әйелдерде – 200-40 Гц. Диапозондардың айырмашылық шектері әншілер
дауысында байқалады (бас және меццо сопрано). Сонымен, төменгі және
жоғары дауыстардың күші бірдей болса, онда жоғары дауыс қаттырақ
естіледі. Сондықтан да дауысы жоғары әйелдер сөйлегенде олар айғайлап
немесе дауысын көтеріп сөйлеп тұрғандай әсер қалдырады.
Дауыстың жіберілуі
– дауыстың қажетті нысандарғы, әрбір тыңдаушыға
барып жете алатын қасиеті. И. Андрониковтың «Алғашқы рет эстрадада»
деген әңгімесінде атақты ғалым-музыкатанушы И. М. Соллертинскийдің оны
сахнада қалай өнер көрсетуге үйреткендігі туралы әңгімеленеді: «... дыбыс
күші. Егер сені бірінші қатардағылар естісе, ол сені отыз екінші қатардағылар
естіді деген сөз емес. Ал отыз екінші өатардағылар естіді мен бірінші
қатардағылар арасындағы айырма, міне, осына жатыр. Сонымен қатты
сөйлеу керек».
Достарыңызбен бөлісу: