Сімдіктер экологиясы



Pdf көрінісі
бет43/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   83
Байланысты:
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

18 – сурет
Ӛсімдіктердің тіршілік формалары
(Раункиер бойынша). Белгілер: 1-фанерофиттер (терек, емен, 
қарағаш); 2-хамефиттер (қаражидек), 3-гемикриптофиттер 
(сарғалдақ, бақ-бақ шӛп, злактекті шӛптер); 4-геофиттер 
(қызғалдақ, желайдар); 5-терофиттер (добия дәні).
 
 
Бұл топта 15 топшалар бар. Топшалар жапырақтар кӛлемі 
бойынша (мега-, мезо-, микро- және нанофанерофиттер), жапы-
рақтың ӛмір сүру ұзақтығы (мәңгі жасыл және жапырақтары 
түсетін) және қайтадан ӛсетін бүршіктердің қорғалу деңгейіне 
байланысты бӛлінген. 
Қайтадан ӛсетін бүршіктер жер бетінен биікте орналасқан-
дықтан бүршіктер ашық кеңістікте, қармен немесе басқа да жа-
бынмен қорғалмаған жағдайда ӛтеді. Сондықтан да фанерофит-


67 
тер негізінен жұмсақ климатты аймақ ӛсімдіктері. Мұндай ӛмір 
сүру формалы ӛсімдіктер табиғаты қатал, суық аймақтарда да 
бар (мысалы, қылқан жапырақты ормандар). 
 
Хамефиттер
– онша биік емес ӛсімдіктер. Қайтадан ӛсетін 
бүршіктері жер бетіне жақын, 20-30 см биіктікте орналасқан 
және де бүршіктері қар жамылғысымен жабылып, қорғалуы 
мүмкін. Хамефиттер арасында аласа бойлы, бұталы ӛсімдіктер 
(итбүлдірген, су жидек, қара жидек), жартылай бұталы ӛсімдік-
тер бар. Бұл ӛсімдіктердің бұтақтарының біразы қуаңшылық ке-
зеңде ӛледі. 
Гемикриптофиттер
– кӛпжылдық шӛптесін ӛсімдіктер.
Ӛсу дәуірінің соңында жер бетіндегі мүшелері ӛледі де, бүршік-
тері топырақ бетінде сақталады, ӛсімдік қалдықтарымен, кейі-
нірек қармен жабылып сақталады. Морфологиялық тұрғыдан 
бұл ӛсімдіктер алуан түрлі. Біреулерінің бүршіктері тамыр мен 
сабақ түйіскен түбінде (мысалы, жоңышқа), шамалы биіктікте 
(түйежоңышқа) немесе жер бетіндегі және астындағы столон-
дарда сақталады (қалақай, қайызғақшӛп). Кейбіреулерінің жапы-
рақтары сабақ түбінде шоғырланып орналасқан (бақбақ шӛп, 
шықшӛп, наурызгүл). Гемикриптофитты ӛсімдіктер шабындық-
тарда, далалық аймақтарда, орманды ӛсімдіктер қауымдасты-
ғында кеңінен тараған. 
Криптофиттер.
Бұл топқа жататын ӛсімдіктердің қайтадан 
ӛсетін бүршіктері жер астында (геофиттер) немесе су қоймалары 
түбінде (гидрофиттер). 
Геофиттер
 
– кӛпжылдық шӛптесін 
ӛсімдіктер. Жер асты мүшелерінің сипатына қарай жуашықты 
геофиттер (қызғалдақ, жуа, қазжуа, супияз), түйнекшелілер (кар-
топ, топинамбур, ақбүйрек, айдаршӛп), борық тамырлы (қамыс, 
меруертгүл, жатаған бидайық), тамырлы (тіленқурай, шырма-
уық). 
Геофиттердің негізгі ерекшеліктері жер асты мүшелерінде 
қоректік заттардың қоры жинақталады. Осы қоректік заттарды 
пайдаланып, кӛктемде жақсы ӛседі. 
Гидрофиттер
– суда ӛсетін ӛсімдіктер, жапырақтары қал-
қып ӛседі немесе су ішінде болады, ал қысқа қарай ӛледі. Қай-
тадан ӛсетін бүршіктері кӛпжылдық борық тамырларында су тү-
бінде қыстап шығады (тұңғиық, сугүл ӛсімдіктері) немесе түй-


68 
некшелер (турион күйінде) күзде су түбіне шӛгеді де, қысты 
осылай ӛткереді. 
Терофиттер.
Бұлар монокарпты ӛсімдіктер, қолайсыз қыс 
айларын немесе аңызақ жаз айларын тұқым немесе спора күйін-
де ӛткереді. Негізгі ерекшелігі – жылдық ӛсу циклін, яғни тұ-
қымнан тұқымға дейінгі қысқа мерзімде ӛткереді. Мысалы, би-
дай, арпа, сұлы, т.б. (17 – сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет