«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 130
мақала оқылым және айтылым дағдыларының арасындағы байланысты зерттей отырып,
мәтінмен жұмыс арқылы айтылым деңгейін жақсартудың мүмкіндіктерін қарастырады.
Оқушылардың оқылым дағдысының бір компоненті ретінде мәтінмен жұмыс жасау
әдістерін атауға болады, себебі кез келген типтегі мәтінмен жұмыс жасау үрдісі оқылым
дағдысына негізделеді. Сондықтан, мәтінмен жұмыс арқылы айтылым деңгейін
жақсартуды айтылым мен оқылым дағдыларының байланысы тұрғысынан зерттеуге
болады. Тіл білімі ғалымдарының айтуынша, тіл үйренушілер көп кітап оқитын болса,
олардың білім деңгейі жоғарылап, оқу процесі нәтижелі болып қана қоймай, тілді тез
меңгере алады. Бұған себеп, оқылым барысында оқушылар сөйлемдердің мағынасын
түсіне отырып, олардың структуралық құрылымын зерттейді. Сонымен қатар, мәтінмен
жұмыс жасау арқылы оқушылар өздерінің сөздік қорын да кеңейте алады [2]. Сондықтан,
оқушыларға көбінше сабақтың барысында және сабақтан тыс уақытта да көбірек мәтінмен
жұмыс жасап, оқылым дағдысын дамыту ұсынылады.
Айтылым дағдысы адамның миындағы ойлар мен идеяларды тілдің көмегімен
екінші бір адамға жеткізу әрекеті деп сипатталатыны белгілі. Яғни, бұл дағдыны белгілі
бір мағынаны жеткізу үшін сөйлеу әрекетін жүйелі түрде жүргізу әрекеті деп анықтауға
болады. Коммуникативтік бағыт тұрғысынан айтылым дағдысының екі негізгі
компонентін анықтап көрсетуге болады. Нақтырақ айтқанда, екі адамның арасындағы
тілдік қатынас барынша нәтижелі әрі сәтті болуы үшін сөйлеушінің тілді қолданудағы
дәлдігі мен еркіндігі өте маңызды деп есептеледі. Сөйлеушінің дәлдігі дегеніміз оның
қарым-қатынас барысында барынша нақты әрі орынды сөздер, грамматикалық
құрылымдар мен сөздерді дұрыс дыбыстау үлгілерін қолдану үрдісі болып табылады.
Демек, тіл үйренуде тілдік дәлдікті қалыптастыру оқушы сөздік қорын дамытып,
грамматикалық ережелерді түсініп қана қоймай, сөздердің дұрыс дыбысталуы немесе
айтылуын да үйренуі қажет. Ал оқушының тілдік еркіндігі дегініміз оның тілді жетік
меңгеруі арқасында еркін сөйлей алу қабілеті деп түсіндіріледі. Яғни, оқушыға кенеттен
сөйлеу қажеттілігі туындаған жағдайда қысылмай, кідірмей сөйлей алу үшін тілдік
еркіндікті қалыптастыру өте маңызды деп есептеледі. Бұл аталған айтылым
компоненттерін қалыптастырып, дамыту барысында мәтінмен жұмыс жасаудың, яғни
оқылымның рөлі зор. Себебі, оқылымның көмегімен оқушылар өздерінің сөйлеу
әрекеттерінің шеңберін барынша кеңейтуге мүмкіндік беретін жаңа сөздік қор жинақтай
алады. Дәлірек айтқанда, оқушылар мәтінмен жұмыс жасау арқылы кез келген тақырып
аясында әңгіме өрбіте алу үшін тақырыптық сөздерді үйренеді. Ең маңыздысы, оқушылар
оқылым арқылы өздерінің үйреніп жатқан тілдерінде жақсы тәжірбие жинауға мүмкіндік
алады. Ал оқылым кезінде алынған білім мен тәжірбие өзге де дағдыларды дамытуда
қолданыла алады. Сонымен қатар, көп оқу арқылы тіл үйренушілер өздерінің
қызығушылықтарын анықтап, жеке тұлғалық даму жолын қалыптастыра алады [3]. Осы
тұста, мәтінмен жұмыс жасау арқылы айтылым дағдысын дамытудың негізгі тәсілдері мен
жолдарына талдау жасаған жөн.
Біріншіден, оқылымның көмегімен айтылым дағдысын дамыту үрдісі жаңа сөздер
үйрену мен грамматикалық білімді жетілдіруге байланысты. Оқылым барысында тіл
үйренушілер мәтіндердегі сөйлемдердің грамматикалық құрылымы, ондағы сөздердің
қолданысы мен өзара байланысына мән бере отырып, өзіндік білім қалыптастырады.
Яғни, оқушылар мәтіндерде ұсынылған сөйлем құрылымдары мен сөздердің мысалдарын
өздерінің сөйлеу әрекеттерінде қолдануға мүмкіндік алады. Кез келген сөйлеу әрекетінің
мағыналық мәні жоғалмай, ойды жеткізуде дәлдік болуы үшін оқушылардың
грамматикалық білімі мен сөздік қоры жоғары деңгейде болуы тиіс. Ең алдымен,
грамматикалық ережелерге сүйене отырып құрылған сөйлемдер сөйлеушінің ойын еш
бұрмалаусыз, дәл жеткізуге көмектеседі. Бұл тұрғыда, оқушылардың грамматикалық
білімі тілдің табиғатын көрсетеді деуге болады. Екіншіден, сөйлеушінің ойын тура
жеткізуде маңызды рөл атқаратын тағы бір фактор сөздік қор болып табылады. Сөйлеуші
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции