Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет202/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   208
Құзыреттілік сұрақтары 
критерийлік-бағдарлы тұрғыдан әрбір құзыреттілік үшін 
немесе әрбір құзыреттілік кластері үшін дайындалуы тиіс. 
Сұрақтар құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалардан тұруы қажет. Тапсырмалардың 
мазмұны оқу ақпаратын қамтып, жауап алу үдерісі мен тапсырма жауабының мазмұны ЖОО 
бітірушісінің болашақ кәсіби қызметімен байланыстырылуы қажет.
Сұрақтарды құрастыруда маңызды рөл сұрақтарды тұжырымдауға беріледі. Күрделі, 
шатасқан сөйлем құрылымдарын, қайталама сөйлемдерді пайдаланбау керек. Сөйлемдер 
нақты және мағыналас болуы тиіс, қарсы жағдайда студенттер дұрыс емес болжамдар 
жасауы мүмкін. Кейде сұрақтар құрастырушылар үшін өте айқын болғанымен, студенттер 
үшін анық болмауы мүмкін, ондай жағдайда сұрақтарды әріптестермен бірге талдап, 
студенттер арасында кішігірім емтихан (аралық бақылау) жүргізуге болады. Сондай-ақ, 
сұрақтар мазмұны параграфтар мазмұны мен дәріс тақырыптарын дәлме-дәл қайталамау 
керек.
 
3.
 
Емтихан сұрақтарын құрастыруүшін ұсыныстар 
 
1.
Пән бойынша емтихан сұрақтарының жалпы саны 50-60-тан кем болмауы тиіс. 
2.
Емтихан билетіндегі сұрақтардың саны – оқытушының қалауынша 2-5 аралығында 
болу керек.
3.
Емтихан билеттерінің сұрақтары білім алушының жауабы оның нақты оқу 
нәтижесін игеру деңгейін көрсете алатындай құрастырылуы тиіс. 
4.
Сұрақтар оқытудың ең түйінді күтілетін нәтижелердің шектеулі санын (пән 
бойынша 10 нәтижеден аспауы тиіс) анықтауға бағытталу керек. Күтілетін нәтижелерді аясы 
тар нақты мазмұнға бекіту қажет емес. 
5.
Емтихан билетін құрастырған кезде оның сенімділігі (білім алушының сұраққа 
берген жауабы нәтиженің құрылу дәрежесін бағалауға мүмкіндік беруі) мен нақтылығын 
(білім алушының сұраққа берген жауабы тек бағаланатын нәтижені бағалауға мүмкіндік 
беруі) қамтамасыз ету қажет.
6.
Әрбір емтихан билетінде теориялық білімдерді, оларды қолдана білуді, сыни 
бағалау мен қорытынды жасай алатындығын анықтайтын сұрақтар (теориялық) және 
практикалық мәселелерді (есептерді) шешу үшін алынған білімді қолдана алатындығын 
анықтайтын сұрақтар (практикалық) болуы тиіс. 


336
7.
Теориялық және практикалық сұрақтардыңкүрделілік дәрежесіоқу деңгейлері мен 
түзілетін құзыреттіліктерге байланысты құрылуы тиіс. Әртүрлі деңгейде бір типтегі 
құзыреттіліктер оқыту кезеңдеріне байланысты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет