2. Негізгі терминдер мен анықтамалар 3. Сандық білім ресурсы (СБР) – білім беру процесстерінде қолданылатын сандық
ақпараттық объектіге жақындатылған, сандық ақпараттық формада сақталып таратылатын
ақпараттық білім беру ресурсы.
СБР функционалдық ерекшелігіне қарай: танымдық, теориялық материалды игеруге
арналған(танымдық аудио және видео дәрістер, кітаптың сандық сипаттамасы және т.с.с),
көрнекі танымдық – материалдың көрнекілік танылуына және модельдеуі үшін
қолданылатын(виртуалды лабораториялар, лаборатория құрылғыларының қызметін
алмастыратын жаттығу құрылғылары), басқарушы – өтілген теориялық материалды тексеріп
есте сақтау үшін(тесттік формалар және есептер мен тапсырмаларды орындауға арналған
формалар).
4. Электронды оқу басылымы (ЭОБ) – магниттік(оптикалық) құрылғыда немесе
локалды, аймақтық немесе глобалды ЭЕМ желілерінде сақталатын оқу құралдарының
электронды түрдегі басылымы.
Электронды оқу басылымы оның мәртебесіне (таңба) және оқу мәліметтерінің
толықтығымен нысанына қарай
электронды оқулық, электронды оқу құралы, видео дәрістер, виртуалды лабораториялық комплекс және электронды кітап деп бөлінеді.
5. Электронды оқулық – оқу пәнінің жүйелік сипаттамасынан тұратын, техникалық
және ғылыми-әдістемелік жоғары деңгейде дайындалған, бөлімдері берілген басылымның
ISBN белгісі мен ресми мәртебесі бар, басылымның талаптарына толығымен сәйкес келетін
негізгі электронды басылым.
6. Электронды оқу құралы– оқу пәнінің маңызды бөліктерінен тұратын, сонымен қатар
есептер жинағы, анықтамалықтар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу экспериментінің
нұсқаулығы, тәжірибелік, курстық жұмыстық және дипломдық нұсқаулықтан тұратын,
ұйымның редакциялық-басылымдық кеңесі тағайындайтын берілген басылымның ISBN
белгісі бар,ресми мәртебеге ие негізгі электронды басылым.
7. Видео дәрістердің кешені - оқу пәнінің тақырыптарын бөліп түсіндіретін немесе
белгілі бір мұғалімнің оқу программасының авторлық көзқарасын көрсететін көрнекі оқу –
теориялық басылым.
8. Виртуалды лабораториялық комплекс – белгілі бір дисциплина көлемінде
лабораториялық жұмыс сипаттамасы, орындау барысында туындайтын есептердің шығару
жолдарын көрсететін әдістемелік нұсқаулығы бар электронды басылым.
9. Электронды оқулық – баспадағы оқу басылымының мазмұны бойынша іздеу
мүмкіндігі бар сандық көшірмесі (pdf, djvu форматындағы)болып табылатын электронды
басылым.