Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»



Pdf көрінісі
бет18/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69
Байланысты:
мадениеттану кытап

Пысықтау сұрақтары: 
1. «Семиотика» ұғымына берілген түсіндермелерге сипаттама беріңіз? 
2. Қазақ мәдениетіндегі семиотика нені білдіреді? 
3. Семиотиканың қоғамдағы функциялары мен рөлдерін анықтап 
көрсетіңіз? 
4. Қазіргі Қазақстан мәдениетіндегі коммуникациялардың рәміздік 
суреттемелеріне тұжырымдамалық сипаттама беріңіз? 
5. Қазақтың дәстүрлі мәдени коммуникациясында кез-келген практикалық 
іс-әрекеттерді сипаттаңыз? 
 
4. МӘДЕНИЕТ АНАТОМИЯСЫНЫҢ СИПАТЫ 
Мақсат: 
Мәдениет анатомиясы түсінігін ашу, ғылыми 
еңбектердің негізінде оның түп-тамыры мен қазіргі заман мәдениет 
типологиясын анықтау.
 
4.1. Мәдениет типологиясы 
Мәдениет анатомиясы дегеніміз бұл ең алдымен мәдениет 
типологиясы. Ал тип дегеніміз ежелгі грек тілінен үлгі, пішін, модель, 
яғни мәдениеттің түрлері, үлгілері, модельдері туралы білім болып 


67 
табылады. Жалпы мәдениеттер типіне келетін болсақ, әлемдік мәдениет 
екі типке шығыс мәдениеті және батыс мәдениеті болып бөлінеді.
Мәдениеттердің шығыс және батыс бөліктеріне бөлінуі олардың 
территориялық орналасуын ғана емес, сонымен қатар әлемді түсіну 
әдістері мен тәсілдерінің сипаттамаларын, құндылық бағдарын, негізгі 
идеологиялық қатынастарын, әлеуметтік-экономикалық және саяси 
құрылымдарын сипаттайды. 
Батыс мәдениеті қазіргі кезде әлемде үстемдік етіп, өз үлгілерін 
әлемге таратып тұрған мәдени тип. Батыс мәдениетінің негізгі ұғымы бұл 
әрине белсенділік. Рәміздік тұрғыда, бұл Гетедегі Фауст бейнесі, 
Фаусттың мақсаты жұмақ аспанда емес жер бетінде, сондықтан жер бетін 
гүлденген баққа айналдыру керек.
Батыс мәдениеті технологиялық даму құндылықтарына, қарқынды 
өмір салтына, мәдениет пен қоғамды жақсартуға бағытталған. Бұл 
тұрғыда батыс мәдени типі көптеген жетістіктерге жетті, оған қазіргі 
технологиялық әлемдегі ұсынған өнімдері, технократиялық жетістіктері 
дәлел бола алады.
Батыс мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері бұл тұлғаның еркіндігін, 
жеке меншіктің, адам құқығына басымдық беруді мойындайтын 
құндылықтар жүйесі. Батыс мәдениетінде батыс адамына барлығы тек өзі 
үшін, «егер мен өзім үшін болмасам, кім онда мен үшін?» дейді. 
Азаматтар арасындағы пайда болған мәселелер, бұл жекелеген 
адамдардың қарым-қатынас арасындағы мәселе болып табылмайды. 
Батыста бұл тек құқықтық негізде реттеледі, себебі батыс мәдени типінде 
адам өз еркіндігін қамтамасыз етуде мемлекетке, құқыққа көбірек 
сүйенеді.
Келесі мәдени тип шығыс мәдени типі, егер батыс табиғатпен 
қарым-қатынасты қамтамасыз ететін техникалар мен технологияларды 
құру үлгісімен жүрсе, шығыс табиғатпен үйлесімділікке, табиғи жолмен 
дамуға ұмтылысымен, рухани мәдениеттерге басымдық беру арқылы 
теңдессіз жетістіктерге жетті. Батыс мәдениеті сыртқа бағытталған, ал 
шығыс мәдениеті адамның ішкі әлеміне енуімен сипатталады.
Барлық әлемдік діндер шығыста пайда болды. Тіпті сонын ішінде 
батыстың діні христиандық Таяу Шығыста қалыптасты. Шығыс 
мәдениетінде адам қашанда қоғамшыл, себебі шығыстық қоғамда адам 
қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Көптеген шығыс ойшылдары әлемді тек 
өз бойында тұтастық пен үйлесімділікке ие болу арқылы жақсартуға 
болатындығына сенімді болды. 
Тарихи-мәдени қозғалысты мәдениеттану дүниежүзілік тарихтан 
басқаша қисынмен зерттейді. Оның алдында оқиғалар мен тарихи 
деректердің тізбесін жасау мақсаты тұрған жоқ. Ол осы тарихи-мәдени 
процестің қисындық модельдерін бейнелеуге тырысады. Егер біз 
дүниежүзілік тарихқа осы сипатта назар аударсақ, онда адамзат дамуында 
екі бағыт бар екендігін байқаймыз. Біріншісі, табиғатты меңгеру арқылы 


68 
өндіргіш күштер мең өндірістік қатынастарды өркендетумен, білім мен 
техниканың дамуы нәтижесінде қалыптасатын өркениетпен байланысты. 
Өркениет заманы адам өміріне машинаның жан-жақты енуімен, тіпті 
адамның руханилығының құндылығы кеміп, оның осы машинаның 
тетігіне айналған қөріністерімен айқындалып тұр. Н.А.Бердяев бұл 
туралы былай деген: «Өмір органикалық сипатын жоғалтып, табиғи 
тербелістермен байланысынан айырылады. Адам мен табиғаттың 
ортасына, адамның табиғатты бағындырғысы келген құралдары 
қойылған. Өркениеттің негізі енді табиғилық та, руханилық та болмай 
қалды, оның негізі-машиналық. 
Әрине өркениет адам өмірін қазіргі кезде тұтынудың жоғары 
деңгейіне көтерді. Дамыған елдерде «не жеймін, не киемін» сияқты 
мәселелер түбегейлі шешілген. Бірақ адамзат үшін бұлардан басқа 
маңызды талап-тілектер бар. Екінші бағытты-адам руханилығының 
дамуы (мәдениет) деп атауға болады. Ол адамның ішкі дүниесіне, оның 
терең сезім қатпарларына, ой-өрісіне бұрылған. Осы екі бағыттың 
айырмашылығын Шығыс пен Батысты салыстыру арқылы да байқауға 
болады. Егер Шығыс мәдениетке көбірек көңіл бөлсе, Батыс өркениетті 
дамытуда бірталай жетістіктерге жетті. «Батыс адамы дүниемен, 
табиғатпен, өзі сияқты басқалармен қүресуде. Шығыс адамындағы күрес 
пафосы-керісінше: ол өзімен-өзі, өзіндегі толымсызбен күреседі. 
Егер тарихи-мәдени қозғалыстың динамикасын алып қарасақ, онда 
тарихи тұрғыдан төмендегідей сатыларды бөліп көрсетуге болады. 
І. Льюис Генри Морганның ілімі бойынша: 1. Тағылық. Варварлық. 3. 
Өркениет. 
ІІ. Маргарет Мидтің ілімі бойынша: 1. Постфигуративтік мәдениет. 2. 
Кофигуративтік мәдениет. 3. Предфигуративтік мәдениет. 
ІІІ. Даниелл Беллдің пікірі бойынша: 
1. Индустриалдыққа дейінгі қоғам. 
2. Индустриалдық қоғам. 3. Индустриалдықтан кейінгі қоғам

Марксизм бес қоғамдық-экономикалық формацияға (алғашқы 
қауымдық, құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік) тән 
мәдениеттің бес түрін көрсетеді. Бұған дейін мәдениет өзінің тұтастық 
және жалпылық белгілері бойынша бүкіладамдық, қасиет ретінде 
сипатталды. Алайда, нақтылы тарихта әртүрлі мәдени жүйелер өмірге 
келіп жатады, олар кейін орнын басқаларға береді. Ал этностық, (ұлттық) 
мәдениеттерді алсақ, олар тіпті бір ғасырдың өзінде талай өзгерістерді 
басынан өткізген. Мысалы, XX ғасырдағы қазақ мәдениеті туралы сөз 
болғанда көшпенділерден бастап кеңестік тоталитарлық мәдениетпен 
қоса, қайта жаңғырып жатқан қазақтың төл мәдениеті туралы зерттеу 
қажет. 
Сонда, әр мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпай, белгілі бір 
жүйеге, топқа келтіруге бола ма? Бүл мәдениеттер типологиясы туралы 
және мәдениеттанудағы ең келелі мәселелердің бірі болып табылады. 


69 
Типология (грек тілінен «типос-пішін, үлгі, із және «логос-ілім, соз 
деп аударылады) деп қазіргі ғылыми әдебиетте зерттеу объектілерін 
жалпылама үлгі көмегімен талдау, сұрыптау және жинақтау әдістері мен 
тәсілдерін айтады. Типология, әсіресе, бір-біріне үқсамайтын, көп түрлі 
құбылыстармен істес болатын ілімдерде реттеу және түсіндіру 
мақсатында жиі қолданылады. Осы сипатта типологияның XX ғасырда 
жан-жақты дамыған структурализм, жалпы жүйелік ілім мен 
мәдениеттану сияқты ілімдерде кеңінен қолданылатынын баса айту 
қажет. 
Бұл ілімдерде типология әр түрлі құрылымдык заңдылықтарды ашу, 
олардың негізіндегі архетиптерді айқындау, осының нәтижесінде идеалды 
типтерді қүрастыру және оларды салыстырмалы тәсілдермен түсіндіру 
сияқты ғылыми негізгі әдістерге жатады. Сонымен, адамзатқа тән сан 
алуан мәдениетті зерттеу үшін типология ауадай қажет. 
Қазіргі 
мәдениеттануда 
типологияның 
бірнеше 
баламасы 
қабылданған. Бүл жерде шешуді қажет ететін мәселе-мәдени типтердің 
өзара байланысы. Дүниежүзілік тұтас мәдениеттер эволюциясы бар ма, 
әлде әрбір мәдениет оқшау, бір-бірімен алшақтап кете ме? Осы мәдени 
типтердің тарихтағы салмағы, оның қосқан үлесі қандай? Неліктен 
адамзат дамуында белгілі бір мәдени тип алға озып шығады? Ал бұрын 
гүлденгені, неге кейін солып қалады? Осындай сұрақтарды жалғастыра 
беруге болады. Енді соларға түсіндірмелерді іздестіріп көрейік. 
Осы мәселе бойынша мәдениеттануда негізінен үш бағытты бөліп 
алуға болады. XІX ғасыр тарих тұрғысынан мәдениет типтерін негізінен 
біртүтас дүниежүзілік өркениеттің қалыптастыру заңдылықтарына 
сәйкестендіре шешті. Дарвинистік эволюциялық ілім ықпалымен пайда 
болған бір бағыттық прогрессивтік мәдени даму тұжырымдамасы 
бойынша әртүрлі өркениет жоқ. Тек бір өркениет бар және де барлық 
дамыған елдер мәдениеттің ұқсас сатыларынан өтеді. Бұлай ойлау, 
әсіресе, марксизм ілімінде анық айтылған (қоғамдық-экономикалық 
формациялар, 
спираль 
түрінде 
даму 
идеялары). 
Гегель 
философиясындағы жалпыламалықтың жекелерден жоғары түрып, оларға 
үстемдік ету принципі мәдениет типтеріндегі өзіндік ерекшеліктерді 
елемеуге әкеліп соқты. 
XІX ғасырдың екінші жартысынан басталған бетбұрыс осы 
мәселеге де өз әсерін тигізді. Мәдениеттегі ортақ даму заңдылықтарын 
логикалық тұрғыдан талдаудың орнына әрбір өркениеттің көркем 
өмірбаянын суреттеу алдынғы қатарға шықты. 
Ресейде де бұл идея XІX ғасырда терең тамыр жайған. Осы ретте 
орыстың белгілі мәдениет тарихын зерттеушісі Н.Я. Данилевскийдің 
тарихи-мәдени тип іліміне қысқаша тоқталып өтейік. Ол өзінің «Ресей 
және Еуропа» атты шығармасында тарихта 13 мәдени типтің болғанын 
атап өтеді. Осы тарихи-мәдени типтердің арасынан біз түркі халықтарын 
таба алмаймыз. О. Шпенглер сияқты Н. Данилевский де «Орталық Азия 


70 
халықтары варварлық сатыдан шыға алмады» деген еуроорталықтық 
көзқарас шеңберінде қалып қойған. 
Әрбір мәдени-тарихи тип оқшау организм тәрізді болғандықтан, 
олардың бір-біріне қарым-қатынасы шектелген, араларында шынайы 
сұхбаттасу (диалог) мүмкін емес. Н. Данилевскийдің пікірінше, ұлттық 
мәдениеттер шығармашылық (творчестволық) және қатып-семіп 
қалғандар (реликтілік) болып бөлінеді. Тарихи қозғалыс нәтижесінде 
кейбір мәдениет алға озып шығады да, басқалары оларға этнографиялық 
материал болудан озгеге жарамайды. Жалпы қалыптасқан мәдениет 
шамамен 1500 жылдай өмір сүреді. Оның 1000 жылын қалыптасу, нәр 
жинау, басқалардан оқшаулануды қамтитын этнографиялық кезеңді алса, 
400 жыл мемлекеттік кезеңге жатады. Тек соңғы 50-100 жыл ішінде 
тарихи-мәдени тип өзін көрсетеді, тарихта із қалдырады. Бұл кезеңді Н. 
Данилевский өркениет деп атайды. Бірақ өркениет түбінде этностық 
мәдениетке орны толмайтын нұқсан келтіреді, оның архетиптік өзегін 
жегідей жейді. 
Әрине, Н. Данилевский тарихи-мәдени типтердің арасындағы 
байланысты мүлдем жоққа шығара алмайды. Оның пікірінше, 
мәдениеттердің арақатынасының 3 түрі бар: 
а) жою, тазарту (мысалы, еуропалықтардың Америкадағы үндістер 
өркениеттерін мүлдем құртып жіберуі); 
ә) будандастыру (І Петрдің еуропалық мәдениетті орыс жеріне енгізуі); 
б) тыңайту (мәдениет өзінің негізін сақтап, басқалардың нәрімен 
толығады). Жалпы алғанда көптеген тың пікір айтқанымен, Н. 
Данилевский мәдениеттер тұтастығын жеткілікті ескермейді. 
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап адамзат ғасырлар бойы 
қалыптасқан, алайда жаугершілік пен алапат соғыстардың салдарынан 
жиі-жиі үзіліп қалған өзінің бірыңғай мәдени бірлігін қалпына келтіре 
бастайды. Бүкілпланеталық тұтастық: идеясы гуманист ойшылдарды 
тарихтың ішкі мәнісін замандар сабақтастығынан іздеуге ұмтылдырды. 
Мәдени оқшаулық теориялары өз орнын адамзат өркениеті дамуының 
біртұтастығы: жайындағы ілімдерге бере бастады. Осылардың ішінде 
белгілі философ-экзистенциалист Карл Ясперстің (1883-1969 белдеулік 
(осьтік) уақыт ілімі ерекше орын алады. 
К. Ясперстің пікірінше, адамзат біртұтас күйде пайда болған, негізгі 
даму бағыты ортақ және тағдыры мен болашағы ұқсас жалпыадамдық 
мәдениет пен еркениеттің қалыптасуында шешуші әсер еткен фактор-
тарихтағы рухани даму, құдайлық сенімнің адамдарды баурап алуы. Бірақ 
әрбір дүниежүзілік немесе ұлттық дін өзара таластың салдарынан 
жалпыадамдық наным мен сананы қалыптастыра алмады. Оны тек қана 
дүниежүзілік тарихтың белдеулік уақытында пайда болған философиялық 
сенім тұжырымдады. Бұл-шамамен б.э.б. 800 және 200 жылдарды 
қамтитын уақыт. Осы кезде планетамыздың әр жерінде (Қытайда, 
Үндістанда, Персия мен Палестинада, Ежелгі Грекияда) рухани 


71 
қопарылыс болып, казіргі адам типі қалыптасты. Бұл уақытта керемет 
құбылыстар болып жатты. Қытайда Конфуций мен Лао-цзы өмір сүрді. 
Мо-цзы, Чжун-цзы, Лецзы және тағы да көптеген философтар өз ойларын 
дамытты. Үндістанда Упанишадтар пайда болып, Будда өмір сүрді. Осы 
екі елде де адамзаттың барлық тағдырлық мәселелері пайымдалып, 
бабына жетті, Ираңда Заратуштра жақсылық пен зұлымдықтың арасында 
толассыз күрес жүретін әлем туралы өз ілімін уағыздады, Палестинадан 
Илия, Исайя, Иеремия және Екінші Исайя пайғамбарлар шықты, ал 
Грекия-бұл 
Гомер 
мен 
Парменид, 
Гераклит, 
Платон 
тәрізді 
философтардың, Фукидид пен Архимед сияқты ғалымдарды шығарды. 
К. Ясперс ертедегі ұлы мәдениеттердің пайда болуын, адамның 
өзінің әлсіздігін сезініп, осы жағдайдан құтылу үшін рухани күреске 
шығуы арқылы түсіндіреді. Адамзаттың рухани бірлігі идеясын К. Ясперс 
мәдениеттер типологиясын талдауға негіз етіп алған. Оны нақтылы 
көрсету мақсатымен төмендегідей кестені «Тарихтың түп-тамырлары 
және оның мақсаты» шығармасында ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет