88
Ассимиляция – ассимиляция.
Организмдердің сыртқы
ортадан заттарды қабылдап, сіңіріп, ӛздеріне тән күрделі орга-
никалық заттарды синтездеуі. Бұл процесс энергия пайдалану
арқылы жүреді.
Атмосфера – атмосфера.
Жер ғаламшарының тұтасқан ауа
қабығы. Ол газдар қосындысынан, су буларынан, шаң бӛлшекте-
рінен тұрады.
Ауру қоздырғыш – возбудитель болезни.
Ӛсімдіктер,
жануарлар мен жәндіктер организмінде ауру тудыратын орга-
низмдер (вирус, бактерия, саңырауқұлақтар т.б.).
Аутэкология (даралар экологиясы) – аутэкология.
Жеке
(дара) организмдердің қоршаған ортамен ӛзара қарым-қатына-
сын зерттейтін экология ғылымы саласы.
Ацидофилдер – ацидофилы.
Топырақтағы рН 6,7 кӛрсет-
кішінен жоғарылау жағдайында тіршілік ететін организмдер.
Ашу, ашыту – брожение.
Кейбір микроорганизмдер мен
саңырауқұлақтардың оттегі жоқ ортада тіршілігінің энергия кӛзі
болып табылатын тотығу-тотықсыздану реакцияларының жиын-
тығы.
Аэробтар – аэробы.
Тек оттегі бар ортада тіршілік ететін
организмдер (ӛсімдіктер, жануарлар, кейбір бактериялар мен
саңырауқұлақтар).
Достарыңызбен бөлісу: