207
белгілі бір түрлері мен даралары тірі қалып, көбейе алады. Ал
нашар
бейімделген түрлер мен ағзалар табиғи сұрыпталудың нәтижесінде
толығымен тіршілігін жояды.
Қолдан сұрыптаудың
нәтижесінде
өсімдіктер мен жануарлардың
адамға қажет ті белгі-қасиеттері дамиды. Қолдан сұрыптау табиғатта
емес, адамның қатысуымен жүреді. Оның
нә тижесінде жануарлардың
жаңа қолтұқымдары мен өсім діктердің жаңа іріктемелері алынады.
Селекция
– үй жануарларының жаңа қолтұқымдары мен өсімдіктердің
жаңа іріктемелерін шығару әдістері туралы ғылым саласы. Селекционер
Н.И. Вавилов: «
Селекция–адамқолыменжасалатынэволюция
», – деп
айтқан.
Селекцияның негізгі әдісі қолдан сұрыптау
болған және солай болып
қала береді. Адам әрқашан жануарлар мен өсімдіктерді көбейту кезінде
шаруашылықта маңызды сапасы бар түрлерін қалдырып отырған. Бұл
құбылыс ұзақ уақыт бойы санасыз түрде, ешқандай әдіс қолданбай
жүргізілген.
Ежелгі адамдар алғашқы үй жануары итті қолға үйретті.
Антро-
пологтардың пікірі бойынша ертедегі адамдар қасқырлардың белгілі бір
түрін өздеріне жақын ұстау мақсатында тамақтарының қалдықтарын
үйлерінен алыс емес жерлерге қалдыратын болған. Адамдар не үшін олай
жасады? Олар кез келген жыртқыштарға, анағұрлым ірі жануарларға да
қарсылық көрсете алатын жануарлармен жақын өмір сүруге тырысты.
Алайда ол жануарлар адамдарға қатысты агрессия көрсетпеуі маңызды
болды. Әйтпесе, адамдар өздеріне қауіп төндірген
жан уарларды қырып
жіберер еді. уақыт өте адамдармен қатар өмір сүруге, олардың қолынан
тамақ жейтін, қамқорлығын қажет ететін генетикалық бейімділіктері
бекіген жануарлардың топтары түзілді.
Жануарлар се лек циясындағы
бірінші кезең –
жануарларды қолға үйрету
, ал өсімдіктерде олардың
мәденитүрлерін
шығару болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: