтін 
ақуыздар. гормондар ферменттерге биохимиялық реакцияларды 
бастауға дабыл береді. мысалы, гормондар қандағы қант мөлшерін 
реттейді және де өсу үдерістерін бақылап қадағалайды. бірақ гормон-
дар түгелдей ақуыздан түзілмейтінін атап өту керек; тегі ақуыз емес 
гормондардың барлығы анықталған.
антиденелер – иммун жүйесінің ақуызы, олар бактериялар мен 
вирустардан қорғайды. Олар лимфоциттерден – қанның ақ жасушала-
рынан түзіледі.
гемоглобин – түрлі органдар мен тіндерге оттек тасымалдайтын 
ақуыз. Организмде барлық заттар биологиялық сұйықтықтар (қан, 
лимфа және басқалар) құрамында өзге тасмалдаушы ақуыздармен
липопротеидтермен (липид-ақуыздық кешендер) және гликолипопро-
теидтермен (көмірсулар-липид-ақуыздық кешендер) кешендесіп, тасы-
малданады.
Организмнің қорғану реакциясы да ақуыздармен байланысты, 
соның ішінде организмге бөтен заттар түскен кезде түзілетін тыс дене 
протеиндер болып табылады. ақуыздар токсиндермен белсенділігі 
төмен кешендер түзеді. Олар организмнен шығарылады, яғни ақуыздар 
токсиндерге қарсы күресу функциясын да орындайды. плазма 
ақуыздарының қатысуымен қанның ұюы жүзеге асады. бұл үлкен 
қан кетуден сақтайды. Қан плазмасының кейбір ақуыздары оттекті, 
тамақтық заттарды, зат алмасу өнімдерін тасымалдайды, яғни тасы-
малдау функциясын да атқарады. тамақтағы ақуыздар мидағы қозу 
және кідіру үдерістеріне әсер етеді. көптеген гормондар және олардың 
туындылары протеиндер болып табылады. сол себепті, ақуыздар рет-
теу функциясын атқарады.
Организмде ақуыздар энергия көзі болып табылады. адамның 
ұлпалардаақуыздар жиналмайды, сондықтан да олар организмге 
тамақтың құрамымен күнделікті түсіп тұруы керек. протеиндердің 
мөлшері жеткіліксіз болса, зат алмасу үдерісіне қажет дәрумендер, 
минералды заттар сіңірілмейді. сондықтан да ақуыздар организмге 
өте қажетті заттар болып табылады. Оларсыз өсу, даму жүзеге 
аспайды. Ф.Энгельс «Өмір дегеніміз – ақуызды заттардың өмір сүру 
тәсілдері», – деп анықтама берген. 


58
 
 

Организмге керек ақуыздардың көлемін анықтау үшін, олардың 
теңгерімі өлшенеді, яғни организмге түскен протеиндердің мөлшері 
мен олардың ыдырау өнімдері бөлінуінің мөлшері салыстырылады. 
сау адамда толық, дұрыс тамақтанған кезде азотты тепе-теңдік болады, 
яғни пайдаланылған ақуыздардағы азоттың мөлшері зәрдегі азоттың 
мөлшеріне тең. жас өсіп жатқан организмде бұлшық еттерде ақуыздық 
салмағының жиналуы байқалады, гормондар, ферменттер және басқа 
да қосылыстар түзіледі. Осының нәтижесінде оң азотты байқалады, 
яғни организмге түсетін азот мөлшері бөлінетін азот мөлшеріне 
қарағанда басым болады. ақуыздардың рационда жетіспеушілігі, 
сондай ақ қарт адамдарда азотты теңгерім теріс болады. Ұзақ уақытқа 
созылған теріс азотты теңгерім өлімге әкеліп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет