2 кинематика. Нүкте және қатты дене кинематикасы


 Нүкте қозғалысының кейбір жеке түрлері



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата27.11.2023
өлшемі434,05 Kb.
#130315
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
КИНЕМАТИКА Нүкте кинематикасы

2.1.8. Нүкте қозғалысының кейбір жеке түрлері 
 
Траекторияның түріне қарай нүкте қозғалысы екі топқа бөлінеді. Қозғалыс 
кезінде түзу сызық сызатын нүктені түзу сызықты қозғалыс жасайды дейміз, 
траекториясы қисық сызық түрінде болып келетін нүктені екінші топқа 
жатқызамыз. Нүкте жылдамдығының өзгеруіне қарап бұл екі топтағы нүкте 
қозғалыстарының әрқайсысын әр түрге бөліп атаймыз. Алдымен нүктенің түзу 
сызықты қозғалысына жеке тоқтап өтейік.
1. Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс. 
Түзудің қисықтық радиусы 
болғандықтан түзу сызықты қозғалыстағы нүктенің нормаль үдеуі нөлге тең 
болады да, оның толық үдеуі жанама құраушысына тең болады: 
. (2.50) 
Нүктенің жылдамдығы тұрақты, түзу сызықты қозғалысы – 
түзу сызықты 
бірқалыпты қозғалыс 
деп аталады

Мұндай қозғалыстың (2.50) – формула 
бойынша, үдеуі нөлге тең болады да, қозғалыс кезіндегі уақыттардың бәрінде 
жылдамдық векторы модулін өзгертпей сақтайды. 
Түзу сызықты, бірқалыпты қозғалысты сипаттайтын формулалар мынадай: 
. (2.51) 
2. Түзу сызықты бірқалыпты айнымалы қозғалыс. 
Үдеуі тұрақты 
нүктенің түзу сызықты қозғалысы - 
бірқалыпты айнымалы қозғалысы
деп 
аталады, мұндай қозғалысты сипаттайтын формулалар элементар физикадан 
белгілі: 
. (2.52) 
3. Қисық сызықты бірқалыпты қозғалыс. 
Нүктенің қисық сызықты 
қозғалысында 
болса, онда ол 
бірқалыпты қисық сызықты
қозғалыс 
деп аталады. Демек, бірқалыпты қисық сызықты қозғалыс кезінде нүктенің жанама 
үдеуі нөлге тең болады да, толық үдеуі өзінің нормаль құраушысына тең болып 
келеді. Қисық сызықты бірқалыпты қозғалысты сипаттайтын формулалар мына 
түрде жазылады: 

. (2.53) 
Нүкте жылдамдығын өрнектейтін теңдеуді интегралдау арқылы бірқалыпты 
бірқалыпты қисық сызықты қозғалыс заңын табамыз: 
. (2.54) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет