Сімдіктер экологиясы


Адамзаттың тіршілік әрекетінен пайда болған  тҥтіндену



Pdf көрінісі
бет48/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83
Байланысты:
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

5.
Адамзаттың тіршілік әрекетінен пайда болған 
тҥтіндену

әртүрлі 
газдардың
және ӛндірістің 
газды қалдықтарының
ӛсімдіктер жамылғысына зиянды әсері күшті (мысалы, Алматы 
ауасының түтінденуі). 
6. Рудеральды, қоқым қалдықтары және ҥйінді қалдық-
тар.
Адамзаттың тіршілік әрекетінің нәтижесі – рудеральды, 
қоқым қалдықтар орындары. Онда азот мӛлшері қалыптыдан 
кӛбірек болады. Ӛйткені, белокты және басқа да органикалық 
қалдықтардың шіріп бұзылуы нәтижесінде топырақта азот кӛ-
бейеді. Сондықтан рудеральды ӛсімдіктер (мысалы, қалақай) – 
нитрофильдер
. Сонымен бірге мұндай ӛсімдіктер – 
космопо-
литтер
, ӛйткені қоқым, рудеральды қалдықтардың сипаты бар-
лық жерде бірдей.
Кен орындарын (әсіресе ашық кен орындарын) егеру нәти-
жесінде қалдық үйінділер жинақталады. Шахталардан алынған, 
керек емес бос қалдықтар мен тау жыныстары, зауыд пен фабри-
калардан, жылу электростанциялардан шығатын күл үйінділері 
– 
террикондар
деп аталады және олардың ӛсімдіктерге әсерлік 
сипаты бірқатар. Қалдық үйінділер мен террикондар топырақты 
толық жабады және құрамында улы заттар болуы мүмкін. Мұн-
дай жерлерде рекультивация және фитомелиорация жасауға кӛ-
бірек кӛңіл бӛлінуде, ӛйткені Қазақстандағы ірі қалалар мен үл-


74 
кен ӛндіріс орындары маңында (әсіресе тас кӛмір шахталарын-
да) мұндай үйінділер жылдан жылға кӛбеюде.
7.
Адамзаттың 
мәдени агрофитоценоздар
кӛлемін, яғни 
ауылшаруашылығы дақылдарының егіс кӛлемін ұлғайту табиғи 
ӛсімдіктер жамылғысына әсері зор. Мысалы, Қазақстанның сол-
түстік облыстарында 12 млн. гектардан астам жерлерге бидай, 
арпа, сұлы, қара бидай, қарақұмық, картофель т.б. дақылдар 
ӛсіру мақсатында жер ӛңделіп, сол жерлердегі бұрынғы табиғи 
ӛсімдіктерді жойып жіберді. Арал ӛңірінде күріш ӛсіру үшін
214 мың гектар жерде бұрынғы шеңгелді, жыңғылды, сексеуілді, 
жусанды фитоценоздарды жойып, тақыр жерлерді ӛңдеп, инже-
нерлі дайындалған суармалы, күріш плантациялар жүйесі са-
лынды.
Сонымен, адамзат тіршілігіне қажетті азық-түлік және шикі 
заттарды дайындауды тоқтату мүмкін емес. Халық саны ӛскен 
сайын ауылшаруашылық ӛнімдеріне қажеттілік арта түседі. Де-
генмен, экожүйелердегі ӛзара байланыстарды ескере отырып, 
ауылшаруашылығы дақылдары ӛнімділігін және мал шаруашы-
лығы ӛнімдерін арттыру керек, табиғи және биологиялық ре-
сурстарды қорғап, топырақ құнарлылығын арттырып, қалпына 
келтіру керек. 
Қазіргі кезеңде табиғатты қорғау, ӛсімдіктер ресурстарын 
тиімді пайдалану проблемаларына Үкімет тарапынан қатты кӛ-
ңіл бӛлінуде. Табиғатты қорғау заңы, Қазақстан Республика-
сының экологиялық кодексі қабылданды. Онда жер асты бай-
лығын, су ресурстарын тиімді пайдаланып, ӛсімдік және жан-
уарлар әлемінің генетикалық қорын сақтап қорғау, байыту, ауа 
мен суды таза сақтап, қоршаған ортаны қорғап жақсарту кӛз-
делген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет