И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет12/229
Дата02.12.2023
өлшемі2,21 Mb.
#131392
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   229
Байланысты:
И.А. Зимняя Педагогикалық психология (2) 3

Екінші кезең
XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың ортасына 
дейін созылған. Бҧл кезеңде педагогикалық психология алдыңғы 
жҥзжылдықтың педагогикалық ойларының жетістіктерін пайдаланып, 
психологиялық, психофизикалық эксперименталдық зерттеулердің 
нәтижелеріне бағыттанып, дербес сала болып қалыптаса бастады. 
Педагогикалық 
психология 
эксперименталдық 
психологияның 
қарқынды дамуымен бірге дамып, қалыптаса бастады, нақты 
педагогикалық жҥйелер қҧрып, жете зерттеумен болды, мысалы, М. 
Монтессори жҥйесі.
Педагогикалық психологияның осы кезеңінің басы П.Ф. 
Каптеревтың, Э. Торндайктың, Л.С. Выготскийдің кітаптарының 
атауларынан байқауға болады, сонымен қатар осы салада алғашқы 
эксперименталдық жҧмыстардың пайда болуымен белгіленеді. Л.С. 
Выготский Г. Мюнстербергпен келісе отырып, педагогикалық 
психология – соңғы бірнеше жылдардың ӛнімі; бҧл медицина, 
юриспруденция 
және басқа ғылымдармен бірге қолданбалы 
психологияның бір бӛлігі болып табылатын жаңа ғылым екенін атап 
ӛтеді. Сонымен қатар, бҧл дербес ғылым [45]. Шынайы психологиялық 
мәселелер, есте сақтау ерекшеліктері, тіл дамыту, зерде дамыту, дағды 
қалыптастыру ерекшеліктері және т.б. А.П. Нечаевтың, А. Бине мен Б. 
Анридің, М. Оффнердің, Э. Мейманның, В.А. Лайдың жҧмыстарында, 
Г. Эббингауз, Ж. Пиаже, А. Валлон, Дж. Дьюи, С. Фрэне, Э. 
Клапередтің 
зерттеулерінде 
ҧсынылды. 
Ҥйрету 
тәртібінің 
ерекшеліктерін эксперименталдық зерттеу (Дж. Уотсон, Э. Толмен, Э. 
Газри, К. Халл, Б. Скиннер), бала тілін дамыту (Ж. Пиаже, Л.С. 
Выготский, П.П. Блонский, Ш. және К. Бюлер, В. Штерн және т.б.), 


21 
Вальдорф мектебі мен Монтессори мектебінің арнайы педагогикалық 
жҥйелерін 
дамыту 
психология 
ғылымының 
осы 
саласының 
қалыптасуына ҥлкен әсерін тигізді.
Ф. Гальтонның жҧмыстарынан бастап тестік психология, 
психодиагностиканың дамуының ерекше маңызы бар. Францияда А. 
Бине, Б. Анри мен Т. Симонның, Америкада Дж. Кэттелманның 
зерттеулерінің арқасында оқушылардың білімі мен білігіне бақылау 
жҥргізу ғана емес, сонымен қатар оқу бағдарламаларын дайындау, 
жалпы оқу процесін басқаруда (жетістіктер тестілері мен қабілеттілік 
тестілерінің ӛзара әрекеттесуі барысында) ҧтымды механизм табуға 
мҥмкіндік берді. М.В. Гамезо атап ӛткендей [101, 6 б.], бҧл кезеңде 
Еуропада мектептер жанында бірқатар зертханалар қҧрылды, онда оқу 
және тәрбие беру міндеттерін шешу ҥшін университеттер 
зертханаларында қҧрылған қҧралдар мен әдістер пайдаланды. 1907 
жылы Мейман «Эксперименталдық психология бойынша лекциялар» 
атты кітабын жариялайды, онда ол эксперименталдық дидактика 
бойынша жҧмыстарға шолу жасайды. Англияда мектеп оқушыларының 
типологиялық ерекшеліктерін эксперименталдық зерттеу мәселелерімен 
белгілі балалар психологы Дж. Селли айналысты. Ол 1898 жылы 
«Балалар психологиясы бойынша очерктер» атты жҧмысын жариялады. 
Францияда А. Бине Париж мектептерінің біреуінің жанында 
эксперименталдық балалар зертханасын қҧрды. Зертханада баланың 
физикалық және ішкі сезім қабілеттері зерттелді, сонымен бірге оқу 
пәндерін оқыту әдістері зерттелді. Т. Симонмен бірлесіп А. Бине ой 
қабілеті тӛмен балалар ҥшін арнайы мектептерге іріктеу әдісін қҧрды, 
оның негізіне тест әдісі алынды.
Аталған кезең ерекше психологиялық-педагогикалық бағыт – 
педологияның қалыптасуымен сипатталады, (Дж. М. Болдуин, Э. 
Киркпатрик, Э. Мейман, М.Я. Басов, П.П. Блонский, Л.С. Выготский 
және т.б.) онда психологиялық, физиологиялық, анатомиялық, 
психологиялық және әлеуметтік ӛлшемдердің жиынтығының негізінде 
кешенді тҥрде баланың дамуын айқындау мақсатында оның мінез-
қҧлығының ерекшеліктері анықталды. Басқа сӛзбен айтқанда, екі 
жақтан 
педагогикалық 
психологияға 
оны 
жаратылыстану 
ғылымдарымен жақындастырып, ӛлшемдердің объективтік әдістері 
енді.
Педагогикалық психологияның қҧрылуының осы негізгі кезеңінде 
қалыптасқан ғылым ретінде дербестілігі туралы тек психодиагнос-
тиканы пайдалану, мектеп зертханаларының, эксперименталдық-
педагогикалық жҥйелер мен бағдарламалардың кеңінен таралуы, 


22 
педологияның пайда болуы ғана емес, 50-ші жылдардан бастап
педагогикалық психология дамуының ҥшінші кезеңінде жҥзеге асырыла 
бастаған, білім беру процесін ғылыми рефлексиялау талпыныстары, оны 
теоретикалық тҧрғыдан тҥсіну мағыналылығы дәлел бола алады.
Педагогикалық психологияның дамуының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет