Біріншіден
, оқыту әрекеттерінің тәсілдерін игеру ретінде қарастыра отырып,
білім беру үдерісін педагогикалық-психологиялық жобалауында. «
Екіншіден,
29
білім беру үдерісін жүргізілетін институционалдық құрылымдар мен білім беру
ортасын әлеуметтік-педагогикалық жобалауында, – деп жобалаудың түрлерін
ұсынды [159].
В.П.Бедерханова да жобалаудың көптеген тәжірибелік нұсқаларын талдай
отырып, екі үлкен бағытын ажыратады [160]:
Біріншісі
– интенсивтік сипаттағы жобалар жасау және жобалау әрекеттері.
Оларға ұйымдастырушылық, іс-әрекеттік, инновациялық ойындар мен жобалау
жиындары жатады.
Екіншісі
– жобалау әрекеттері негізінде ұжым мүшелерінің бірлесе
отырып, қадамнан-қадамға аяқ басуы арқылы білім беру мекемесіне
гуманитарлық бағдар беруінде [160,с. 14].
Г.Л. Ильиннің еңбегінде жобалап оқытудың инновациялық формаларын
Н.Г.Алексеев, Ю.В.Громыко, В.А.Никитин, В.В. Рубцов негіздеді. Жобалау іс-
әрекетінің
тәжірибелік
жағдайы
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың білім беру жүйесінде кең таралуына байланысты [161].
Жобаға бағытталған оқыту дегеніміз – студенттер тақырыпты таңдаудағы
мәселені даярлау арқылы мақсаттары мен әдістерін, сондай-ақ, орындалған
жұмысты талдау мен бағалауды болжайтын оқытудың түрі.
ХХ ғасырдың басында жобалап оқыту әдісіне деген қызығушылық кеңес
педагогикасында кеңінен туындайды (А.Я.Герд, Т.Гексли, П.Ф.Каптерев,
С.Т.Шацкий, П. П.Блонский, К.Н.Вензель, М.М.Рубинштейн және т. б.).
П.Ф.Каптерев таным үдерісінде шығармашылық қызметке көп көңіл бөле
отырып, мәселелерін қарастырды [162].
Атақты Ресей әдістемешісі Ю.В.Громыко былай дейді: «Білім беру
парадигмасын ауыстыру жағдайы қазіргі кезде ғылыми жобалау бағдарламасы
типінде құрылады. Жобалаушылық пен бағдарламалау іс-әрекеті білім беру
жүйесінің тәжірибесінде құрылып, жасалады. Осыған байланысты ғылыми
жазба және құрастырушылық талдау алдындағылардан ерекшеленеді» [163].
Көптеген ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен практикалық әрекеттер
негізінде жобалау логикасы: жобалық, технологиялық, рефлексиялық болып
бөлінеді. Сондай ақ, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогі заман талабына
сай, жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесінің мақсаты негізінде
бәсекеге қабілетті маман дайындауда жаңа формациядағы педагог-тәрбиеші
педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге
талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыретіне қамтиды
[164].
Е.С.Заир-Бек «Ж
обалау
– қазіргі білім беру жүйелерін дамыту, жаңарту,
жетілдіру және ондағы қайшылықтарды болдырмау міндеттерін орындауға
бағытталған
педагогикадағы
және
ұйымдастырылатын
практикалық
әрекеттердегі қолданбалы ғылыми бағыт», – деп түсіндіреді [86,с. 61].
С.Андабекованың
«Мектепке
дейінгі
педагогика»
еңбегінде
«Педагогиканың қызметі – білім алушыны тәрбиелеу және оқыту
заңдылықтарын түсіндіру», – [93,с. 2] деп пайымдалған. Бұл теория тәжірибелі
30
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогін балабақшадағы балалармен,
әлеуметтік біліммен, оларды болжау, жобалау және білім беру үдерісіне енгізу
үшін әртүрлі жағдайлармен, сондай-ақ оларды бағалаудың тиімділігімен
байланыстырады.
А.Қ.Бекболғанова «Жаңа педагоикалық технологиялар» еңбегінде
«Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне
жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық үдеріс
белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық
технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді
жалғастырмалы орындау оларға объективті қарым-қатынастарында және
педагогтың тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қалыптастырылады», -
деген тұжырым жасайды [165].
Жобалау – бірінен соң бірі дамитын бірнеше сатыдан тұратын, күрделі
инновациялық үдеріс. Келесі кезекте, ғалымдардың жобалауға берген
анықтамаларын жүйеледік (кесте 2).
Кесте 2 - «Жобалау» ұғымына ғалымдардың берген анықтамалары
Автор
Анықтамалар
М.Кнолл
Жобалау технологиясы – сәулеттік және инженерлік білімнің іс-
әрекеті.
О.И.Генисаретский Жобалау әмбебаптық ғылыми-техникалық қана емес, ол ең алдымен
әлеуметтік-мәдени әрекет түріне жатады.
Н.Ф.
Фёдоров
Идеяны субъективті немесе объективті ретінде қарастырды.
В.И.Слободчиков
Білім беру үрдісін педагогикалық-психологиялық жобалауында және
білім беру ортасын әлеуметтік-педагогикалық жобалауында деп екіге
ажырата білген.
Ж.Икелс
Жобалық іс-әрекет индуктивті және абстрактілі тәсілдерді қамтитын
ғылымның концептуалды-дедуктивті идеалынан алшақтайды.
В.П. Беспалько
Жобалау педагогикалық іс-әрекеттің тәуелсіз түріндегі символы.
Ф.Перегудов
Берілген уақыт ішінде белгілі бір жүйеге мақсатты өзгерістер ендіру.
Г.Л. Копотева
Жоба бұл жұмыс көзі, жұмыстағы қандайда бір мәселенің шешімі мен
жетістікке жетуге деген алдын ала мақсат қою.
А.П.Тряпыцина
«Жобалау» білім беруді дамытудың жаңа саласы, педагогикалық
әрекетті түсіндірудің жаңа амалы.
Ш. Маршалл,
С. Алекс Дэвид
Жобалау-білім беру іс-әрекеті субъектілерінің өзара іс-қимылының
белсенді нысаны ретінде қолдану.
Д. В. Хорев
Әлеуметтік жоба, уақыты бойынша әрекет етудегі әлеуметтік
маңызды мақсатқа жетуге бағытталған.
Г.К. Селевко
«Жоба» ұғымын келесідей анықтады:
1) белгілі бір ережелерге сәйкес белгілі бір обектіні қайта құру
идеясы; 2) құрылыстың, үдеріс, іс-шараның, өнімді жасаудың
әзірленген жоспары.
Жобалап оқыту технология белгілі бір теориялық немесе практикалық
мәселелерді шешу, оны елестету, санада құрылымын келтіру, назар аудару және
31
іске асыру арқылы нәтижеге қол жеткізу. Балалардың өзіндік іс-әрекетіне
жағдай жасаңыз (жеке, жұптық және топтық жұмыс). Жобаның мазмұндық
бөлігінің құрылымын жүйелей білу [166].
Зерттеушілік іс-әрекет арқылы жобалап оқыту технологиясын жүзеге
асыруда кез-келген пәндік саланың білім алушылары мен педагогтерінің
жетекшілігімен әртүрлі зерттеу міндеттерін шеше алады. Бұл жағдайда педагог
өзінің педагогикалық жұмысын ғылыми зерттеу принциптерін ескере отырып,
жобалап оқыту технологиясы негізінде жүзеге асырды [167].
Кесте 3 - Жобалық іс-әрекет бойынша зерттеулер мазмұны
Жобалық іс-әрекет бойынша
зерттеулер
Зерттеу жүргізген авторлар
Іс-әрекет арқылы жобалау
технологиясы
Н.Е.Веракса, А.Н.Веракса
Балабақшадағы оқыту жобалары
Н.А.Виноградова, Е. П. Панкова
Еңбек ету арқылы жобалап оқытуға
даярлау
П.Н. Игнатьева, Н.Н. Иорданский, П.Ф. Каптерев,
Н.В.Матящ, П.Р. Полякова, В.В. Рубцова, В.Д.
Симоненко, Ю.Л. Хотунцева, В.Н. Шульгина
Практикалық білім беруде
қолданылатын жобалар
А.Л. Блохина, В. Н. Давыдова, Ю.В.Железняк,
Ю.В.Киримов, В.Е.Мельникова
Педагогикалық жобаны технология
ретінде қарастырған
С.Н. Поздняк, Н.Г. Шумова, А.В. Хуторский
Жобалық зерттеулердің ғылыми
әдіснамалық негіздері
А.С. Обухова, С.Н. Поздняк, Л.Л. Розанова,
Ю.О.Стеканов, А.В. Хуторский, Н.Ф. Яковлев
Заманауи әдістер мен технологияларды, атап айтқанда жобалап оқыту
технологиясын қолдана отырып, университетте білім беру үдерісін
ұйымдастыру
қажеттілігі
көптеген
факторларға
байланысты.
Білім
алушылардың жеке басын дамытудағы жобалап оқыту технологиясының әлеуеті
оның кәсіби қалыптасуы мен сәйкесінше дайындық мәселесіне басқаша
көзқараста болады. Оған қатысу білім алушыларға өз тәжірибелерімен оқу
материалын тиімді игеруге, ақпаратты талдауға және жүйелеуге, командада
жұмыс істеуге, идеялар қалыптастыруға, жеке қасиеттердің кең көкжиегін
көрсетуге және қазіргі кезеңде өзекті болып табылатын және оны одан әрі даму
үдерісіне бағыттайтын басқа да нәрселерге мүмкіндік береді.
Ғалымдардың жобалап оқыту технологиясы туралы идеяларына сүйене
келе, аталмыш технологияның мәнін анықтай алдық (сурет 2).
|