И. А. Зимняя педагогикалық психология


  Міндеттерді орындау тәсілдері



Pdf көрінісі
бет114/229
Дата02.12.2023
өлшемі2,21 Mb.
#131392
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   229
Байланысты:
И.А. Зимняя Педагогикалық психология (2) 3

 


191 
Міндеттерді орындау тәсілдері 
Міндеттерді орындау тәсілдерін қарастыруда орындау субъекті 
немесе орындаушы субъект тҥсінігі енгізіледі (Г.А. Балл). Осыған 
сәйкес міндетті орындау тәсілі деп 
«орындаушы іске асыру барысында 
берілген міндетті орындауды қамтамасыз ете алатын кез-келген 
процедура». 
Басқаша айтқанда, орындау тәсілі орындаушы - адамның 
субъективтік сипаттамасымен теңестіріледі, олар тек операцияларды 
таңдау мен олардың кезектілігін ғана анықтамайды, сонымен қатар, 
олар орындаудың жалпы стратегиясын анықтайды. Міндеттерді тҥрлі 
тәсілдермен орындау оқу іс-әрекетін жетілдіруге және субъекттің ӛзінің 
дамуына ҥлкен мҥмкіндіктер береді. Міндетті бір ғана тәсілмен орындау 
кезінде оқушының мақсаты – дҧрыс жауап табу; міндетті бірнеше 
тәсілмен орындау кезінде ол неғҧрлым қысқа, ҥнемді шешім таңдау 
алдында болады, оның ӛзі кӛптеген теоретикалық білімдерді, белгілі 
амал, тәсілдерді ӛзектендіруді және берілген ситуация ҥшін жаңаларын 
қалыптастыруды талап етеді. Сонымен бірге, оқушыда білімді 
пайдаланудың белгілі бір тәжірибесі жинақталады да, логикалық ізденіс 
жасау тәсілдерінің дамуына ықпал етеді және ӛз кезегінде, оның 
зерттеушілік қабілетін де дамытады. Міндетті орындау тәсілі тҥсінігіне 
Г.А. Балл орындау процесінің ӛзін енгізе отырып, оны сипаттауда 
орындаушының операциялары ғана емес, оларды жҥзеге асыру кезіндегі 
уақыттық және энергетикалық шығындар да есепке алынатынын 
кӛрсете кетеді.
Оқу міндетін орындау моделі ӛзіндік бағдарланушымен қатар 
басқа да әрекет тәсілдерін қамтиды, ең алдымен бақылаушы және 
атқарушы әрекеттерді. Бҧл жерде кӛрсете кететіні (Е.И. Машбиц) оқу іс-
әрекетінің толықтай қызмет етуі әрекет тәсілдерінің барлық 
бӛліктерінің ҧйымдастырылуын ҧйғарады. Міндетті орындау ҥшін 
орындаушы – субъектте міндетке енбейтін және сырттан алынатын 
қҧралдар жиынтығы болуы керек. Орындау қҧралдары материалдық 
(саймандар, машиналар), материяланған (мәтіндер, схемалар, формула-
лар) және идеалды (орындаушы қолданатын білімдер) болуы мҥмкін. 
Оқу міндетінде барлық қҧралдар пайдалануы мҥмкін, бірақ идеалды, 
формасы бойынша вербалды қҧралдар жетекші болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет