П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет835/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   831   832   833   834   835   836   837   838   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

592
СИНТАКСИС
2.1.1. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз
тіркестері
Табыс септігінің пысықтауыш қызметін атқа- 
рудан біртіндеп арылып, бірыңғай тура толықта- 
уыш қызметін атқаруға кошуі, соған орай оның 
с а б а қ т ы етіс тік те р м е н тір к е с ет ін д е й болы п 
жүйеленуі етістікгердің меңгеруін қалыптастырды.
Өйткені орхон-енисей ескерткіштер тілінде 
табыс септігінің салт етістіктермен тіркесіп, пы- 
сықтауыштық қатынастарда жүмсалуы - кездесіп 
отыратын қүбылыс. Мысалы: 
Көгмен йышыг йо-
рып қырқыз бодуныг уда басдымыз
(Ктб.,35) - 
Көгмен жотасынан асып, қыргыз халқын уйқыда
жатқанда бастық. Бен өзум білге тониқуқ өтукен
йеріг қонмыс
(Т.,17) - 
Мен өзім данышпан То-
никөк өтікен жерінде турдым (қоныстандым). Аны
субуг баралым
(Т.,27) - 
Анна өзенімен барамыз.
Осы келтірілген мысалдарға назар аударатын бол- 
сақ , соз тіркестерінің басы ңқы сы ңарлары - 
қимыл-әрекеттің кеңістіктегі бағытын, мекенін, 
іске асу тәсілін білдіретін салт етістіктер. Сон- 
дықтан да бүлар табыс септігіндегі создермен емес, 
жанама септіктермен тіркесуге тиісті. Бірақ осы- 
ған қарамастан, жоғарыдағы салт етістіктер та- 
быс септігі түлғасындағы сөздермен тіркескен, 
соған орай табыс жалғаулы создер толықтауыш 
емес, пысықтауыш қызметін атқарған. Бүл - осы 
типтес етістіктердің әлі де болса салт, сабақты- 
лы қ мағынасы жағынан толық жіктеліп болма- 
ғандығын, табыс септігінің пысықтауыш қызметін 
атқару дертінен арылып, бірыңғай толықтауыш 
қызметін атқаратындай болып қалыптаспағанды- 
ғын корсетеді. Басқаша айтқанда, тым оріден келе 
жатқан жүйесіздіктің қалдықтары, сілемдері деу- 
ге болады. Белгілі бір септіктің оз қызметінен 
тыс басқа септіктер қызметін атқаруы жоғарыда 
корсетілген табыс септігінен ғана емес, озге 
септіктер бойынан да табылады. Мүндай ауыт- 
қулар тек ертедегі ескерткіштер тілінде ғана емес, 
ауыз әдебиеті нүсқалары мен ақын, жазушылар 
еңбектерінде де кейде бой корсетіп қалады. Мы- 
салы: 
Қайгыменен қан жутып
(Қобыланды ба- 
тыр) - нормаға сайы 
қайгыдан қан жутып, жеті
пірге танысқан
(сонда) - 
жеті пірмен танысқан,
киімнен муқтаж болган
(Базар) - 
киімге муқтаж
болган, аязбен қызарып
(Абай) - 
аяздан қызарып,
қутыла қоюга ойлайсыздар
(Мүқанов) - 
қутыла
қоюды ойлайсыздар, кедейлігінен пайдаланып
(Жансүгіров) - 
кедейлігін пайдаланып
т.б. Осы 
келтірілген фактілер меңгеріле байланысқан соз 
т ір к е с т е р ін ің тіл дам уы б а р ы с ы н д а тал ай
озгерістерге түсіп, қазіргі кездегідей дәрежеге 
жеткендігін дәлелдейді.
Меңгеріле байланысқан соз тіркестерінің ба- 
ғыныңқы сыңарлары мен басыңқы сыңарлары- 
ның байланысу дәрежесінің біркелкі емес екендігі 
тілші ғалымдарды ертеден-ақ ойландырды. Коп 
жылғы зерттеулердің қорытындысы меңгеруді 
іштей “берік жөне әлсіз меңгеру” деп болуге алып 
келді.
Қолдағы бар материалдарға сүйене отырып, 
берік және әлсіз меңгерудің ара жігін былайша 
айқындауға болады:
1. М еңгеретін соз бен меңгерілетін создің 
аралығында ішкі мағыналық байланыс болатын 
болса, берік меңгерудің қатарына жатады да, 
мүндай мағыналық байланыс болмайтын болса, 
ондай соз тіркестері әлсіз меңгерудің қатарына 
енеді.
2. Б е р ік м е ң г е р іл е б а й л а н ы с қ а н соз 
тіркестерінің бағыныңқы сыңарының белгілі бір 
түлғада (септік жалғауында) түруы басыңқы сы- 
ңардың тікелей лексика-грамматикалық мағына- 
сына байланысты болса, әлсіз меңгеруде бағы- 
ныңқы компоненттің белгілі бір септік жалға- 
уында түруы басыңқы компоненттің тікелей лек- 
сика-грамматикалық мағынасына тәуелді болмай, 
жалпы айтылмақшы ойға, сойлемнің мазмүны- 
на, басқаша айтқанда, меңгеруші сыңардьщ қосалқы 
грамм атикалы қ м ағы насы на қатысты болады. 
Бірақ бүған қарап берік меңгеруге басыңқы сы- 
ңардың лексика-грамматикалық мағынасынан тыс 
жалпы грамматикалық мағынасы осер етпейді 
деген қорытынды шығаруға болмайды. Өйткені 
меңгеруші компонентке тән грамматикалық ма- 
ғына берік меңгеріле байланысқан соз тіркестеріне 
де, әлсіз меңгеріле байланысқан соз тіркестеріне 
де қатысады, ы қпал етеді. Мысалы, 
“а”
әрпін 
тақтаға бормен жазды деген сойлемді алатын бол- 
сақ, мүндағы жазды етістігі қатарынан үш септік 
жалғаулы созді меңгеріп түр: 
“а ”
әрпін жазды, 
тақтага жазды, бормен жазды.
Егер озара салыс- 
тырып қарайтын болсақ, 
“а”
әрпін 
жазды
соз 
тіркесі берік меңгерудің қатарына жатады да, қал- 
ғандары олсіз меңгерудің қатарына жатады. Бірақ 
осыған қарамастан, 
“а ”
әрпі созінің табыс септік 
жалғауында түруына 
жазды
етістігінің әрі лек- 
сика-грамматикалық мағынасы (қимыл-әрекетті 
білдіру), әрі жалпы грамматикалық мағынасы (соз 
табы ретінде) әсер етеді. Алайда бүлардың ара 
салмағын тең деуге болмайды, ойткені берік мең- 
геруде басыңқы сыңардың лексика-грамматика- 
лық мағынасы басты, шешуші қызмет атқаратын 
болса, оның грамматикалық мағынасы комекші 
қызмет атқарады. Ал аркауы бос әлсіз меңгеруге 
басыңқы компоненттің тікелей лексика-грамма- 
тикалық мағынасы емес, жалпы грамматикалық 
мағынасы ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   831   832   833   834   835   836   837   838   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет