Байланысты: И.А. Зимняя Педагогикалық психология (2) 3
Педагогикалық психологияның даму кезеңдері Бірінші кезең – XVII ғасырдың ортасынан ХІХ ғасырдың аяғына
дейін
–
Песталоццидің
айтуы
бойынша
«педагогиканы
психологияландыруды сезіну қажеттілігіне» қарай жалпы дидактикалық
деп атауға болады. Бҧл кезең ең алдымен, Ян Амос Коменскийдің (1592-
1670), Жан-Жак Руссо (1712-1778), Иоганн Песталоцци (1746-1827),
Иоганн Гербарт (1776-1841), Адольф Дистервег (1790-1866), К.Д.
Ушинский (1824-1870), П.Ф. Каптерев (1849-1922) ӛзінің есімдерімен
кӛрсетілуі мҥмкін. Бҧл ойшыл – педагогтардың педагогикалық
психологияның дамуына қосқан ҥлестері ӛздері қарастырған
мәселелермен анықталады: даму, оқу және тәрбие байланысы;
оқушының шығармашылық белсенділігі, баланың қабілеттілігі және
оны дамыту, мҧғалімнің рӛлі, оқытуды ҧйымдастыру және кӛптеген
басқа мәселелер. Алайда, бҧл - аталған процестің мәнін ғылыми
тҧрғыдан тҥсінудің тек алғашқы әрекеттері еді. Осы мәселелердің
шынайы психологиялық жақтарын толығымен ашылмағандығы жӛнінде
П.Ф. Каптерев «Дидактикалық очерктер. Білім беру теориясы» (1-ші
басылым. 1885 ж.) атты кітабында осы кезеңдегі педагогикалық
теорияның дамуына терең және жҥйелі талдау жҥргізу негізінде
дәлелдер келтіреді. П.Ф. Каптерев,
«…Коменскийдің дидиктикасына тым маңызды кемшіліктер тән: бұл сыртқы механикалық құрал ретінде ұсынылған әдіс дидактакасы; бұл дидактикада оқушылардың қабілеттерін оқыту арқылы дамыту туралы мүлдем сӛз жоқ ; … Коменскийдің дидактикасына психология жетіспейді» [83, 264 б.].
И. Песталоццидің рӛліне талдау жҥргізе келе, П.Ф. Каптерев
«Песталоцци оқудың барлығын оқушының ӛз шығармашылығы деп түсінген, ал барлық білімді әрекеттің іштен дамуы, ӛз бетімін әрекет
18
жасау, ӛзін-ӛзі дамыту акті ретінде түсінген» [83, 294 б.]. Алайда,
сонымен қатар П.Ф. Каптерев айтқандай,
«…Оның (Песталоццидің – И.З.) оқытуда әдістің әсерін тым асыра кӛтеріп, оқытуда мектепте қолданылатын әдіс, тәсілдерді механизациялауға кӛп мойын бұрғаны анық. Мектептегі кӛрнекті фактор ретіндегі