Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет54/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93
Байланысты:
20.4.2023-0dis

 
Метод 
– 
(грек. methodos – путь исследования или познания, теория, 
учение) - әдіс, зерттеу жолы. Әдіс осы құрал болып табылады. Сонымен қатар 
әдіс әр тұлғаның мүмкіндік деңгейін теңестіріп қана қоймай, олардың іс-
Алдын

ала қадағалау
әдетте, 
диагностикалық міндеттерге орай 
жүргізіледі. Ондағы мақсат – балалардың 
оқуды бастауға дейін игерген білім, 
ептілік, дағдыларының деңгей, дәрежесін 
анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не 
тақырыпты өту алдында өткізіледі. 
Алдын

ала қадағалау нәтижесінің 
негізінде тәрбиеші оқу жұмыстарының 
тиімді түрлері мен формаларын 
таңдастырады.
Ағымдағы (күнделікті) қадағалау
– оқу 
барысында ұйымдастырылып, білім, ептілік 
және дағдылардың қалыптасу дәрежесін, 
сонымен бірге игерілген материалдың 
қаншалықты терең және берік бекігенін 
анықтау үшін қолданылады. Бұл 
қадағалаудың тиімділігі – білім алушылар 
біліміндегі кемшіліктер мен олқылықтарды 
дер кезінде байқап, бағдарлама 
ақпараттарын меңгеруде көмек көрсетуге 
мүмкіндік береді. 
Мерзімді қадағалау
– белгілі 
уақыт аралығындағы 
жұмыстардың қорытындысын 
алуға пайдаланылады. Ол не 
тоқсан, не жыл жартысы 
аяғында жүргізіледі.
Тақырыптық 
қадағалау
– 
тақырып, бөлім 
материалдары 
өтіліп болған соң 
өткізіледі.
Қорытынды қадағалау
– оқу 
үдерістің соңғы нәтижелерін 
жинақтау үшін қолданылады. 
Ол пән бойынша бүкіл білім, 
ептіліктер мен дағдылар 
жүйесін қамтиды [125,с. 1]. 


133 
әрекеттерін бірегейлеп ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға әсер етеді. 
Білім берудегі жобалау әдістері әр түрлі болып келеді. 
Жобалау әдісі
– оқу-тану тәсілдерінің жиынтығы. Олар белгілі бір 
проблемаларды тыңдаушылардың өздігінше шешуге және сол шешімнің 
нақтылы бір нәтижесі қалайда болады деген сеніммен байланысты жүзеге 
асырылады. Жобалау: ғылыми, оқыту, сервистік, әлеуметтік, шығармашылық, 
жарнама-тұсаукесерлік және т.с.с. болып бөлінеді. Әдетте жоғары оқу 
орындарында жобалау әдісіне ғылыми жобалар, соның ішінде курстық және 
дипломдық жұмыстарды жазу, кейбір жағдайларда оқу және өндірістік 
практикаларды атқару жатады. Курстық және дипломдық жобаларды 
(жұмыстарды) жасау теория мен практианың ара қатынастарын анықтап, оқу 
үдерісіне кәсіби тұрғыдан қарап, оның сапасының өсуіне тікелей әсер етеді. 
Сонымен бірге жобаны қорғау кезінде тыңдаушы шешілетін мәселе туралы 
практикалық технология тұрғысынан сауатты ойлауға, өз ойын қисынды және 
дәлелді етіп түсіндіруге, қажет болғанда өзгелерді өзінің шешімінің дұрыс 
екендігіне көзін жеткізуге тура келеді. Жоба әдісі – студенттің бірнеше пәннен 
алған білімдерін қолдана білуіне негізделіп, көбіне топпен орындалатын, 
пәнаралық сипатта болады. Жобаны студенттер өздері орындайды, оқытушы 
тек консультация беріп, бағыттап отырады. Дәстүрлі оқыту жүйесіндегі курстық 
жоба студенттің жекелей орындауына негізделген. 
Жобалау кезеңдері
: жобаны дайындау (тақырыбы мен мақсатын айқындау); 
жоспарлау (ақпарат көздері мен ақпартты алу тәсілдерін, есеп берудің түрін, 
жобаның міндеттерін анықтау); ақпаратты іздеу, зерттеу, қойылған міндеттерді 
шешу; алынған нәтижелерді талдау, шешім шығару; нәтижелер бойынша есеп 
беру (ауызша, жазбаша); жоба жұмысының бағалануы. Телекоммуникациялық 
жобаны – (авторы американдық философ және педагог John Dewey (1859-1952) 
телекоммуникацияның техникалық мүмкіндіктерін жоба әрекетімен біріктірудің 
әдісі, нақты өмір проблемасын шешуде студенттің өзін-өзі ұйымдастыру және 
өзіндік оқуы арқылы оқытушыдан тәуелсіз болуына негізделген. Оқытушының 
қызметі координатор және консультант түрінде болады [151,с. 9]. Компьютерлік 
желі көмегімен басқа оқу орындарының білім алушыларымен бірлесе отырып 
оқу мақсатына бағытталған жобамен жұмыс істеудің педагогикалық тиімділігі 
жоғары екендігін (мысалы, АҚШ тәжірибесі) көрсетіп отыр.
Е.С.Полат 
телекоммуникациялық 
оқу 
жобасын 
«Компьютерлік 
телекоммуникацияға негізделіп ұйымдастырылған, ортақ проблемасы мен 
мақсаты бар, бірлесе отырып нәтижеге жетуге бағытталған, осы проблеманы 
шешудің келісілген әдістері мен тәсілдері бар, білім алушы-серіктестердің 
бірлескен оқу-танымдық, зерттеу, шығармашылық немесе ойын әрекеті, – деп 
анықтайды [143,с. 314].
Болашақ педагогтердің зерттеушілік іс-әрекетін дамыту үшін тәжірибелік 
тапсырмалар орындалу керек. Тәжірибелік жобалар бағыттары: 


134 
Ғылымды үйге әкелу
Сурет 20 - Жобаның түрлеріне сәйкес берілген жоба тақырыптары 
Зерттеушілік жоба құрылымы бойынша ғылыми жобаға ұқсайды.
Өзектілігі, мақсат, міндеті, болжам, нәтиже сипатталады. Мәселені шешуде: 
лабораториялық эксперимент, модельдеу, әлеуметтік сауал т.б. әдістер 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет