Түсінік хат Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам»



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі51,17 Kb.
#11396
  1   2   3
Байланысты:
Өлкетану курсы жоспары


Түсінік хат
Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленді.


Курстың мақсаты: География пәнінен блім деңгейін көтеруде өз туған жері мен өз өлкесін тереңдете оқыту.

Өлкелік материалды қолдана отырып, оқушыларға өмірмен байланыстыра оқуды үйретіп танымдық дағдысын қалыптастыру.



Өлке географиясын оқыту барысында оқушыларды өз өлкесін сүюге, табиғатын қорғауға тәрбиелеу, оқушыларға өз өлкесінің зерттелу тарихы, геологиялық құрылысы, климаты, ішкі сулары, табиғат байлықтары, экологиясы,жергілікті жер өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс, сыртқы экономикалық байланыстары туралы оқып, қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істеуге өз бетімен қорытынды жасауға уйрету.


Аталған мақсаттарға сәйкес білім берудің келесі міндеттері:

1) оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тереңдету;

2) практикалық және интеллектуалдық дағды мен шеберлікті қалыптастыру және дамыту;

3) болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу;

4) жеке тұлғаның бойында ізденушілік-зерттеушілік қасиетін, экспедициялық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;

5) әр түрлі тәсілдермен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытатын өлкетану жұмысындағы кешенділікті сақтау: жалпы оқу біліктілігі мен дағдысын, байқағыштықты, ойлауды, қиялдауды, ғылымдарға деген сүйіспеншілікті, білімдарлықты және мәдени деңгейін, әдеби және пәндік тілді, бірнеше тілді меңгеруді, әр түрлі мамандық иелерімен, өзінен үлкен-кіші адамдармен қарым-қатынас дағдыларына икемделу, өз бетімен өмір сүруге және болашақтағы мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындалу, моральдық-өнегелілік қасиеттерді, туған өлкеге және Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерді тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет