Picornaviridae
тұқымдастығындағы вирустар пішіні
куб тәрізді, қарапайым вирус, вириондарының
үлкендігі 20-30 нм болатын вирустар. Вирустар
цитоплазмада өсіп-жетіледі. Туыстастықтары:
Enterovirus
– ішкі ас қорыту жүйесінде болатын, адам
энторовирустары, полиовирустар, ЕСНО, Коксаки
вирустар жатады; Cardiovirus туысына
энцефаломиокардит, Менго вирустар жатады;
Rhinovirus туысына ірі қара риновирустар жатады;
Aphtovirus туысына аусыл ауруының вирусы жатады.
Calicividae
тұқымдасы өте
қарапайым
вирустар, вирион мөлшері 20-30 нм,
куб тәрізді. Сыртқы жағында ойықша
келген ішке кіріп тұратын жерлері бар.
Togaviridae тұқымдастығына вирустар
күрделі вирустар. Туыстықтары:
Alphavirus, Rubivirus, Restivirus,
Flavivirus.
Birnaviridae
тұқымдастығына жаңадан
белгілі болған РНҚ
бар
вирустар жатады.
Вирус куб тәрізді симметриялы, капсидінде
92
капсомер бар, вирион мөлшері 50-70 нм
қарапайым вирус.
Coronaviridae
тұқымдастығы олардың сыртында шығып
тұратын тікенекшесі болады. Вирион
мөлшері 80-130 нм,
спиральге ұқсас
симметриядан тұрады.
Адам мен жануар
вирустарын қоздырады.
Paramyxoviridae
тұқымдастығы күрделі вирус,
вирион мөлшері 150-300 нм,
пішіні спиральді
симметриялы. Вирустардың құрамында 5-7 дейін
полипептид бар. Үш туыстыққа бөлінеді:
Paramyxovirus туысына Ньюкасл
ауруының
вирусы, паротит, парагрипп вирустары жатады;
Morbillivirus ет қоректілер, ірі қара обасының
вирустары жатады; Pneumovirus туысы тыныс
ауруларының вирусы.