Сабақ жоспары Бөлім атауы: 5-бөлім: Сөз мәдениеті. Білім. Ғылым. Инновация



бет1/2
Дата13.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#67608
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
1 Қаныш Сәтбаев ғылым-білім туралы Көркем әдебиет стилі


Тексерілді
«Қазақ тілі» пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім атауы: 5-бөлім: Сөз мәдениеті. Білім. Ғылым. Инновация

Мектеп:
Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия

Пән мұғалімі:

Нұржәмила Мұсақызы Сұлтанбекова

Сынып: 10-сынып

10 «Д» сынып

10 «Ж» сынып

Өтілу мерзімі:







Саб. тақырыбы

Қаныш Сәтбаев ғылым-білім туралы. Көркем әдебиет стилі

Оқу бағд. сәйкес оқыту мақсаты

10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау;
10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра біледі, астарлы ойды анықтайды, белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданады.

Көптеген оқушылар:

Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра біледі, астарлы ойды анықтайды, ойын дәлелді жеткізеді, белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданады.

Кейбір оқушылар:

Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра біледі, астарлы ойды анықтайды, ойын дәлелді жеткізеді, белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, шығармашылық талғаммен қолданады.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы
1 минут

Ұйымдастыру кезеңінде мақсат, тақырыппен таныстырылады.

Мақсат, тақырыппен танысады.







Сабақтың ортасы
5 минут

1-тапсырма.
 Соңғы жылдардағы қандай әлемдік инновациялық өнертабыстарды білесің?
 Ғылым мен білім, инновация үштігі дегенді қалай түсінуге болады?
2-тапсырма
Суретке назар аудар. Білім берудегі инновациялық процестер туралы не айтуға болады?
Қазіргі ғаламдық білім саласымен қалай байланыстырар едің?

Сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:
*ойын жүйелеп жеткізеді; *тақырыпты өмірмен байланыстырады.

Сурет, сұрақ-тар

4 минут

Оқулықтан көркем әдебиет стилі туралы оқыту.

Стиль туралы оқып, еске түсіреді.







30 минут

Тыңдалым мәтіні:
Инвестициялау мәдениетін қалыптастыру керек Өнертапқыштар да қателеседі. Алғашында инновациялық болып көрінген идея іс жүзінде өз нәтижесін бермей жататын немесе көзге түсе алмайтын жағдайлар жиі кездеседі. Осылайша, стартап инвесторларды аралап, көлеңкеде қалып қояды. Елімізде венчурлік инвесторлар мәдениеті қалыптаспағанын айта кеткен абзал. Инновацияны енгізу үшін күрес – өнертапқыштың мойнына жүктеледі. Көптеген стартап жобалар алғашқы кезеңде-ақ жоғалу қаупінде тұрады. Яғни, мұндай жағдайлар нарықты толық зерттемегендіктен орын алады. Кейде өнімнің сырт пішінінің тартымдылығы венчурлік қорларды, инвесторларды тартуға кедергі жасайды. Сондықтан тіпті өнімнің дизайнынан бастап, оның жұмыс істеу механизмі толығымен қалыптасу керек-ақ. Отандық ІТ салада дұрыс жасалмаған дизайн мен қолданушылар үшін қолайсыз пішін салдарынан қаншама инновациялық шешімдер нарыққа ене алмай қалды. Тағы бір айта кететіні, өнертапқыш өз инновациясын инвесторларға сата алатын менеджер бола алмайды. Сонымен бірге, ол білімді де білікті мамандардан топ құрып, өнімін өндіріске ендіру жолында алдына жан салмайтын басқарушы бола білу керек. Бұған инвесторларды табу қиындығын қосыңыз. Осылайша, көптеген инновация өндіріске жетпей қалады. Елімізде әлі күнге дейін инвестициялау мәдениеті қалыптаспай келе жатқаны ащы шындық. Ал қаншама стартап жобалар қаражатқа мұқтаж. Мұнда да қандай жобаларға ақша құюға болатыны, келісімшартқа қалай отыру керектігі жайлы білім жетпейді. Мемлекеттің қолдауымен құрылған стартап алаңдар қарқынды жұмыс істеп келеді. Десе де, стартап мемлекетсіз нарыққа өте алатындай жағдайға жету керек. Анығы сол – бәсекелестікті күшейту қажет. Сонда ғана бүгінгі заман сұранысына сәйкес, уақыт талабына жауап беретін жаңа өнім пайда болады.
Ақбота Исләмбек https://aikyn.kz/2018/08/25/65282.html

3-тапсырма. Тыңдалымдағы ақпаратты төмендегі сұрақтар бойынша талда.


1-сұрақ. Мәтінде қандай көтерілген мәселе бар? (кем дегенде 2 мәселені көтер)
2-сұрақ. Көтерілген мәселені шешудің бірнеше жолын ұсын (2 ұсыныс ұсын).
3-сұрақ. Мәтіндегі мәселені ғаламдық тұрғыдан қарастырып, өз көзқарасыңды білдір.
4-сұрақ. Мәтіндегі астарлы ойды ғылым мен білім саласымен қалай байланыстырар едіңдер?




Дескриптор:
*негізгі ойды ғаламдық мәселемен байланыстырып, көтерілген мәселеге пікір білдіреді; *мәтіндегі астарлы ойды анықтайды; *көтерілген мәселенің кем дегенде екеуін табады;
*мәселені шешу жолдарын ұсынады; *мәселеге ғаламдық тұрғыдан өзіндік көзқарасын білдіреді; *сөздерді іріктеп қолданады; *сөздерді түрлендіріп қолданады; *сөздерді шығармашылық талғаммен қолданады.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет