36
жеке жобалау технологиясын біртіндеп игеруі, өмірлік маңызды мәселелерді
шешу;
– пәндерде болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің еркін
шығармашылық өзін-өзі көрсетуі;
– жоғары оқу орнында әзірленген және енгізілген жобаның нақты
пайдасын сезіну;
– шындыққа эмоционалды-құндылық қатынасының тәжірибесін игеру;
– білім беру үдерісіндегі субъектілері шешуі керек проблемалардың басқа
деңгейі, басқа сапасы, басқа мазмұнын анықтау [170].
А.К.Мынбаева «Жоғары оқу орындарындағы педагогика негіздері»
еңбегінде болашақ педагогтің кәсіби педагогикалық мәдениетінің негіздерін
қалыптастыруда, ЖОО-да кәсіби қызметті сауатты түсіну және жобалау үшін
педагогикалық ғылымның әдіснамасын, педагогикалық қызмет пен қарым-
қатынас технологияларын білу қажет [37,с. 4]. Автордың пайымдауынша
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің сындарлы іс-әрекеттерді, білім беру
мазмұнын, оқыту әдістерін таңдайды, іс-әрекеттерін жобалайды. Мұнда
психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білім беруде, оқыту әдістерін
меңгеру тәжірибесін жалпылау үлкен маңызға ие. Елімізде соңғы бес жылда
жобалап оқыту, жоба жасау бойынша көрсеткіштерінің күрт өзгеруі мен өсуі
белең алуда.
Сондықтан да, еліміздегі ЖОО-да берілетін білімнің ғылыми негізде
жүргізілуін талап ететін құжаттар қабылданып, білімді дамытудың жаңа
стратегиясы ұсынылуда. Ең басты мәселе болашақ жастарымызға берілетін
білімді тұлғаға бағыттай отырып, олардың болмысына жол ашу, бәсекеге
қабілеттілігін қалыптастыру болып отыр.
Ғалым Р.К.Бекмагамбетова [48,с. 1] «Мектепке дейінгі педагогика»
еңбегінде мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның
ерекшеліктері, ұйымдастыру қағидаттары және оны жобалау үдерістерін
талдап, жобалаудың маңыздылығын түсіндірген.
Психология ғылымдарының кандидаты М.Қ.Бапаева «Психологияны
оқытудың белсенді әдістері» атты ғылыми еңбегінде жоба - болашақтағы
нәтижелерге қол жеткізу үшін білімдердің жиынтығы;
–
деген тұжырым
келтірген [171].
Біз «Білім алушының білімдердің жиынтығына ойын арқылы және
жобалап оқыту негізінде ойынның түрлері мен іскерлік ойындар бойынша
имитациялық, инновациялық нәтижеге қол жеткізудегі зерттеушілік іс-әрекет»,
Достарыңызбен бөлісу: