307
Формирование
интереса к учению у школьников
/
Под ред. А.К.
Марковой. М., 1986.
Цукерман Г.А
. Совместная учебная деятельность как основа
формирования умения учиться. М., 1992.
3
тарау. Білім беру процесіндегі қарым-қатынас
§ 1. Қарым –қатынастың жалпы сипаттамасы
Қарым-қатынас ӛзара әрекеттесу формасы ретінде
Қарым-қатынас, немесе коммуникация деп аталатын процесс – аса
кең және сиымды тҥсінік. Бҧл саналы және саналанбаған вербалды
байланыс, ақпарат алу мен беру, оның ӛзі барлық жерде және ҥнемі
байқалып отырады. «Ә
лемнің кең алқабында коммуникация алып аспан
денелерін бір-бірімен байланыстырады деген жорамал бар және
Лермонтовтың «жұлдыз жұлдызбен тілдеседі» деген метафорасы
осылайша жаңа күтпеген мағынаға ие болады»
[33, 7 б.]. Қарым-
қатынас
саналуан сипатта; оның кӛптеген формалары, тҥрлері бар.
Педагогикалық қарым-қатынас адамдар қарым-қатынасының жекеше
тҥрі (мысалы, іскерлік (бизнескоммуникация), отбасылық қарым-
қатынаспен және т.б. салыстырғанда). Оған осы ӛзара әрекет
формаларының жалпы қасиеттері де,
білім беру процесіне тән
қасиеттері де лайық. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты
анықтамас бҧрын, алдымен қарым-қатынасты жалпы феномен ретінде
сипаттаушыларды қарап шығайық.
Қарым-қатынас проблемасының тарихы
Сӛз, сӛйлеу, елдің алдына шығып сӛйлеу, сӛйлеушінің
тыңдаушыға әсер ету ӛнері, екі ғасырдан астам байырғы тарихқа ие
екені белгілі. Осы проблеманың кӛптеген маңызды сҧрақтарын, жалпы
тҥрде, тіпті Цицеронның ӛзі қойып, қарастырған.
Дәл осы Цицерон
сӛйлеушінің негізгі коммуникативтік міндеттерін (оларды қазір солай
атайды) анықтайды: «не айту керек, қай жерде айту керек, және қалай
айту керек». Осы міндеттердің әрқайсысын қарастыра отырып, Цицерон
сӛйлеудің орындылығы сияқты сапасын атайды , себебі
«небір лауазым,
небір шен, небір абырой, небір жас, небір орынды тіпті санамағанда,
уақыт пен жұртшылық барлық жағдайлар үшін бір ғана ойлар мен
308
лебіздер түрін ұстануға жол береді»
[228, 53б.]. Біздің заманымызда
бҧл қарым-қатынастың негізгі ережелерінің бірі – сӛйлеудің формасы
мен мазмҧнының нақты аудитория ерекшелігіне тәуелділік ережесі.
Шешеннің ҥш міндетті – «не, қайда, және қалай сӛйлеуді» сақтауының
негізінде, Цицерон шешендер тҥрлерін анықтаған, кімнің сӛзі «орынды
болса», сол шырқау шегіне жеткен шешен болған.
Сонымен бірге, қарым-қатынас – бҧл ХХ жҥз жылдықтың
проблемасы. Ӛйткені, егер Кӛне Греция мен Кӛне Римде шешендік ӛнер
риторика, эвристика және диалектика шеңберінде зерттелінсе, ал біздің
уақытымызда тілдік қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық
қарым-қатынас, бірқатар басқа ғылымдар кӛзқарасы тҧрғысынан
зерттеледі:
философия, әлеуметтану, социолингвистика, психолингвис-
тика, әлеуметтік психология, жалпы психология,
педагогика және
педагогикалық психология, олардың әрқайсысы осы жалпы кешендік
проблеманың қандай да бір қырын қарастырады.
Тілдік қарым-қатынас бҥкіл дҥние жҥзінде кеңінен зерттелінеді.
АҚШ-тың ӛзінде ғана осы проблемамен ондаған мың ғылыми
қызметкерлер айналысатынын айту жеткілікті. Қарым-қатынасты
зерттейтін арнайы орталықтар қҧрылған (мысалы, Карнеги орталығы).
Соның ӛзінде, осы уақытқа дейін «қарым-қатынас» тҥсінігінің ӛзін,
оның салаларын, механизмдерін тҥсіндіруде бірлік жоқ. Әрине,
зерттеушілердің тҥрліше, тҥрлі кӛзқарас
бойынша осы процеске
тҥсініктеме беруі, оның тҥрлі моделін жасаулары, оны зерттеуде
коммуникативтік-ақпараттық, интерактивтік, іс-әрекеттік және т.б. тҥрлі
келістерді ҧсынулары орынды.
Достарыңызбен бөлісу: