“ӚСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ” ТЕРМИНДЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ТҤСІНДІРМЕ СӚЗДІГІ Абиотикалық факторлар – абиотические факторы. Та-
биғаттың ӛлі компоненттерінің және факторларының тірі орга-
низмдерге әсері.
Автотрофтар – автотрофы. Күн сәулесінің энергиясын
фотосинтез немесе химиялық (хемосинтез) энергияны пайдала-
нып, кӛмір қышқыл газынан, судан және минералдық тұздардан
ӛз бетінше органикалық заттар түзе алатын организмдер. Автот-
рофтарға құрылықта және суда ӛсетін жасыл ӛсімдіктер, судағы
және топырақтағы хемотрофты бактериалар жатады.
Агроэкожҥйелер (агроценоз) – агроэкосистемы. Адам ба-
ласы жасаған ӛсімдіктер қауымдастығы, яғни дақылдар егістігі,
бау-бақша, жайылымдар.
Адсорбция – адсорбция. Газды қосындыдан, сұйықтықтан
немесе топырақтан заттардың адсорбенттер арқылы (сорғыш-
тар арқылы) сіңуі. Иондардың ӛсімдік тамырына сіңуі.
Азоттың биологиялық игерілуі – биологическая азот- фиксация. Микроорганизмдердің молекулалық азотты игеріп,
одан азоттық қосындылар құрастыру процесі. Бұндай организм-
дерге негізінен түйнек бактериалары, дербес тіршілік ететін
клостридиум, азотобактер, сондай-ақ кейбір кӛк-жасыл балдыр-
лар жатады.
Алғашқы жалпы ӛнім – валовая первичная продукция. Ӛсімдіктердің фотосинтезі процесінде синтездеген жалпы био-
масса. Оның бір бӛлігі (40-70 %) ӛсімдіктердің ӛзінің тіршілі-
гіне, тыныс алуына жұмсалады. Қалған бӛлігі
алғашқы таза ӛнім деп аталады.
Аллелопатия – аллелопатия. Бір организмдердің тіршілік
әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаға шығаратын заттары. Бұл
заттар басқа организмдерге теріс (уландырады) немесе оң әсерін
тигізеді, ӛсімдіктер, саңырауқұлақтар, бактериялар арасында
кеңінен таралған.