55
Әдіснамалық тұғырдың бірі жүйелік тұғыр, оның мәні объект олардың
арасындағы қатынастар мен байланыстар элементтерінің тұтас жиынтығы
ретінде, яғни жүйе ретінде зерттеледі. Жүйелік тұғырдың теориясы ғалым
Ф.Королевтің және т.б. еңбектерінде жүйеленген [199]. Жоба кезінде мектеп
жасына дейінгі балалардың шығармашылық даралығын қалыптастыруға
дайындық жүйесі құрылатындығына сүйенеміз. Болашақ мектепке дейінгі ұйым
педагогі кәсіби педагогикалық даярлаудың құрылымдық элементтерін (пәндер,
педагогикалық практика) негізінде және жалпы принциптер бойынша жұмыс
істейді. Зерттеу барысында біз болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың
мотивациялық,
когнитивті,
іс-әрекеттік,
рефлексивті
компоненттерін
анықтадық. Бұл компоненттердің әрқайсысы болашақ тәрбиешінің зерттеушілік
іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытуда үлкен рөлге ие
екенін зерттеу барысында көрсетті. Әр компонентке сәйкес әдіснамалық
тұғырлар да анықталып, алынды. Келесі кезекте әр тұғырдың зерттеуіміздегі
орны мен рөлін талдағанды жөн деп есептейміз.
Достарыңызбен бөлісу: