И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет67/229
Дата02.12.2023
өлшемі2,21 Mb.
#131392
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   229
Байланысты:
И.А. Зимняя Педагогикалық психология (2) 3

«Баланың ӛмір сүріп жатқан нақты әлеуметтік 
жағдаятында»
(А.Г. Асмолов) жетекші әрекет шеңберінде жҥзеге 
асырылу ҥстіндегі бірлескен әрекет, тҧлғаның кез-келген әлеуметтік 
жағдаятында дамуының негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Бейімделу, дараландыру, ықпалдасу (А.В. Петровский бойынша) 
адам мен бірлестіктің ӛзара әрекеттесу механизмі, осы ӛзара әрекеттесу 
барысында пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешу процесінде 
жҥретін әлеуметтендіру және тҧлғалық дамудың механизмі ретінде
танылады. Адамның тҧлғалық дамуының ӛзіндік сана сезімі, «Мен» 
бейнесін («Мен» тҧжырымдамасы, «Мен» – жҥйесі) қалыптастырумен, 
қажеттіліктік-мотивациялық саласын ӛзгертумен, қарым-қатынастар 
жҥйесі ретіндегі бағыттануын, тҧлғалық рефлексияның дамуын, ӛзін-ӛзі 
бағалау механизмін ӛзгертумен байланысады. Тҧлғалық дамудың 
барлық жақтары ішкі қарама-қайшылықпен, әртектілікпен сипатталады. 
Мысалы, кіші мектеп оқушысының мысалында оның ӛзін-ӛзі 
бағалауындағы ӛзгерістер оның сандық және сапалық жағынан бірдей 
еместігін кӛрсетті. Тек осы жастың аяғында ғана баланың оның тҧлға 
ретінде қалыптасуында ӛзін-ӛзі бағалауын қалыптастыруға әкелетіні 
анықталды. Мҧнда да А.В. Захарованың деректері бойынша, жас 
ерекшелігінің ӛзгеруіне байланысты әрекеттердің барлық тҥрлерінде 
ӛзін-ӛзі жоғары бағалау саны азайып, ӛзін тӛмен бағалау саны кӛбейеді, 
бҧл балада ӛз-ӛзіне сын кӛзбен қараудың ӛсуін дәлелдейді. Алайда, бҧл 
ӛзін-ӛзі бағалаудың 
барабарлығы 
кӛрсеткішін 
(барабарлығын) 
кӛтермейді. Ӛзін-ӛзі сәйкес бағалаушы оқушылар саны 40-50%-дан 
аспайды [116, 86 б].
Баланың интеллектуалдық дамуындағы сияқты тҧлғалық дамуы да
жалпы мінез қҧлықтың және мінез-қҧлықтың белгілі жағдайлардағы 
реакцияларының еркіндігінен, қарқындылығынан оның реттелуіне 
қарай жҥреді. Бҧл беталыс баланың ӛз мінез-қҧлығын басқара алу, 
саналы тҥрде мақсат қою, қиыншылықтар мен тосқауылдарды жеңіп, 


106 
оларға жетудің жолдары мен қҧралдарын әдейі іздеу іскерлігімен 
кӛрінеді. Ырықтылық пен ӛзін-ӛзі реттеу – баланың интеллектуалдық-
тҧлғалық дамуының ӛзекті бағыты. Мінез-қҧлықтың еркіндігі сыртқы 
реттеуден ӛзін-ӛзі реттеуге біртіндеп ауысуға негізделеді. Бҧл беталыс 
сыртқы бақылау мен бағаланудан туатын ӛзін-ӛзі бақылауда әсіресе
анық байқалады. Жас ерекшелік психологиясының осы ережелерін 
тәжірибелі мҧғалімдер мектеп оқушыларының білімін бақылау мен 
бағалауды ҧйымдастыруда ҥнемі назарға алады. Сырттықтан ішкіге, 
мҧғалімнің ҧйымдастырған әрекетінен оқушының оны ӛзін-ӛзі 
ҧйымдастыруына - бҧл мектеп оқушысының тҧлғалық дамуы мен ӛзін-
ӛзі дамытуының сара жолы.
Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, Д.Б. Элькониннің, Л.И. 
Божовичтің зерттеулерінде баланың тҧлға ретінде дамуы тҧлғалық жаңа 
қасиеттердің біртіндеп қалыптасуымен анықталады. Л.И. Божович 
баланың тҧлғалық дамуының бес жас ерекшеліктік кезеңдерінің ішінде
талдауын келтіреді [30, 30-34б.]. 
«Бірінші ӛмір жылында ең басты, яғни 
тұлғалық жаңа қасиеттер болып қоршаған ортаның әсер етуіне 
қарамастан 
баланың 
мінез-құлығын 
тудыратын 
аффектті 
қуатталған кӛріністердің пайда болуы саналады» 
Л.И. Божович бҧл 
кӛріністі «тҥрткі болушы» деп атаған. Оның әсері баланы «сыртқы 
әсерлердің тегеуірінен» босатады. Алайда, ол оны әлі тҥсінбейді, бірақ 
ол субъект бола бастайды. Ҥшінші ӛмір сҥру жылында, яғни ерте 
балалық шақтың аяғында 
«маңызды жаңа қасиет …«МЕН» жүйесі 
болады және осы жаңа қасиеттен туатын ӛзі әрекет жасау
қажеттілігі болады»
, ол «Мен ӛзім» формуласы бойынша беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет