Бұқаралық ақпарат
пен бұқаралық коммуникация,қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар
адамның күнделікті өміріне қалай әсер
ететіні туралы
Бұқаралық
ақпарат
құралдары
(
БАҚ
,
ағылш.
Mass media
)
—
арнайы
техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді
ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың
мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни
тұтынушылардың
шексіздігі; арнайы
техникалық
құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат
таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы
аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі
БАҚ
-
тың рөлі зор.
Наполеон
: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт
газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор», —
деген. 1840
ж.
француз
жазушысы О. де
Бальзак
баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Билік
институтында БАҚ
-
тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси
процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде
электронды
ақпарат
құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси
биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
БАҚ
-
тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса
маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік,
мүдделерді тоғыстырушы, саясат
субъектілерінің
ықпалдасуы, жұмылдыру және
т.б.
БАҚ
-
тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық
институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар,
процесстер
жайлы
мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның
толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.
БАҚ
-
тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан —
қоғамдық
-
гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық
хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі,
арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды.
Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым
көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.
БАҚ
-
тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді,
құндылықтарды сіңіріп, мінез
-
құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді.
БАҚ
-
тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке
тұлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар
-
отбасы, дін, мәдениет
ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы
әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің
қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси
журналистердің үгіт
-
насихатының
арқасында азаматтар әлеуметтік
-
саяси
процестердің белсенді қатысушыларына айналады.
БАҚ
-
тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі
-
БАҚ қызметінің міндетті тұсы.
Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық
қоғамның басқа да институттары (мысалы,
партиялар
, қоғамдық
бірлестіктер) арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек
бұқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып
қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және