35
Тәуліктік қажет мөлшері 50 мг.
Е витамині (токоферол).
Жыныс мүшелерінің өсіп, дамуы үшін қажет. Ер азаматтарда мөлшері
азайса сперматогенез (ерлердің ұрық клеткаларының өндірілуі) тежеледі, сыртқы жыныс белгілері пайда
болмайды. Егер әйелде авитаминоз болса, ол бала көтеру қабілетінен айырылады. Жүкті
әйелдің Е
авитаминозы пайда болса бала табуы мүмкін, бірақ сүті болмайды және аналық мейірімі дамымайды.
Токоферол жануар және өсімдік текті тағамдарда болады.
Е витамині денеде қор болып жиналады. Ол гипофизде, плацентада, бауырда,
бұлшық етте көп
жиналады. Е авитаминозы сирек кездеседі.
Тәуліктік қажет мөлшері 1-1,5 мг.
К витаминінің
екі түрі бар:
филлохинон
және
фарнохинон
. Екеуі де қанның ұюына қатысады.
К витамині ішек қуысында бактериялардың әрекетімен түзіледі және азық-түліктің барлығында
болады.
Р витамині (флавин, цитрин)
қан тамырының беріктігін сақтайды. Авитаминоз кезінде қан
айналысы бұзылады.
Бұл витамин эвкалипт ағашының, қышаның, шайдың жапырақтарында көп
болады.
Антивитаминдер
– витаминге қарсы заттар. Әр витаминнің өзіне бейімделген қарсы заттары
болады. Олар витаминдердің белсенділігін төмендетеді.
Тамақтану
Балалар мен жасөспірімдер үшін тамақтың құрамының маңызы зор. Себебі дұрыс өсіп даму үшін
балалардың организміне
жеткілікті мөлшерде белок, май, көмірсу, минералды тұздар, су және
витаминдер қажет. Олардың қатынас мөлшерін ескеру керек. Бастауыш сынып оқушылары үшін
органикалық заттардың қатынас мөлшері мынадай: белок – 1, май - - 1, көмірсу – 6 есе.
Адамның тамақтануы белгілі бір уақытта болу керек. Мектепке дейінгі балалар 5 рет,
мектеп
жасындағы балалар 4 рет тамақтанғаны дұрыс. Ересек адамдар жұмыс жағдайына қарай 3 мезгіл
тамақтанса жеткілікті, ал одан аз болса асқорыту мүшелерінің қызметі бұзылады.
Күндіз тамақ ішу арасы 4-5 сағат болуы тиіс. Түнде тамақ ішпей, асқорыту мүшелерінің демалуы
8-10 сағат болу керек. Балалар бақшасында тамақтану тәртібі әрбір 3-3,5 сағаттан кейін, мектеп
жасындағыларда 3,5-4 сағатта болады.
Төрт мезгіл тамақтанғанда таңғы ас 20-25%, 2 сағаттан кейін жеңіл тамақ 10-15%, түскі ас 40-45%
және кешкі ас 20-25% болу керек. Ал 3 мезгіл тамақтанғанда таңғы ас 25-30%, түскі 45-50%, ал кешкі
20-25% болады.
Достарыңызбен бөлісу: