§1 ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орта кәсіптік, жоғары және ЖОО-дан кейін білім беру
(магистратура, PhD докторантура, екінші жоғары білім) бағдарламалары бойынша оқытудың
кредиттік технологиясы бойынша мамандар даярлайды. Бұл технологияның негізгі міндеті –
оқу үдерісін реттеу, білім көлемін кредиттер түрінде есепке алу аясында білім траекториясын
таңдау негізінде білім алушылардың өзін өзі ұйымдастыру және өз бетінше білім алу
қабілеттерін дамыту.
Академиялық саясат әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кредиттік жүйе бойынша оқытуды,
жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды
ұйымдастырудың тәртібін анықтайды. Бұл құжатқа білім алушылардың сабаққа қатысуын
тіркеу, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу тәртібі, білім
алушыларға мемлекеттік шәкіртақы төлеу тәртібі, білім алушыларды ауыстыру, оқуға қайта
қабылдау, оқудан шығару, қорытынды аттестация ережелері және т.б. кіреді.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУАкадемиялық саясаты Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» (2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III, ҚР Заңының 24.10.11 жылғы №487-IV
редакциясында), Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiкжоғары оқу орындары туралы Үлгi ереже
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы №1398 қаулысы), Жоғары
және жоғарыдан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары
қызметінің үлгілік қағидалары (ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысы),
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидалары (ҚР
БҒМ 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 Бұйрығы), Жоғары оқу орындарында білім
алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік
аттестаттау жүргізудің үлгі ережелері (ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы),
Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесі (ҚР БҒМ 2007 жылғы 29
қарашадағы №583 Бұйрығы), Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес
қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі
( ҚР БҒМ 2007 жылғы 21 желтоқсандағы
№644 Бұйрығы) және ҚР БҒМ басқа нормативтік-инструктивтік құжаттармен қатар ішкі
нормативтік құжаттар негізінде құрастырылған.
Толығырақ §§2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 13, 14, 17, 25, 26, 27 қараңыз.