«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 114
таңдап ала білуі, үздік образ, оригиналдық сөйлем құрылыстары арқылы игілікті іс-
еңбектері тарих төрінен орын алады» деп біледі [3, 6].
«Қазақтың халық поэзиясында табиғат суреті, жаратылыс көріністері үлкен орын
алады. Бұлай болуы заңды да. Сахарада көшіп жүрген, күнделікті өмірі жазда, күзде, тіпті
жыл бойы дерлік кең далада, төңкерілген ашық аспан астында, өзен-судың жағасында
өтетін елдің өзін ұдайы табиғаттың аясында, құшағында отырғандай сезінуі таңқаларлық
нәрсе емес» - дейді теоретик ғалым З.Ахметов [4, 33]. Шындығында Ілияс ақынның
«Жетісу суреттері» өлеңі жансыз табиғатқа жан бітіріп, ерекше сипатталған. Тіршіліктің
қайнар көзі осы табиғатта жатыр. Оқушылардың бойына жаратылыс туралы таным түсінік
де осындай поэзияларды оқығаннан қалыптасады.
«Жетісу суреттері» өлеңі Ілиястың суреттеу арқылы ең жоғары талғаммен
жазылған өлеңдерінің бірі. Оны Мұхтар Әуезовтың мына сөздерінен аңғаруға болады,
«Мен Ілиясты бұрын да білуші ем, өлеңдерін оқып жүретінмін. Бірақ оның шын
мағынасында дарынды ақын екенін мойындағаным сол «Жетісу суреттері» өлеңін
оқығаннан кейін», - деп таң-тамаша қалуы орынды [5, 69]. «Жетісу суреттері» өлеңі бес
бөлімнен тұрады. Олар: «Жалпы сын», «Тау суреті», «Жетісудағы су суреті», «Жетісу
жәндігі», «Жер түгі» тәрізді 333 жолдан тұратын көлемді туынды. Бұл шығарма – қазақ
поэзиясындағы еш қайталанбас құнды поэзиялық мұра. «Жетісу суретінде» ақын 52
тіршілік иелерін атап өтетініне оқушылардың назарын аударып, өлең жолдарын
нақышына келтіре дауыстап оқып беру керек. Ол, сөз жоқ, оқушы сезіміне әсер етері хақ.
Жасанған театрдағы ойыншыдай,
Құздардың көрінеді аң алаңынан.
Қиынның жынысында бар деседі,
Сілеусін, ілбіс, аю, бұғы, бұлан.
Кәдімгі қасқыр серек,қарақұлақ,
Шуылдайд шие бөрі үй артынан... [3, 205]
Енді бірде, жыртқыш құстар туралы:
Тазқара,балтажұтар, ақбас құмай,
Бұлақта отырғанын көрем ұдай,-
деп тағы басқа да құстар мен қазіргі уақытта ұмыт болған ағаш-шөптердің атаулары да
өлеңде табиғи жарасым тапқандығын «Жетісу жәндігі» бөлімінен мысал келтіре отырып
түсіндіріп, оқушыны туған жерін сүюге, табиғат ананы аялауға, эстетикалық танымдық
қызығушылығын оятуға тәрбиелейміз. Осы орайда оқушыға жырда кездесетін аң-құс,
жәндік, өсімдік атаулары туралы ақпарат тауып, қорғауға тапсырма беріледі. Бұл жұмыс
оқушыны ізденіске жетелейді. Сонымен қатар өлең бойынша оқушыға «Қос жазба»
күнделігін толтырып, түсіндіруге сызба жұмысы беріледі. Бұл тапсырманы орындатудағы
мақсатымыз оқушыларға Жетісудағы жер-су атауларын таныстыру.
Мысалы:
Үзінді
Сипаттама
Жетісу
Жетісу - жер жанатты.
Оқушының жұмысы:
Үзінді
Сипаттама
Жетісу
Жетісу - жер жанатты.
Тарбағатай
Тарбағатай - жердің құты
Үшқараш
Үшқараш - малға жайлы, елге жайлау
Қарқара
Қарқара - құт мекен, қарағай,арша мол
өсетін жер.
Мұзбалақ
Мұзбалақ - аспанмен тіркескен әдемі жер.
Алтай
Аруақты-Алтай. Бұл жерге талай талай
жұрт көз тіккен.
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции