7-тақырып. Тірек-қимыл жүйесі, оның жас ерекшеліктері Тірек қимыл жүйесіне адамның қаңқасы мен бұлшықеттері жатады.
Адамның қаңқасы 200-ден астам сүйектен тұрады. Олар бір-бірімен буын арқылы жалғасып
қозғалмалы келеді. Қаңқаның тірек, қорғаныс қызметін тақарады, зат алмасуға қатысады (сүйектің
құрамында минералды заттар болады) және қан жасайтын мүше болып табылады (сүйектің қызыл
кемігінде қан жасушалары түзіледі). Қаңқаға бұлшқ еттер бекітілген. Әрбір сүйекке екі немесе одан да
көп бұлшық еттер ұштасады.
Бұлшық еттердің негізгі қызметі - сүйектерді қозғау.
Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады.
І. Бас сүйектері – ми сауытынан және бет сүйектерінен тұрады.
Ми сауыты – маңдай, жұптасқан төбе, шүйде, екі самай және сына тәрізді сүйектен тұрады. Ми
сауыты сүйектері бір-бірімен жіктесе байланысқан.
Бет сүйектері – жоғарғы және төменгі жақ сүйектері, бет, таңдай сүйектері, мұрын сүйегі, көз
қуысы сүйектерінен тұрады.
Бас сүйектерінде бір ғана қозғалмалы сүйек (төменгі жақ сүйегі) болады.
Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері 1 жаста,
жыныстық жетілу кезінде жақсы дамиды. Ми сауытының көлемі бет сүйегінің көлемінен (нәрестеде) 8
есе, ересектерде 2-2,5 есе артық.
Жаңа туған сәбидің ми сауытының сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын
қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектерден қосылатын жерінде үлкен болады. Оны
баланың еңбегі деп атайды. Оның саны төртеу. Маңдай еңбегі 1 жаста, қалғандары 2-3 айда бітеді.
Нәрестенің жақ сүйектерінде тістері болмайды. Ең алғаш сүт тістері 5-6 айда шыға бастайды. 6
жасқа жақындағанда сүт тістері түсіп, тұрақты тістері шыға бастайды.
ІІ. Тұлға сүйектері - омыртқа жотасы, көкірек қуысы сүйектерінен (12 жұп қабырға, төс сүйегі)
тұрады.
Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады: 7 мойын омыртқасы, 12 арқа омыртқасы, 5 бел
омыртқасы, 5 сегізкөз омыртқасы, 4-5 құймышақ омыртқасы. Сегізкөз және құймышақ омыртқалары
бір-бірімен бірігіп кеткен.
Омыртқа жотасының өсуі алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Омыртқа арасындағы буындардың
шеміршектері қалың және серпімді келеді. Сондықтан балалардың омыртқа жотасы ересектерге
қарағанда жеңіл қимылдайды. Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдер
болмайды. 2-3 айда мойны бекігеннен кейін мойын лордозы (лат. алға иілу), 6 айдан кейін отыра
бастағанда арқа және сегізкөз кифозы (лат. артқа иілу), 1 жасқа жақындап, жүре бастағанда бел лордозы
пайда болады. 2-3 жаста омыртқа сүйектене бастайды. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты
иілімдері күшейе түскенімен, әлі де тұрақсыз болады. Баланың бойын таңертең өлшегенде 5-6 см
(ересектер 2-3 см) ұзын болса, кешке соншалықты қысқа болады. 4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп,
иілімдері толық қалыптасады. Осы жастан бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасында 2
лордозы (мойын, бел) және 2 кифозы (арқа, сегізкөз) түзіледі.
5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқа аралық шеміршектегі заттардың
алмасуы күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқа жотасында патологиялық
лордоз, кифоз, сколиоз (омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі) және т.б. өзгерістер пайда болады.
Жалпы омыртқа жотасының қимыл мүмкіндігі мол. Ол 160
0
-қа дейін еңкейіп, 145
0
-қа дейін
шалқаяды, оңға-солға 165
0
-қа, ал, өз осінде 120
0
-қа дейін қозғалады.