балалардың сөздік қоры жеткілікті, олар жалпы мектепте де оқи алады, бірақ
мәліметтерді ұғыну оларға қиын болады, әсіресе математика амалдарын
игере алмайды. Дебилдер қарапайым еңбекпен ғана шұғылдана алады.
Дебил балалардың танымдық әрекетінің бұзылуы қиын түсініктерді талдап,
қорытуға қабілетсіз екендігін көрсетеді. Олар маңызды, басты істі жалпыдан
айыра алмайды; абстракты ойлауы нашар дамыған немесе мүлдем жоқ;
нақты-жазылу, көрнекі құралдар арқылы ғана қабылданатын нәтижесіз ойлау
басым болады. Бірақ кейбір балалар интеллектісінің
жетіспеушілігіне қарамастан, көп нәрсені аңдамай (механикалық түрде)
жаттап алумен, еліктеушілікпен кемістіктерін аз да болса толықтырып,
жеңілдетеді. Бірақ оларда инициатива, өз бетінше шешім қабылдау
байқалмайды, барлық психикалық үдерістерде селсоқтық, енжарлық, мән
бермеушілік байқалады.
Дебилдер өз беттерінше өмір сүруге бейім, бірақ көбіне басшылық пен
қолдауды қажет етеді, тек айтқанды ғана істейді. Олар өз-өздеріне қарапайым
қызмет көрсете алады, интеллектуалды іскерлікті қажет етпейтін жерде
белгілі, қарапайым мамандандықты игеруге де қабілеттері жетеді және осы
істерімен белгілі мөлшерде интеллектісінің жетіспеу-
шілігін бүркемелейді. Оларда жанұя, бала да болады. Бірақ, жоғарыда
айтылғандай, ол балалар тұқым қуалайтын кемақылдылыққа ұшыраған бала
болуы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: