И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет13/229
Дата02.12.2023
өлшемі2,21 Mb.
#131392
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   229
Байланысты:
И.А. Зимняя Педагогикалық психология (2) 3

үшінші кезеңін
айрықша атап ӛтуге оқытудың бірқатар психологиялық теорияларының 
қҧрылуы негіз бола алады, яғни педагогикалық психологияның 
теоретикалық негіздерін қҧру. Мысалы, 1954 жылы Б. Скиннер 
бағдарламаландырылған оқыту идеясын ҧсынды, ал 60-шы жылдары 
Л.Н. Ланда оны алгоритмдеу теориясын ҧсынды. Содан кейін В. Оконь 
мен М.И. Махмутов проблемалық оқытудың біртҧтас жҥйесін қҧрды. 
Бҧл бір жағынан Дж. Дьюидің оқыту проблемалар шешу арқылы жҥзеге 
асырылуы қажет деген жҥйесінің әзірлемесін жалғастырды, ал басқа 
жағынан О. Зельц, К. Дункер, С.Л. Рубинштейн, А.М. Матюшкин және 
т.б. 
ойлаудың 
проблемалық 
сипатының, 
оның 
кезендігінің, 
проблемалық жағдайда әрбір ойдың пайда болу мҥмкіндігі (П.П. 
Блонский, С.Л. Рубинштейн) туралы ережелермен ара қатыста болды. 
50-ші жылдары П.Я. Гальпериннің, соңынан Н.Ф. Талызинаның 
алғашқы басылымдары пайда бола бастады, онда педагогикалық 
психологияның негізгі жетістіктері мен мен болашағын бойына 
сіңірген, ой әрекетінің сатылап қалыптасу теориясының негізгі 
позициялары берілді. Дәл осы уақытта Д.Б. Эльконин мен В.В. 
Давыдовтың жҧмыстарында айтылған, оқу қызметінің жалпы 
теориясының негізінде дамыта оқыту теориясы қҧрыла басталады (осы 
ғалымдардың тҧжырымдауымен және А.К. Маркова, И.И. Ильясов, Л.И. 
Айдарова, 
В.В. 
Рубцов 
сияқты 
ғалымдармен 
ары 
қарай 
жалғастырылған). Дамыта оқыту Л.В. Занковтың эксперименталдық 
жҥйесінде ӛз кӛрінісін тапты.
Осы кезеңде С.Л. Рубинштейн «Психология негіздерінде» оқу -
білімді меңгеру деген жан-жақты сипаттама берді. Меңгеруді ары қарай 
әртҥрлі тҧрғыдан Л.Б. Ительсон, Е.Н. Кабанова-Меллер және т.б. 
ежіктеп зерттеген болатын. Ол сонымен қатар, Н.А. Менчинскаяның 
және 
Д.Н. 
Богоявленскийдің 
жҧмыстарында 
(білімді 
экстериоризациялау тҧжырымдамасының шеңберінде) кӛрініс тапты. 
1970 жылы жарық кӛрген Й. Лингарттың «Адамдық оқудың процесі мен 
қҧрылымы» атты кітабында және 1986 жылы шыққан И.И. Ильясовтың 
«Оқу процесінің қҧрылымы» атты кітабы осы салада кҥрделі 
теоретикалық қорытулар жасауға мҥмкіндік берді.
Педагогикалық 
психологияда 
мҥлдем 
жаңа 
бағыт 

суггестопедияның, Г.К. Лозановтың суггестологиясының (60-70-ші 


23 
жылдар) пайда болуы назар аударуды қажет етеді. Оның негізі болып 
педагогтың гипермнезия мен суггестия әсерісін пайдаланып 
оқушылардың ӛздері саналы тҥрде тҥсінбейтін қабылдау, есте сақтау 
сияқты психикалық процестерді басқару болып табылады. Соңынан 
тҧлғаның резервтегі мҥмкіндіктерін белсендіру (Г.А. Китайгородская), 
топтық бірігу, осындай оқу барысында топтық динамика (А.В. 
Петровский, Л.А. Карпенко) әдістері жетілдірілді.
Алайда, осы теориялардың саналуандылығында (толық 2 тарауын 
қараңыз) бір ортақ жағдайы болды – ол, осы авторлардың ойынша, 
қоғамның оқыту жҥйесіне (оқуға немесе оқу қызметіне) қоятын 
талаптарына неғҧрлым барабар теорияны теоретикалық негіздемелеу 
міндеттерін шешу. Оған сәйкес оқытуда белгілі бағыттап қалыптасты. 
Осы бағыттардың шеңберінде ортақ мәселелер де айқындалды: оқыту 
тҥрлерін белсендіру, педагогикалық еңбектестік, қарым-қатынас, 
білімді меңгеруді басқару, мақсат ретінде оқытылатын субъекті дамыту 
және т.б.
Осы кезеңде педагогикалық психологияның ӛз дамуында 
компьютерлік техниканы пайдаланып жаңа сатыға кӛшуінің алғы 
шарттарының қалыптасуы адамзаттың XXI ғасырға – Адам ғасыры, 
гуманитарлық дәуір ғасырына кӛшудің глобалды проблемаларын 
шешумен астарласып жатыр. Бҧл жаңа дәуірде жаңа ақпараттық 
технологияларды қҧрушы, оны еркін пайдаланатын адамның дамуы 
оған жаңа индустриялық, ақпараттық кеңістікте еркіндік береді.
*** 
Педагогикалық психология - жалпы, жас ерекшелік, әлеуметтік 
психология, тҧлға психологиясы, теоретикалық және практикалық 
педагогикаға негізделінген білімнің пәнаралық дербес саласы болып 
табылады. Оның ӛзінің жеке пайда болу және даму тарихы бар, оны 
талдау бізге оның зерттеу пәнінің мәні мен ерекшелігін тҥсінуге 
мҥмкіндік береді. 
Ӛ з і н - ӛ з і т е к с е р у г е а р н а л ғ а н с ҧ р а қ т а р
1.
Педагогикалық психологияның пайда болуы мен дамуына 
психология дамуының негізгі бағыттары қандай әсерін тигізді?
2.
Психологияның қҧрылымдық бӛлінуінің 3 негіздемесінің қайсысы 
бойынша педагогикалық психология саласы бӛлінеді? 
3.
Педагогикалық 
психологияның 
қалыптасуы 
ҥшін 
оның 
тарихындағы әрбір ҥш кезеңнің маңызы қандай?


24 
4.
«…Қазіргі замандағы оқыту әдісі бойынша бихевиористі және 
табиғаты бойынша ассоциативті» деген тҧжырыммен қаншалықты келісуге 
болады?
Ә д е б и е т


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет