596
СИНТАКСИС
са, табыс жалғаулы сөзді меңгереді де, ал іс-
әрекетті білдіретін етістіктер сабақтылық мәнінің
үстіне қимылдың бағытын және немен іске ас-
қандығын білдіретін мән жамап алса, табыс және
барыс, көмектес жалғаулы сәздерді меңгереді:
дәнді ылгалды жерге септі, күрішті комбайнмен
орды
т.б. Қ им ы л-әрекетті білдіретін сабақты
етістіктер объектіні толық қамтымай, жартылай
қамтитын болса немесе заттың, нәрсенің неден
жасалғандығын білдірсе, табыс және шығыс жал-
ғаулы сездерді меңгереді:
сиырды бастан үрды,
үйді кірпіштен салды
т.б.
2.1.1.2. Салт етістіктердің меңгеруі
М ағынасы жағынан тура объекті мәніндегі
созбен тіркеспейтін, табыс септіктегі созді қажет
етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады.
Бүл - салт етістікті сабақты етістіктен ажырату-
дың негізгі олшемі болып табылады. Алайда салт
етістік пен сабақты етістіктің ара жігін айқындау-
да түбір түлғалы етістіктердің ішкі лексикалық
мағынасы да негізге алынады. Мысалы,
бару, келу,
қайту, күлу, қуану
- салт етістіктер де,
кесу, шабу,
ору, егу
- сабақты етістіктер.
Сабақты етістіктер мағынасының орамдылы-
ғы н а қ а р а й та б ы с с е п т іг ін е н ты с ж а н а м а
с е п тік те р д і де м ең гере а л аты н б о л са, салт
етістіктерде ондай қасиет жоқ. Бүлар тек барыс,
шығыс, жатыс, көмектес септікті сөздермен ғана
тіркеседі. Өйткені сабақты етістіктер тура объектіні
толық қамтумен ғана шектеліп қалмай, объектінің
іске асу тәсілін (күрішті
орақпен
орды), мезгілін
(күрішті
шілде айында
орды), бағытын (затты
үйге
апарды), сондай-ақ ш ыққан орнын да (кітапты
дүкеннен
әкелді), бүтіннің болшегін де (сиырды
бастан
үрды) білдіреді. Бірақ бүған қарап салт
етістіктер мағы налы қ жағынан мүлдем кедей,
санаулы септіктен басқа септікті меңгере алмай-
ды деген қы сқа түжырым жасауға болмайды.
Ретіне қар ай бүлар да ж анам а сеп тіктерд ің
бірнешеуін қатарынан меңгере алады:
ауылдан
келді, қалага келді, сагат бесте келді, көлікпен
келді
т.б.
М а ғы н а с ы
ж а ғы н а н
т о п т а с т ы р ы л ғ а н
етістіктерді өзара салыстырып қарайтын болсақ,
салт етістіктердің көпшілігі адамның көңіл-күйін,
заттың қим ы лды қ қалпы н, қозғалы с-әрекетін
білдіретін етістіктер болып келеді. Осы арада бір
ескеретін ж ай, қ о зға л ы с -әр е к е тін білдіретін
е т іс тік те р д ің барлы ғы бірдей тек кө л ем д ік
септіктерді меңгере бермейді. Мәселен: кеңістікті
толыгынан қамтитын бірқатар қозғалыс мәнді
етістіктер табыс жалғаулы создермен тіркесіп,
сабақтылық мағынаға ие болады.
Қазақ тілінде кеңістікті толығынан қамти-
тын қозғалыс мәнді етістіктердің қатарына
кезу,
кеіиу, айналу, аралау
(кезу мағынасында),
шарлау
тәрізді етістіктер жатады. Мүндай етістіктермен
мағынасы жағынан орайлас жатқан
әлем, дүние,
жер, тау, су, қала
тәрізді колемдік мағынасы бар
зат есімдер болмаса, кез келген создер тіркеспейді.
Мысалы:
дүние кезу, суды кешу, үйді айналу, әлемді
шарлау. Суды беліне дейін кешіп, тынымсыз еңбек
еткен балықіиылар түрмысы айтарлықтай емес-
ті
(Нүршайықов).
Ол үйді айналып, терезеге та-
ман келді де, тың тыңдаган адамдай меліииіп қал-
ды
(М үқанов).
К о л ем д ік м ағы н асы бар бүл тәр ізд і зат
есімдер жоғарыда корсетілген етістіктермен та-
быс жалғауы арқылы байланысқанда, кеңістіктегі
қозгалыс-әрекетті білдіреді.
Қ азақ тіліндегі салт етістіктер барыс, шы-
ғыс, жатыс, кейде комектес жалғаулы создерді
ж етегін е ал ы п , м ең геріле б а й л а н ы с қ а н соз
тіркестерін қүрайды. Мүндай сөз тіркестерінің
басыңқы сыңарлары болсын, немесе бағыныңқы
сыңарлары болсын мағыналық жағынан біркелкі
болып келмейді. Міне, осының озі бүл типтес
сөз тіркестерінің әр түрлі қатынаста жүмсалып,
алуан түрлі мағыналарды білдіруіне жөл ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |