Көшбасшылық



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата02.12.2023
өлшемі71,78 Kb.
#131674
1   2   3
Байланысты:
Көшбасшылық

негізгі үш бағытты
қамтиды:
1.
Директор мен педагогикалық ұжымның өзіндік дамуы.
2.
Мектепті дамыту.
3.
Əлеуметтік жəне кəсіби əріптестік.
Осылайша, ұсынылып отырған Бағдарлама мектеп басшыларының білім беру ұйымдарының
табыстылығы туралы қазіргі түсінікке сай ауқымды білім мен тəжірибелік дағдыларды игеруіне, сондай-ақ
енгізілген өзгерістерді басқаруға назар аудартуға бағытталған кешенді іс – шараларды қамтиды.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру
бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асырутұрғысынан жалпы білім беру жүйесін жаңғыртуды
қамтамасыз етуге бағытталған.
Бағдарламаның мақсаты
Үздік əлемдік педагогикалық тəсілдер мен білім беру тəжірибесі негізінде Қазақстан Республикасы
жалпы білім беру ұйымдары басшыларын кəсіби дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
·
заманауи басшының рөлі мен миссиясы, жеке тұлға ретінде жəне кəсіби тұрғыдан өзін өзі
жетілдіру, мұғалімдердің кəсіби дамуына қолдау көрсету туралы түсінігін дамыту;
·
директорларда көшбасшылық пен басқару, стратегиялық жоспарлау жəне болжау салаларында
түйінді құзыреттіліктер қалыптастыру;


·
директорларға өзінің қызметін, мұғалімдер мен оқушылардың қызметін жақсартуға бағытталған
дағдыларды, жұмыс түрлерін, əдістер мен тəсілдерді үйрету;
·
кəсіби жəне əлеуметтік əріптестік орнаты, ата-аналармен жəне жалпы жұртшылықпен бірлесіп
жұмыс істеу, қоғамдастық құру жөніндегі тəжірибелік дағдыларды қалыптастыру.
Мектеп көшбасшылығы туралы түйінді мəселелер
Директорлар бүкіл мектепте өзгеріс енгізуді басқарудағы негізгі көшбасшы болатын болса,
Педагогикалық шеберлік орталығының Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары
басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы (бұдан əрі – Бағдарлама) да көшбасшылық
компоненттерін қамтуға тиіс. Қазақстан мектептеріне қатысы бар мəнмəтіндік факторларды анықтаудан
бастау қажет. Бурке-Литвин моделінде (1992) қазақстандық мектеп мəнмəтіні туралы негізгі мəселелерді
қалыптастыруда пайдалы бола алатын құрылым ұсынылған, директорлар өзгеріс енгізуді бастамас бұрын
оны қолданып көргілері келуі мүмкін.
3-суретте мектеппен байланысты негізгі факторлар біріктірілген.
Бұл модель өндірісті ұйымдастыру саласынан бастау алған əмбебап модель болғанымен, оны
оқушылардың оқуына жағдай жасаушы жəне дамытушы ұйым ретінде мектеп мəселелерін қарастуда да
қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет