2
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінде 2013 жылдың 26 желтоқсанында
бекітілген, №3 хаттама (2015 жылдың 29 тамызында өзгерістер
енгізілген, №1 хаттама)
Редакциясын басқарған Ғ.М. Мұтанов
Құрастырушылар:
Бүркітбаев М.М., Ахмед-Заки Д.Ж., Асанов Н.А., Мухитдинова Т.М., Хикметов А.Қ.,
Сералин Ғ.А., Құмарғалиева С.Ш., Асылбекова А.А., Дюсупова Г.Қ., Әбілмәжінова А.А.,
Әлімжанов Е.С., Байносерова А.Г., Саксенбаева Ж.С., Смаилова А.Б., Қабделова Ұ.С.
Академиялық саясат әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кредиттік жүйе
бойынша
оқытуды, жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру бағдарламалары бойынша
оқытуды ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.
3
1934 жыл 15 қаңтар – КСРО Ұлттық Коммиссарлар
Кеңесі және қазақ аймақтық
комитеті ВКПБ-ның бекітуімен педагогикалық университет негізінде құрылған Қазақ
мемлекеттік университетінің (ҚазМУ) ресми ашылған күні. Сол жылдың 2 желтоқсанында
ҚазМУ-не әйгілі кеңестік партия және мемлекеттік қайраткер С.М.Кировтың есімі берілді.
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін университеттің басты тапсырмасы
жаңа жолды таңдау болды. Дамудың басты күші ретінде ҚазМУ әлемдік білім жүйесіне
бірізді ұмтылу, мамандарды дайындауда халықаралық стандартқа өту деп айқындады.
Университет статусы алғашқы жылы шартты түрде Әбу Насыр
Әл-Фараби есімі берілген
болатын.
1993 жылы 9 қаңтарда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «әл-Фараби атындағы Қазақ
мемлекеттік университетінің мәртебесі туралы» арнайы
қаулысымен университетке
автономды мемлекеттік жоғарғы оқу орны мәртебесі берілді және әл-Фараби атындағы Қазақ
мемлекеттік ұлттық университеті болып өзгертілді.
2000 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен
Республикалық Мемлекеттік кәсіпорынның ерекше мәртебелік жағдайы ретінде «әл-Фараби
атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті» автономдық
мемлекетік жоғарғы оқу
орны болып бекітілді. Ал, 2001 жылдың 5 шілдесінде ҚР Президентінің жарлығымен әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның
алғашқы жоғарғы оқу
орындарының бірі ретінде ерекше Ұлттық университет атағы берілді.
Университеттің миссиясы – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына,
экономиканың
маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғарғы
білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру.
Университет көрінісі – 2020 жылдарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
инновациялық экономика үшін бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау бойынша әлемнің
алдыңғы қатарлы зерттеу университеттерінің қатарына кіреді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ даму стратегиясы негізінде 2012-2020 жылдарға 2050
стратегия барысында университеттің басты мақсаты жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің
қажеттіліктерін
қанағаттандыруға
бағытталған
және
жоғары
сапалы
біліммен
қамсыздандыру болып табылады
.