DBKKR 5301– ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ (бейіндік бағыт)
Көлемі 1 кредит Авторы: Затов Қайрат – философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану
кафедрасының доценті
Пікір жазғандар: Сатершинов Б.М – ҚР БжҒМ Философия, саясаттану және дінтану
институты, дінтану бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының
докторы
Cүлейменов П.М. – саяси ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия кафедрасының доценті
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ «Діни бірлестіктердің қызметін құқықтық реттеу» типтік бағдарламасы
«6М020600 - Дінтану» мамандығының типтік оқу жоспарына сәйкес
әзірленген.
Біздің еліміз зайырлы мемлекет. Сондықтан дін мен мемлекеттік
институттардың арақатынасы құқықтық-заңнамалық нормалар арқылы
реттеледі. Республикамызда он жеті конфессияларға тиесілі әртүрлі діни
ұйымдар әрекет етеді. Соңғы жылдары бұрынғы діни ұйымдармен қатар
көптеген жаңа ұйымдар пайда болуда. Сәйкесінше, мемлекет жас ұрпақты
өнегелі тәрбиелеуде діни ұйымдардың көмегіне жүгіне алады. Ол біздің
қоғамыздағы құқық санасы деңгейінің көтерілуіне әрекет ететін болады. Өз
саласында саяси қоғам және діни бірлестіктер автономды және бір-бірінен
тәуелсіз. Алайда екеуі де адамдардың жеке және әлеуметтік мәртебесіне
қызмет
етеді. Еліміздегі
діни
қатынастарды реттеуде
шетелдік
заңнамалардың тәжірибесіне де назар аударуымыз қажет. “Діни
бірлестіктердің қызметін құқықтық реттеу” курсы осы мәселелерді жүйелеп
қарастыруға бағытталған. Оқу мерзімі – 1 жыл.
Магистранттың негізгі құзіреттіліктері. “Діни бірлестіктердің
қызметін құқықтық реттеу” пәнін оқытудың нәтижесінде: