131689
Ә
Л
-Ф
А
Р
А
Б
И
ат
ы
н
да
ғ
ы
Қ
а
зҰ
У
Ғ
А
Л
Ы
М
Д
А
Р
Ы
Н
Ы
Ң
Б
И
О
Б
И
Б
Л
И
О
Г
Р
А
Ф
И
Я
Л
Ы
Қ
М
А
Т
Е
Р
ӘЛ-Ф АРАБИ атындағы
КАЗАҚ ҮЛТТЫК УНИВЕРСИТЕТ!
ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА
КӘКІШЕВ
Түрсынбек
К
әкішүлы
АЛМАТЫ
Әл-Фараби атындағы Кдзақ ұлттық университеті
Кітапхана
Филология ғылымдарының докторы, профессор
К Ә К ІШ ЕВ Т Ү РС Ы Н Б Е К КӘКІІПҮЛЫ
Биобиблиографиялық көрсеткіш
75 жас
Алматы
“Қ азақ университеті”
2002
Редактор
Е.Д.Абулкаирова
Құрастырушылар:
Ж.Б.Мұқалдиева, К.Ахметова,
К. К. Абугалиева
Кәкішев Тұрсынбек КәкішұлыіБиобиблиографиялық
көрсеткіш/Құрастырушылар:Ж.Б.Мұқалдиева, К.Ахметова,
К. К. Абугалиева.-Ал маты :Кдзақ университеті, 2002.-179 бет.
АЛҒЫ СӨЗ
Үсынылып отырған көрсеткіш әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлтгық
университеті
ғалымдарының
биобиблиографиясы
сериясының жалғасы болып табылады.
Бұл көрсеткіш Халықаралық жоғарғы мектептер ғылым
академиясының академигі, профессор Түрсынбек Кәкішүлы
Кәкішевке арналған.
Биобиблиографияда жинакдалған материалдар профессор
Т.К.Кәкішевтің
өмірі
мен
қызметін
сипаттайтын
мәліметтер,оның еңбектері және ол туралы әдебиеттер енгі-
зілген.
Көрсеткіште материалдар әр жыл көлемінде мерзімдік
тәртіппен орналасқан. Әуелі қазақша, одан кейін орыс
тілдерінде беріліп отыр.
Қарауға мүмкіншілік болмаған мақалалар “de visu”
жүлдызымен белгіленген.
Оқырмандар
пайдалануына
ыңғайлы
болу
үшін
авторлардың есім көрсеткіші қосымша беріліп отыр.
3
ПРЕДИСЛОВИЕ
Предлагаемый указатель является продолжением серии биобибли
ографий ученых Казахского национального университета им. Аль-
Фараби.
Биобиблиография
посвящена
почетному
академику
Международной
академии
наук
высшей
школы
профессору
Турсынбеку Какишевичу Какишеву.
Биоблиография включает материалы, характеризующие жизнь и
деятельность учебного, его публикации и литературу о нем. Материал
расположен в хронологическом порядке, в пределах каждого года
по алфавиту:
сначала идут работы,
опубликованные
на
ка
захском,затем на русском языках.
Статьи, которые не удалось просмотреть “de visu” отмечены зве
здочкой.
В именном указателе соавторов ссылки даются на порядковые
номера работ.
4
ТҮРСЫ НБЕК КӘКІІПҮЛЫ НЫ Ң ЕҢ БЕК ЖОЛЫ М ЕН
ҒЫЛЫМ И ПЕДАГОГИ К ҚЫ ЗЫ М ЕТІ Ж Ө Н ІН ДЕ
ҚЫСҚАШ А МӘЛІМЕТ
Қазақ әдебиеттану мен сыны қазір тарамдана да салалана
өсіп жаткднда оның қадрлары да өзінің өнерпаздық ыңғайына
кдрай мамандана бастады. Алғашқы творчестволық кддамынан
бастап өдебиетіміздің өткен-кеткенін тінте іздестіріп,
өз
ерекшелігін танытып келе жаткдн әдебиет тарихшысы
Түрсынбек Кәкішүлы.
Т.Көкішүлы 1927 жылы 15 тамыз күні Ақмола облысы,
Бүланды ауданындағы Даниловка руднигінде алтын өнеркәсібі
жүмысшысының семьясында дүниеге келген 1944-1945 оку
жылдары Ақмола қаласындағы орта мектепті тамандап,
Кдзақтың С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінің
журналистика факультетіне түседі. Оның толық курсын 1950
жылы тамандайды.
Университетте оқып жүргенде қаламының желі барын
танытқан жасты қазақгың атақгы фельетонисі С.Телешов
(псевдонимы-С.Ш ынаров) төртінші курсты бітіргеннен кейін
1949 жылы “Лениншіл ж ас“ газеті редакциясының жүмысшы
жастар бөлімінің меңгерушілігіне ұсынады. Оқу мен жүмысын
қосарлай атқарған Т.Кәкішүлы университет жолдамасымен
кдзіргі “Рауан“ баспасының жоғарғы оқу орындар оқулыктары
редакциясының аға редакторы болып қызметке орналасады.
1951 жылдың күзінде ККП Орталық Комитетінің баспасөз
бөлімінің үйғарымымен марксизм-ленинизм классиктерінің
шығармаларын
тәжімалайтын
аудардармашылардың
екі
жылдық курсіне жіберіледі. Бір жыл оқығаннан кейін ККП
Комитетінің жанындағы Партия тарихы институтына кіші
ғылыми
қызметкерлікке
ауыстырылады.
Осы
институтта
жүргенде Т.Кәкішүлы
көптеген архивтік деректер негізінде
қызықты да тартымды мақалалар жазып,
өзінің негізгі
мамандығына ыңғайлана береді.
1958 жылы Қазақ ССР академиясының Тіл және әдебиет
институтының аспирантурасына түсіп, оны мерзімінен бұрын
1960 жылы “ Кдзақ әдебиетінің қалыптасу дәуіріндегі идеялық-
творчестволық мөселелері (1917-1929 ж .ж .)и деген тақырыпта
кандидаттық диссертация қорғап, сол институттың аға ғылыми
қызметкері болды.
Осы зерттеу еңбегі Т.Кәкішүлы 1962 жылы “Октябрь
өркені“ атты монография болып
шықгы. Бүл кітап жас
5
ғалымның өткір де толымды ойларының молдығын ғана емес,
сонымен қатар қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи-архивтік
деректерді пайдалану, сөйтіп дәуір шындығын ашу үшін
ғылыми іздемпаздық жолға түсу мәселелерін күн тәртібіне
қойды.
Мұндай мәнді монография үлкен де зерделі, қиын да
ауқымыды еңбектер арқылы жарыққа келді.
50- жылдардың екінші жартысынан бастап Т.Кәкішүлы
қазақ совет әдебиеті тарихынан ұмытыла бастаған Ж иенғали
Тілепбергенов, Елжас Бекенов сынды
дарындар жайында
арнайы мақала жазып қоймай, олдардың еңбектерін жинау,
жариялау ісімен іпүғылданады. 1957 жылы Саттар Ерубаевтың
артында қалған мұраларын түгелге жақын жинап, жеке кітап
етіп шығарды. Оны толықтырып 1979 жылы екінші, 1994
жылы үшінші рет жариялады. 1959 жылы Сабыр Ш ариповтың
екі
томдығын
Қ.Жармағамбетовпен
бірлесіп
шығарса.
С.Ш ариповтің
100
жылдығына
бағыштап
1985
жылы
толықтырып қайтадан
жариялады.
1960 жылдан бастап
С.Сейфуллиннің
алты
томдығын
шығарысуға
белсене
қатысып,
4,5,6
томдарын
құрастырды.
1969
жылы
Ж.Тілепбергеновтің
“Ізбасар“
атты
тандамалы
жинағы
Т.Кәкішүлының іждаһатымен жарық көрді. Елжас Бекеновтің
“Дала қоңырауына“ да алғыссөз жазды.
Өз еңбегімен кдтар өзгенің шығармаларын ескі газет-
журналдардан тауып алып, оған қайтадан өмір беру, архив
шаңын қағу машағы ғалымның өзіне ғана емес, елге де олжа
салғанын
көрсетеді.
Ғылыми
зерттеулері
практикалық
қажеттілікпен астарласып жатады.
Профессор Т.Кәкішүлы қазақ әдебиетінің тарихын жасау
жолындағы ғылыми
әлеументтік мәні зор іске белсене
араласуда. “Қазақ өдебиеті тарихының “ үшінші томының 1
және 11 кітаптарына арнаулы тараулар мен бөлімдер жазды.
Екінші
кітаптың жауапты редакторынын
бірі болды.
Е.Ысмайылов,
М.Дүйсенов үшеуі
бірігіп
СССР
Ғылым
академиясының М.Горкий атындағы дүние жүзілік әдебиет
институтынан шығарған “Көп үлтты совет әдебиетініьі “ алты
томдық тарихының 1970 жылы шыққан 1-ші томына 20-
жылдардағы қазақ совет әдебиетіне арналған тарауды жазды.
Әл-Фараби
атындағы
Қазақ
мемлекеттік
үлттық
университетінің қазақ әдебиетінің тарихы мен сыны каф-
едрасының үжымы “Кдзақ әдебиетінің қысқаша тарихы ”атты
еңбекті
француз,
ағылшын,
корей
тілдеріне
аударуға
6
ыңғайлап,
“Кдзақ
университете
баспасы
2001
жылы
шыгарғанда басылымның жалпы редакциясын профессор
Т.Кәкішұлы басқарды.
Республика әдебиетшілерінің шығарған жинактарының,
откізген ғылыми конференцияларының бәріне де, түгелдей ат
салысып келе жаткдны тағы да бар.
Т.Кәкішұлы тек әдебиет
тарихымен гана емес, бүгінгі
әдеби процеске де араласып, ара-тұра сын макдлалар жазып
қояды. Оның мақалалары өзінің ойлылығымен, өткірлігімен
көзге түседі.
1967
жылы
Т.Көкішұлының
көптен
бері
жазып,
жүртшылықтан ризашылық пейіл көрген кейбір ғылыми-
зерттеу және сын мақалалары “Дәуір суреттері11 атты мон-
ографиялық этюдтер түрінде жарық көрді. Дала дауылпазы
С.Сейфуллин,
С.Мүқанов,
Б.Майлин,
С.Ш арипов,
Ж.Тілепбергенов, Е.Бекенов, С.Ерубаев жайындағы толымды
ойларын уақыт тезіне салыгі, жаңғырта баяндауда. Сол жылы
“Сәкен Сейфуллин11 атты кітапшасы да жарық көрді.
1968 жылы нақты тарихи-архивтік деректер негізінде
жазылған “ Қызыл сұңқар11 атты тарихи-әдеби очеркі басылып
шықты. Оның қазақ әдебиеті үшін жаңалық сипаты бар
қүбылыс екенін талай мақала, рецензияларда орынды аталды.
Автор осы еңбегін
бүкіл одақтық оқушы қауымға үсыну
мақсатымен өңдей де толыктыра
өзгертіп
Мәскеудегі
“Молодая гвардия” баспасының “Тамаша адамдардың өмірі”
сериясынан 1972 жылы шығарды. Ол үлкен
әдеби құбылыс
болды. Өйткені совет еліндегі түркі тілдес халықтарының
өкіліне арналған бірінші кітап екенін ескерер болсақ, онда
Т.Кәкіш үлының “Сәкен Сейфуллин" атты еңбегінің мән-
мағанасы екенін өзінен өзі айқындала түсері хақ. Бұл кітап
Қазақстанда халык сүйіспеншілігіне ие болған дарындар,
мемлекет-өлеумент қайраткерлері, үлы ақын- жазушылар
жөнінде арнайы серия шығару қажеттігін аны қ аңғартты.
“Жалын,,
баспасының “Өнегелі өмір" атты сериясының
серкесі 1976 жылы шыққан “Сәкен Сейфуллин,, болды.
1968 жылдан бастап Т.Кәкішүлы өзі оқып шыққан Қазақгың
С .М .Киров атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді
мемлекеттік
университетінің
қазақ әдебиеті кафедрасының әуелі аға
оқытушысы, одан кейін
доценті, қазір профессоры болып
қызмет атқаруда. Мұнда жалпы әдебиет тарихымен ғана шект-
сліп қалмай, қазақ әдебиеті сынының тарихының жалпы
7
курсын, Сәкеннің жаңашылдығы жөне қазақ совет поэзи я-
сының өркендеуі жайында дәріс оқиды.
Т.Кәкішұлының
ғалымдық-өнерпаздық ерекшілігі-өзінің
зерттеу еңбектерінде аңызына түрен түспеген тың салаларды
пакты деректер негізінде індете зерттеуге қумарлығы. Міне,
сондыктан оның қаламынан туған дүниелерге гылыми қауым
да, шәкірттер әлемі де, өдебиетті қызыктаушылар да қүлақ
түріп отырады.
Соның накды бір дәлелі “Қазақ әдебиет сынының туу және
қалыптасу жолдары” атты 1971 жылы қорғаған докторлық
диссертациясы. Ондаған жыл тірнектей зерттеген михнатты
еңбегі қазақ әдебиет сынының Октябрь революциясына дейін
туғандығын, Үлы Отан
соғысына дейін жанрлық жағынан
әбден қалыптасып, оңаша отау тіккендігін дәлелдеп беріп
отыр. Оның алғашқы бөлімі 1971 жылы “Сын сапары“ атты
монография болып жарияланды. Екінші бөлімі- “Оңаша отау“
1982 жылы басылды.
Қазақ әдебиеті сыны саласындағы
еңбегі кдзір республиканың жоғарғы оқу орындарының негізгі
оқу
құралына айналып, оның алғашқы программасын 1982
жылы жасап, 1994 жылы 25 баспа табақ көлемінде оқулығын
шығарды.
Қ азақ совет әдебиетінің 20 жылдарын түбегелі зерттеген,
казак, совет әдебиетінің негізін қалаған Сәкен Сейфуллиннің
творчестволық,, әлеументтік өмірбаянын жасаған профессор
Т.Кәкішүлының қазақ әдебиеті сынының тарихы саласындағы
еңбегі қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған зор үлес болып
табылады.
Т.Кәкішүлының саяхтшылдығының да ғибратты жағы бар.
Ол
кдй елде, қай қалада болмасын қазақ халқына, оның
қайраткерлеріне қатысты деректерді іздестіретіндігі “Үштаскдн
үш өзенмен“ (1978), “Жол үстінде 80 күн“(1983), “Ж асамапаз
өлке“(1989), кітаптарынан көрінсе, Польша, Қытай, Иран,
Түркия, Монголия, Ф ранция сапарлары қазақ диаспорасының
жай-күйімен байланысып жатады, “Жүргенге жәрдем ілі-
нетіні“ Т.Кәкішев сапарлары анықгай түседі.
Филология ғылымдарының докторы, қазақ университетінің
әдебиет кафедрасының профессоры, сырттай және күндіз
оқытытын филология факультетінің деканы болған Тұрсынбек
Кәкішүлының қажырлы еңбегі 1979 жылы “Қазақ ССР-іне
еңбек сіңірген ғылым қайраткері“
атағы берілуімен атап
өтілді.
8
Өзінің алғашқы ғылыми сапарында, тың да соны соқпақкд
түскен ғалымның кдйта қүру кезінде, әсіресе өтпелі дәуір
тұсында азаматтық әуені айрықша естілуде.
1988 жылы
“Кдғидаға айналған кдтелереді түзетелік“ атты публици-
стикасы “Алаштың ақикдтын ашық айтайыққа“ ұласып, 1992
жылы ұлттық намыскд ш ырақ жағатын “Санадағы жаралар“
атты кітабы шығып, ел-жұрттың алғысын алды. Радиот
ел едидарлардағы жалынды сөздерін, конференцияларда айтқан
сүбелі де өткір ойларын қалың көпшіліктің ынта салып
тындайтынын да жоқкд шығармаған абзал. Әсіресе кдзақ
тілінің тағдыры жайындағы күрестің бел ортасында жүргені
Т.Кәкішүлының ғалымдық келбетін саналы азаматтығы мен
табандылығы ажарлай түсері сөзсіз.
1990 жылы әл-Фараби атындағы Кдзақ мемлекеттік ұлттық
университетінің Кдзақ әдебиеті кафедрасы іріленіп “Кдзақ
өдебиетінің тарихы мен сыны“ кафедрасы оңаша отау құрды.
Оны алғашқы
күннен профессор Т.Кәкішүлы баскдрды.
Азғана жыл ішінде сол кафедра жанынан “Қазақ фольклоры
және әдебиет тарихы“ ғылыми лабораториясы құрылып, оның
құрамды бір бөлігі “Қ азақ диаспорасының рухани әлемі“ тобы
шет елдегі қазақтардың фольклорлық, этнографиялық, му-
зыкалық, материалдық байлықтарын зерттей бастады. М о
нголия
мен
Ирандағы
қдзақ
диаспораларына
барған
экспедицияларды өзі басқарып, “Мон- толия қазактары“ деген
жинақгы Дүниежүзілік қазақ кауымдастығына басып шығаруға
үсынды.
Қазақстан жоғарғы оку орындарына сіңірген еңбектері
ескерліп халықаралық жоғарғы мектеп ғылым академиясының
(Қазақстан бөлімшесі) Қүрметті академигі болып 1995 жылы 5
қазанда сайланса, Еларалық қоғамдық Айтматов академиясы
1996 жылы 4 желтоқсанда толық мүшелікке қабылдады.
Күләш Садыққызы Ахмет
доцент,филология ғьиіымының кандидаты
9
ПРОФ ЕССОР Т.КӘКІШ ҮЛЫ НЫ Ң ӨМ ІРІ М ЕН
Қ Ы ЗМ ЕТІН ІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕН ДЕРІ
Тұрсынбек Кәкішұлы 1927 жылы 15 тамызда Ақмола
обылысының Бұланды ауданындағы Даниловка руднигіне
қарасты Бөрлі ауылында дүниеге келген.
1934-1944 жылдары әуелі Қаратал, кейін Даниловка орта
мектебінде оқыған.
1944 жылдың сәуір айынан 1945 жылдың қазанына дейін
Ақмоланың облыстық қазақ театрында актер болтан.
1945 жылдың
қазанында Алматыға келіп,
Қазактың
С.М .Киров атындағы мемлекеттік университетінің филология
факультетінің журналистика бөліміне оқуға түскен.
1949 жылы 2 шілдеде Қазақстан Лениншіл комсомолдар
Одағының Орталық Комитетінің органы “Лениншіл ж ас“ га-
зетінің
жүмысшы
жастар
бөлімінің
меңгерушісі
болып
тағайындалған.
1950 жылдың 23 наурызында Қазакдың мемлекеттік оқу
педагогика баспасының жоғарты оқу орындары бөлімінің аға
редакторы қызметіне орналасқан.
1950
жылдың
маусым
айында
Қазақтың
С.М .Киров
атындағы
мемлекеттік
университетінің
бесжылдық
оқу
бағдарламасы бойынша журналистика факультетін тамандаган.
1951 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан коммунистік партия-
сының Орталық Комитетінің ұйғаруымен Республикалық
партия мектебі жанынын ашылған марксизм-ленинизм клас-
сиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударатын екі жылдық
курске жолданған.
1951-1952 оқу жылында Қазақстан Ғылым академиясының
Тіл және әдебиет институтына сырттан ғылыми ізденушілер
қатарында қазақ әдебиетінің тарихы мен совет әдебиеті
бойынша кандидаттық емдихан тапсырған.
1952 жылы 26 қазанда Қазақстан Коммунистік партиясының
Орталық Комитетінің шешімімен
ҚҚП
О К жанындағы
Партия тарихы иниститутының марксизм-ленинизм клас-
сиктерінің шығармаларын аударатын сектордың кіші ғылыми
қызметкері болып тағайындалған.
1953 жылы 14 сәуірде Қазақ ССР
Ғылым академиясы
ұйымдастырған
“Қазақ эпосының
мәселелері“
жөніндегі
дискуссияда академик
А.С.Орловтың “Қ азақ батырлық эп-
осы“ деген кітабы жайында сыни ой айтқан.
10
1955 жылы өдебиеттану саласындағы ілкі еңбеп “Ленин
және
әдебиет
мәселелері“
“Жиенғали
Тілепбергенов“
‘ Саттар
Ерубаевтың
әдеби
мүрасы“
деген
мақалалары.
“Әдебиет және искусство" (қазіргі “Жұлдыз") журналында
жарияланған.
1957
жылы саттар Ерубаевтың тандамалы шығармалары-
ның жинағын құрастырып, алғысөз жазып шыгарған.
1957 жылы 15 тамызда Тіл және әдебиет институтының
аспирантурасына түскен.
1958 жылы 19 маусымда Кдзақ ССР Еылым академиясы
өткізген “ Қазақ әдебиетінің проблемалық мәселелері туральГ
республикалық ғылыми конференцияда сөйлеп, оны академик
М.О.Әуезов өзінің қортынды сөзінде ұнамды атап өткен.
1959 жылы жаңадан ұйымдасқан Әдебиет және өнер
институтының қазақ совет әдебиеті бөліміне желтоқсан
айында әуелі кіші, аздан кейін аға гылыми қызметкерлікке
көшірілген.
1960 жылы 2 ақпанда ’’Қазак совет әдебиетінің қалыптасу
дәуіріндегі идеялық-творчестволық мәселелері
(1917-1929)”
деген тақырыпта филология ғылымының кандидаты атағын
алу үшін диссертация қорғаған.
1960 жылдың шілде-тамыз айларында Қазақ ССР Ғылым
академиясының
корреспондент
мүшесі,
филология
ғылымының докторы,
профессор,
қазақ совет
әдебиеті
бөлімінің меңгерушісі Есмағамбет Самүратүлы Ысмайыловтың
жетекшілігімен ’’Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен өнеріне
қатысты
деректерді
жинау”
экспедициясына
қатысып,
Караганды,
Ақмола,
Көкшетау обылыстарында,
келесі
жылдың тамыз-қыркүйек айларында Омбы қаласы мен Павл
одар, Солтүстік Қазақстан облыстарында архив материалдары
мен естеліктер жинаған.
1960 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және
әдебиет институтының гьшымдарының “ Қазақ совет әдебиеті
тарихының очеркі” М.Әуезов, М.Базарбаев, Е.Ысмайылов
3.Кедрина,
Е.Лизупова,
С.Мұқанов,
М.Фетисовтің
редакциялық алқасымен СССР
Ғылым
академиясының
А.М. Горький атындағы
Әлем
әдебиеті
институтының
қостауымен
М о с с а д а
шыққан уақьітта
“Қ азақ
совет
әдебиетінің қалыптасуъГ тарауын жазуға қагысқан.
1961 жылы Қазақстан жазушылар одағы мен әдебиет
институты
бірлесіп
өткізетін
дәстүрлі
әдеби
жыл
қортындысында 1960 жылғы сын мен ғылымдағы жаңалықгар
жайында өткір баяндама жасаған.
Қазақ совет
өдебиетінің
туып
қалыптасу
дәуіріндегі
көркемдік ізденіске, қым, қуат айтыс, тартыстарға, жаңа
реализмнің сырын ашуға, творчестволық күштерді тәрбиелеу
мен
ұйымдастыруға байланысты мөселелер 20 жылдағы
тарихи эстетикалық шындық әдеби мәдени күбылыстарға негі-
здей зерттелген Т.Кәкішұлының “Октябрь өркені“ деген мон-
ографиясы домалақ арыз кесірінен Орталық Комитет пен цен
зура іші
тысынан тексермеген ештеңесін қалдырмай, төрт
бетін жыртқызып 1962 жылы әзер дегенде жарияланған.
1963 жылы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер инсти-
тутынның бірнеше бөлімінің бірлескен мәжілісінде “Кдзақ
әдебиеті сынының тууы” (“Қазан революциясына дейінгі
кезең) хақында" деген зерттеу еңбегін талқыланған.
1964 жылы С.М .Киров атындағы Қазақ мемлекеттік
университетінің кдзақ әдебиеті кафедрасы “Қазақ
әдебиеті
сынының туу және қалыптасуы“ деген арнайы курсты оқуға
шақырған. 1972 жылдан бастап ол жалпы курсқа айналып, пән
ретінде
Қазақстанның
гуманитарлық
институттары
мен
университеттерінде міндетті сабаққа айналған.
1966
жылы
СССР
Жазушылар
Одағына
мүшелікке
қабылданған.
1967
жылы
Әзербайжан
әдебиетінің
классигі
Желел
Мамедкулизденің 100 жылдық мерекесіне Қазақстан делегация-
сы қурамында қатысқан.
Қазақ ССР Ғылым академиясының гүлдену шағында талай
игі
істердің
басы
қайырылды.
1959
жылғы
ғылыми
конференция Е.Ысмайыловтың ұсынысын қолдап,
қазақ
әдебиетінің ғылыми
тарихын жасауға кірісті. Әр томы екі
кітаптан тұратын монументалды еңбектің үшінші томы кдзақ
совет әдебиетінің туу, даму, қалыптасу дәуірлеріне арналды.
Е.Ысмайылов, М.Дүйсеновпен бірге Т.Кәкішұлы
екінші
гылыми тарихтың негізгі тарауларын жазып, әдеби
өмірдің
шежіресін жасап, екінші кітаптың 1967 жылы редакторы
болған.
1968 жылы 26 ақпанда Кдзактың С.М .Киров атындағы
мемлекеттік университетінің филология факультегінің қазақ
әдебиеті кафедрасына Қазақ ССР Жогарғы білім министрл-
ігінің нүскдуымен ғылыми жұмыс жүргізетін аға ғылыми
қызметкерлікке жіберілген.
12
1969
жылы
тамызда армян әдебиетінің классигі Овенес
Туманянның 100 жылдығына бағышталған “Халық және
ақы н“ атты Бүкілодақтық ғылыми конференцияда “Ж арық
жүлдыз жарқылы“ деген тақырыпта Ереван мемлекеттік
университетінде баяндама жасаған
СССР Ғылым академиясының А.М. Горький атындағы
Әлем өдебиеті институты, “ История советской многонацион
альной литературы" деген монументалды еңбек жасауга
кіріскенде бірінші томының редакциялық алқасы атақты
оқымысты
Л.И.Тимофевтің
жетекшілігімен
Кдзақстан
гылымдарынан
әдебиеттің
қалыптасу
дәуірін
жазуға
Е.Ысмайылов, Я.М.Дүйсенов, Т.Кәкішүлы тартылған болатын.
Олардың еңбегін редакциялауға суық қол араласып, әдебиет
тарихы бүрмаланған соң авторлар ұжымы атынан Т.Кәкіпгүлы
өдейі Мәскеуге барып, 1 томының редакциялық алқасының
арнайы
отырысында
баяндама
жасап,
қазақ әдебиетіне
берілген көлемді екі есеге үлкейтіп қайтқанды. Том 1970 жылы
Мөскеуде шықгы.
1971 жыл 17
маусымда FA-сының М.Ә.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтының ғылыми кеңесінде “Кдзақ
өдебиет сынының туу және қалыптасу жолдары" деген
тақырыпта докторлық диссертация қорғап, “Сын сапары“
атты монографиясын жариялаған. Филология факультетінің
партия үйымының хатшысы болыгі сайланған.
1972 жылы Мәскеудің “Молодая гвардия" баспасының
“Өнегелі адамдар өмірі“ сериясынан “С әкен Сейфуллин" атты
көркем хикаясын шығарған. Бұл кітап түрік тілдес халыктары
қайраткерлеріне арналған түңгыш ғұмырнама.
1972 жылы казан айында “Советтік шығыс халықгары
әдебиетіндегі реализм проблемасы" туралы Баку қаласында
өткен бүкілодақтық ғылыми конференцияда “Қ азақ совет
әдебитетінің
қалыптасу
дөуіріндегі
сыншыл
реализмнің
дәстүрі “ деген тақырыпта баяндама жасаған.
1972 жылы профессор атағын алған.
1974
жылы Свердловқа ұшып барып, Кама өзені бойындағы
Пермь-Чайковский-Сарапул-Набережные-Челны-Чистополь-
Волга бойымен — Ульяновск —Тольтти — Куйбышев-Сызрань-
балаково - Саратов — Камышин — Волгоград - Волга-Дон
каналы арқылы
Калач на —Дону- Цымлянск- Волгодонск-
Ростов-на-Дону
Тихорецк-Кисловод
Алматыга келгенде
“Ота, нымыздың орталық көшесімен” деген сапарнама жазып,
“Ж ұлдыз” журналында жарияланған.
13
1975 жылы СССР-дің батыс өлкелерін —Алматы-Киев-
Днепр бойымен
Канев
Кременчуг
Днепропетровск-
Запорожье — Херсон - Қара теңіз арқылы- Одесса-Киш инев-
Бельцы - Черновцы — Ивано — Ф ранковск
М оршань-
Трусковецк-Львов-Брест-М инск-М осква-Алмагы
маршруттарымен 40 күн қызыкды да мәнді сапар жасаған.
1976 жылы Қазақстанның “Ж алы н“ баспасында“Өнегелі
өмір“
сериясы
ұйымдастырылып,
“Сөкен
Сейфуллин“
ғұмырнамалық хикаясы соның тұңғышы болып шыққан.
1976 жылы СССР-дің шығыс өлкелерін
Красноярск-
Хабаровск — Владивосток
Ю жный Сахалин
Корсаков-
Холмск
—
пароммен
Советская
Гавань
-
Ванино-
Комсомольск на Амуре — Благовещенск - Тында - Чита —
Улан - Удэ — Бабушкин - Выдрино - Байқалды кесігі-
Листвянка — Иркутск — Ангарск — Абакан
М инусинск-
Ш ешенское - Новокузнецк - Прокопьевск
Барнаул-
Қараганды - Алматы маршуртымен 40 саяхатта болган. “Ж ол
үстінде 80 к ү н ” сапарнамасын 1983 жылы шыгарган.
1977 жылы саяхат қызығына баткдн пенде кавказ сапарына
шыққан. Алматы - Баку — Степанакерт — Евлах
Кировабад
(Еанжави) — Казах — Тблиси — Гори — Цихинвали
Батуми-
Поти
Зүгдуди - Сухуми - Минводы - Дербент - Махачкала-
Грозный — Шали - Орджинкидзе(Владикавказ) -Нальчик-
Пятигорск - Черкасск
Карачаевск — Теберда - Домбай-
Кисловодск - Алматы маршруытымен Кап тауының екі беті-
ндегі ірі, тарихи қалаларда болган.
1978 жылы Қырым саяхатын бастаған. Алматы-Краснодар-
Новороссийск — Анапа
Керчь — Феодосия — Старый —Крым
-Планерское( Коктебель) — Белогорск — Саки - Евпатория-
Симферополь — Алушта — Ялта — Севастополь -Бакчасарай-
Алматы маршрутымен “Қырымның алтын
алқалары” атты
сапарнама жазган. Кавказ - Қырым саясаты “Ж асампаз елк е”
деген
атпен
1989
жылы
жарық
көрген.
Сапарнама
кітаптарының
түңгышы
‘Ү ш тасқан
үш
өзен”
басылып
шыққан.
1978 жылы 25 қыркүйекте Кдзақ университетінің сырттай
оқытатын филология факультетінің деканы болып сайланган.
1979 жылы 17 қыркүйекте “Қ азақ республикасына еңбегі
сіңген ғылым қайраткері” құрметті атағы берілген.
1980 жылы Орта Азия
республикаларының Ташкент-
Самарқан — Душанбе — Ашхабад — Бахарден — Бухара -Нукүс
Қоңырат
Көне - Үргеніш — Ташауыз — Хива - Үргеніш-
14
Наманган — Фергана — Андижан — Ош — Жалил -абад-
Ташқүмар — Талас - Фрунзе(Бишкек) қалаларына үздік-
создық сапар шеккен
Жолжазбалар үздік-үздік күйінде
бастары қүралмай жаткан көрінеді.
1981 жылы Еділ бойындағы автономиялық республикаларға
арнайы сапар шеккен. Уфа
Чимшы
Ижевск-Агрыз — Ела-
буга — Казань — Иошкар — Ола - Чебоксары-Алатырь —
Саринск — Муром — Касимов — Гусь —Хрустальный —
Владимир - Суздаль - Москва
Дорохова-өнер үйі Малеевка
— Рузы — Бородино — Можайск -Б алакам ск — Наро —
Фоминск — Подольск - Чехов — Серпухов
Пущено-М оскав
Алматы маршрутымен саяхат қүрып, дем алган.
1982 жылы “Оңаша отау“ атты монографиясы, түңғыш рет
“Қазақ өдебиет сынының тарихы“ бағдарламасы жарияланған.
1985 жылы филология факультетінің деканы
болып
сайланган.
1986 жылы 21 сәуірде Қазақстан жазушылыр одағының
Сәкен Сейфуллин атындағы сыйлығының лауреаты атанган.
1987 жылы 17 қазанда әл
Фараби атындағы қазақ
мемлекттік үлттық университетінде ғалымның туғанына 60
жыл толуы мерекеленген.
1989
жылы
Ақмолада
С.Сейфуллиннің
творчестволық
мүрасына арналған окуларының 1-ші секциясының жетекшісі
болған.
1990 жылы Университетте “Қ азақ әдебиетінің тарихы мен
сы ны “ кафедрасы үйымдасып, оның меңгерушісі болып
сайланған.
1990 жылы “Сәбит Мүқанов және қазақ совет әдебиеіі“ атты
халықаралық ғылыми конференцияда 1-ші секция жетекшісі
болған.
1991 жылдың желтоқсанында Қ азақ университетімен қарым-
қатынас орнату мақсатымен Польша халық республикасының
Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университ-
етке делегация басқарыи барып, Варшава-Краков қалаларын
тамашалап, университтерінің жүмысымен танысқан.
1992 жылы шілде айында И ранның ұлы ойшылы Шаихаль-
Муфиттің 1000 жылдығына профессор А.Қасабеков, Алтае-
втармен бірге
ғылыми конференцияға қатысып, Теһран,
Кум(Қом), Исфакан шаһарларын аралап, парсы мәдениетінің
інжу-маржанымен танысқан.
1993 жылы шілде
айында “Қ азақ диаспорасының рухани
мөдениеті" тобы Ресгіубликаның ғылыми және жаңа технол-
15
огия министрлігінің (Әбілсейтов) қолдауымен Монгол Халық
республикасының
Баян-Өлгий
аймағына
жеті
маманнан
жасакдалған ғылыми-сазды, этнографиялық әкспедицияны
басқарып барған.
1993 жылы Қазақстан жазушылар Одағының жасақгауымен
14 ақын-жазушы,
ғалымдар Мағжан
Ж ұмабевтың
100
жылдыгын
Түркияның
Стамбул,
Бурса,
Балашекер
қалаларында өткізген шараларына белсене араласып, қазақ
диаспорасының тұрмыс-тірлігімен танысқан.
1994 жылы Ф ранцияның Валенсьен университетінде 10 күн
лекция оқып, Лилль департаментін, Бельгияның астанасы
Брюсельді аралаған. Париждің
тамашасына үш күн бойы
тойына алмай, Германияның Гонновер кдласы арқылы елге
оралған. Ф ранцияның оқу министрлігінің өтініші бойынша
“Қ азақ әдебиетінің қысқаша тарихы“ деген абройлы еңбекті
кафедра мүшелерінің жасауына басшылық еткен.
1994 жылдың
желтоқсаны мен 1995 жылдың қаңтарында
Иран ислам республикасында қазақ диаспорасына
Ілия
Ж ақанов,Қоянбек Ахметовпен бірге барып қайтқан.
1995 жылдың 5 қазанында Халықаралық жоғарғы мектептер
ғылым академиясының Құрметті академигі болып сайланған.
Халықаралық қоғамдық Айтматов академиясы 1996 жылы 4
желтоқсанында толық мүшелікке қабылданған.
1997
жылы 16 мамырда республика жұртшылығы профессор
Т.Кәкішүлының туғанына 70 жыл мерекесін Ә л-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетте атап өтті.
Желтоқсан айында Ақмола облысының орталығы Астанада,
туған Бүланды ауданында мерекеленіп, өзі оқыган Даниловка
орта мектебіне бұрынғы Киров көшесіне ғалымның аты
берілген.
1997 жылы 23-26 мамырда Түркістан қаласындагы Қожа
Ахмет Яссауи атындағы халықаралық
Қ азақ -
Түрік
университетінде
“Түрік
тарихының
мәселелері”
деген
тақырыпта Халықаралық симпозиумның 26 мамырдағы он
бірінші мәжілісінде баяндама жасаған.
1998
жылы
17
наурызда
Кдзақстан
республикасы
президентінің
жарлығы
бойынша
“Парасат,,
орденімен
марапатталған.
1998
жылы
28-30
қыркүйекте
“М.Әуезов жөне
әлем
әдебиеті” атты халықаралық конференцияда “М.Әуезов және
кдзақ әдебиеттану ғылымының қдлыптасу мәселелері” деген
тақырыпта баяндама жасаған.
16
1999
жылы
24-25
наурызда
Жүсіпбек
Аймауытовтың
туғанына 110 жыл толуына арналған Қдрағанды қаласында
откен
халықаралық
гылыми-практикалық конференцияда
“Ж.Аймауытов —мағжантану ілімінің негізін кдлаушы” деген
тақырыпта баяндама жасаған.
1999
жылы тамыз айында Қазақ қыздар институтьшың
“Ү лар” ансамблі КдзМУ-дың доценті К.Ахмет қатысқан өнер
бригадасымен Қытай халық Республикасының Шыңжандағы
Қүлжа облысының Монғол-Куре, Текес, Кунес сынды қазақ
аудандарын аралап, кездесулер өткізген.
1999 жылы 14 қыркүйекте Дүниежүзілік қазақ кдуымдастығы
мен Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институты
үйымдастырған “Қ азақ диаспорасының
тарихын зерттеудің
келелі мөселелері” атты гылыми-практикалық конференцияда
“Шетелдердегі қазақтардың рухани байлығын тарих ауқымына
тартудың ж ай-күйі” деген тақырыпта баяндама жасаған.
2000 жылы 24-27 сәуірде Петропавел кдласында “С әбит
Мұкдновтың әдеби-мәдени мүрасы және қазіргі заман,, атты
халықаралық ғылыми конференцияда “С әбит Мүқановтың
кдзақ әдебиетіндегі тарихи орны„ деген тақырапта баяндама
жасаған.
2000
жылы
17
мамырда
Астана
қаласында
өткен
республикалық ғылыми конференцияда “С әбит Мүқанов-
қазақ әдебиетінің классигі” деген баяндама жасаған.
2001 жылы 18 сәуірде Қазактардың Иранға ауып баруының
70 жыл>дығына орай “Қазақ-И ран бауырластығының тарихы
мен мәдени дамуы:бүтінгі күнгі өзекті мәселелері” атты
еларалық ғылыми семинарда “И ран қазақгарының
рухани
шығармашылығы һәм салт-дөстүрі” деген баяндама жасаған.
2001
жылы 26 сәуірде М.Әуезов атындағы әдебиет және
өнер институты Е.Ысмайыловтың 90 жылдығына арнап
үйымдастырған
республикалық
ғылыми
конференцияда
“Есмағамбет
Ы смайылов-қазақ
әдебиеттану
ғылымының
негізін салушылардың бірі” деген негізгі баяндаманы жасаған.
2001 жылы 18-19 мамырда Астана қаласында Л .Н .Гумилев
атындағы Еуразия университетінде Қазақстан республикасы
тәуелсіздігінің
10
жылдығына
арнаған
“Байы рғы
түрік
өркениетті: жазба ескерткіштер” атты ғылыми-теориялық
конференцияның
“Байырғы
түрік
ескерткіштері:тарихи
аспект” деген секциясында “Әдебиетіміздің арғы
бастауы
хақында немесе тарихты түптен тартайық ”деген тақырыпта
баяндама жасаған.
17
2002
жылы 1 ақпанда Е.А.Бөкетов атыңдағы Қарағанды
мемлекеттік
университеті
мен
“Валют Транзит”
қарж ы -
өнеркәсіптік ассоциациясы өткізген ғылыми конф еренцияда
“Е.ЬІсмайылов және қазақ әдебиеттану ғылымы” деген
тақырыпта баяндама жасаған.
2002
жылы 28 ақпанда С.М ұқанов пен Ғ.М үсіреповтің
мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешені Ю Н ЕСКО
шешімімен өткізген халықаралық ғылыми конференцияда
қазақ әдебиетінің “Қазбегі мен Эльбурсы” деген тақырыпта
баяндама жасаған.
2002
жылы
19-21
наурызда
Петропавл
қаласында
“Ғ.Мүсірепов
жөне
оның
әдеби-көркем
мүрасы”
атты
халықаралық конференцияда “Ғ.М үсірепов-қазақ әдебиетінің
классигі” деген тақырыпта баяндама жасаған.
2002 жылы 27 сәуірде өткен Қазақстан жазушылырының XII
қүрылтайына шешуші дауыспен делегат болған.
2002 жылы 20 қыркүйекте Е.А.Бөкетов атындағы Кдрағанды
мемлекеттік университетінің қүрылғанына
30 жыл
толу
мерекесіне, 21-22 қыркүйекте Кенесары ханының Көкшетауда
өткен 200 жылдығына, 25-27 қыркүйекте Тараз қаласының
Ю НЕСКО шешімімен
аталған 2000 жылдық тойларына
қатысқан.
18
Достарыңызбен бөлісу: |