И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет188/229
Дата02.12.2023
өлшемі2,21 Mb.
#131392
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   229
Байланысты:
И.А. Зимняя Педагогикалық психология (2) 3

«Коммуникация арқасында осындай жүйелер бірдей күйде болып және 
әрекеттене алады – эмоционалдық қозу немесе салмақты байыптылық, 
мазасыз сенімсіздік немесе біліміне сенімділік күйлері. Олар 
бағыттылығы мен қарқындылығы бойынша ұқсас ұстанымға ие 
болуға, ойлау материалы ретінде ұқсас таптаурындарды пайдалануға 
қабілетті» 
[234. 26 б.]. Осы жағдай педагогикалық қарым-қатынасты 
сипаттау ҥшін едәуір маңызды. 
Коммуникацияның екі жағы ретінде, оның субъекттерінің 
интерпсихологиялық ӛзара әрекеттесулерінің ішінде тілдік хабарды 
қабылдау мен ӛндірудің осы жҥйелердің әрқайсысының ішінде, кҥрделі 
интрапсихологиялық ӛзара әрекеттесу болады. Мысалы, егер осы 
процесті лектор А-ның лекция оқуы мен тыңдаушы Б-ның лекция 
тыңдауы барысында қарастырсақ, онда А↔Б ӛз тарапынан кҥрделі 
интерпсихологиялық ӛзара әрекеттесу болып табылса, А-ның, Б-ның да 
әрқайсысы жҥйе ретінде ӛз ішінен ақпаратты алуды, қайта ӛңдеуді және 
шешім қабылдауды жҥзеге асырады. Тыңдаушы Б тек А-дан ақпарат 
қабылдап қана қоймайды, ол қабылданған шешім негізінде сӛйлеуге 
потенциалды дайындықты қоса отырып, оны қайта ӛңдейді. Сонымен 
бірге, тыңдаушы Б басқа тыңдаушылардан да ақпарат алады, яғни 
аудитория ішілік қатынастардың кҥрделі жҥйесіне тҥседі. Лектор А тек 
ақпарат кӛзі емес, ол сонымен бірге, аудиториядан кері байланыс 
арналары арқылы келіп тҥскен ақпараттарды қабылдаушы және т.с.с. 
болады. Басқаша айтқанда, интерпсихологиялық жҥйе тек бір ғана 
ақпарат беру немесе алу функцияларын ғана емес, сондай-ақ оның бҥкіл 
коммуникативтік ӛңделуін іске асырады, бірақ бҥкіл қатарға кері 
тәртіпте, яғни алудан беру тәртібінде болады. Осылайша, А↔Б
коммуникативтік қатары макрожҥйе болып келеді, оның ішінде әр жҥйе 
шегінде қабылдау, ӛңдеу және шешім қабылдау жҥреді. «Сынып» 
немесе «аудитория» болып табылатын Б жҥйесінде бҧл процесс барлық 
тыңдаушылар арасында кӛпарналы байланыс орнату есебінен, одан 
сайын кҥрделенеді [қараңыз 11, 123б.]. 
Коммуникативтік келіс, бҥгінгі кҥнгі педагогика қолданатын 
педагогикалық ӛзара әрекеттесу схемасын, оған енетін буындардың 
бҥкіл алуантҥрлігімен (бастау, ситуация, байланыс арнасы, кері 
байланыс т.б.) кӛрнекті кӛрсетуге мҥмкіндік береді. Бірақ берілген келіс 


312 
бойынша осы ӛзара әрекеттесудің ішкі табиғатын, оның объекттерінің 
екі жақты белсенділік сипатын және т.б. ашпайды. Осы табиғатты ашу 
ҥшін сӛйлеуші мен тыңдаушы байланысын орнататын ғана емес, 
сонымен бірге оның психологиялық механизмдерінде анықтай алатын 
келіс қажет. Мҧны тек іс-әрекет қажеттіліктері мен тҥрткілерін, мақсат 
пен міндеттерін, оның психологиялық қҧрылымын, субъекттер 
ерекшеліктерін талдағаннан кейін ғана, басқаша айтқанда іс--әрекеттік 
келіс негізінде ғана жасауға болады.
Сондай-ақ, тілдік қарым-қатынасты адамдардың ӛзара әрекеттесуі, 
интеракционизм тҧрғысынан тҥсіндіруге неғҧрлым ортақ әлеуметтік-
психологиялық келіс те бар. Осы келіс арнасында коммуникация 
(немесе қарым-қатынас) мен басқа неғҧрлым кең тҧрғыдағы адамдар 
ӛзара әрекеттесулерінің байланыстарының ҥздіксіздігі атап кӛрсетіледі 
[163; 164; 11, 100-116 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет