«6М020600 – дінтану» мамандығы бойынша


Дін антропологиясының қазіргі мәселелері



Pdf көрінісі
бет12/67
Дата03.12.2023
өлшемі0,84 Mb.
#133367
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67
Байланысты:
6М020600-Религиоведение (1)

 
Дін антропологиясының қазіргі мәселелері
Дін антропологиясы дін әлеуметтануы мен дін психологиясын 
қамтитын мәдени антропологиядағы бағыт ретінде. Дін антропологиясының 
зерттеу саласы – дәстүрлі қоғамдағы архаикалық наным-сенімдер, жаңа 
діндер мен жаңа діни қозғалыстар, ғылым, дін және магияның арақатынасы 
мәселесі. Діннің біртұтас антропологиялық теориясы мәселесі, діни наным-
сенімдер мен жораларды зерттеу үшін жалпыға ортақ әдіснаманы 
қалыптастыру.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы дінді анторпологиялық зерттеу:
Макс Мюллер, Эдуард Тайлор, Джеймс Фрэзер, Уильям Робертсон-Смит. 
Батыстағы антропологиялық дінтану. Батыстық ғылымдағы антропологиялық 
немесе тарихи-эволюционистік мектеп (Э.Тайлор, Э.Лэнг, Г.Спенсер және 
т.б.) салыстырмалы этнографияның даму нәтижесі ретінде. Дінді 
антропологиялық зерттеу әдіснамасы. Э. Тайлор мифтің пайда болуы туралы. 
Дж. Фрейзер магия мен анимизмнің байланысы жайлы. Дж. Фрейзердің 
тұжырымдамасындағы миф және ғұрып. Үндістан, Қытай және Ежелгі 
Греция діндеріндегі, христиандық, ислам, иудаизм сынды түрлі діни 
дәстүрлердегі антропологиялық идеяларды талдау. Православтық, католиктік 
және протестанттық антропологияның салыстырмалы талдауы. ХХ 
ғасырдағы дін антропологиясындағы дінге анықтама беру талпынысы: Э. 
Тайлор, К. Гирц және М. Спиро. Дін антропологиясындағы зерттеудің пәндік 
саласы мен діни сенім мәселесі.
«Дін антропологиясы» (Anthropology of religion) мен «Діни 
антропологияның» (теологияның бөлімі ретінде түсінілетін) байланысы. Дін 
антропологиясы – ұлттық және әлемдік діндердегі адамның Құдайға, қасиетті 
нәрслереге қатынасы жайлы түсінік; сонымен бірге – Құдай ілімі 
философияның бөлімі немесе пәні, қасиетті мәтіндер мен сенім дәстүрлеріне 
негізделген мәнділік, адамның пайда болуы мен міндеті туралы ілім. 
 
Қазіргі Қазақстандағы дінтану: хал-ахуалы және болашағы
Қазақстандық қоғамдағы дінтанудың қалыптасуының ерекшеліктері. 
Қазіргі Қазақстандағы дінтанудың дамуының негізгі сатылары. Кеңестік 
және посткеңестік кезеңдегі атеизм. Дінтану және атеизм: түбегейлі 
айырмашылығы. Теология. Исламтану. Қазіргі қазақстандық дінтанудың 
дамуының негізгі үрдістері.
Қазіргі қазақстандық дінтанудың өзекті мәселелері. Қазақстандағы 
конфессияаралық және діни үдерістерді зерттеудің әдіснамасы мен 


13 
әдістемесін негіздеу. Теориялық дінтанудың дамуы, аналитикалық бөлімінің 
салмағының артуы. Шетелдік дінтанудың жалпы әлемдік үрдістерін есепке 
ала отырып қазіргі қазақстандық дінтанудың дамуы.
Дін тарихы, дін философиясы, дін әлеуметтануы, дін психологиясы, дін 
феноменологиясы, дін антропологиясы бағыттары бойынша кадрларды 
дайындау, қазіргі қазақстандық дінтанудың құрамдас бөліктерін дамыту 
мәселелері. Нақты-әлеуметтанулық зерттеулердің кеңеюі және одан ары 
тереңдей түсуі. Қазіргі қазақстандық дінтанудағы далалық зерттеу 
мәдениетінің қалыптасуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет