Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет67/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   93
Байланысты:
20.4.2023-0dis

 
 
Топ 
Қатысушы 
cаны

Орташа 
мән 
Стандарт
ты 
ауытқу 
Қиғашт
ық 
мәні 
Куртоз 
мәні 
Колмогоров-
Смирнов (K-
S) p 
Эксперименталды 
Абай 
атындағы 
ҚазҰПУ 
63 
18,1 
3,6 
1,075 
-,271 
,059 
Бақылау 
ОҚМПУ 
62 
17,9 
4,2 
1,279 
-,222 
,200 
-кестеде айқындаушы кезең бойынша екі топтың статистикалық 
сипаттамаларына қатысты нәтижелер: эксперименталды топта орташа мән 18,1 
бақылау тобында бұл көрсеткіш 17,9 болғандығы анықталды. Айқындаушы 
кезең нәтижелерінің қалыптылық шартына сәйкестігіне қатысты талдау 
нәтижесінде Колмогоров-Смирнов (K-S) тестінің p мәні эксперименталды топта 
0,059; бұл көрсеткіш бақылау тобында ,200 болғандығы анықталды (p>0,05). 
Бұл көрсеткіш екі топтың да айқындаушы кезеңнен алынған нәтижелерінің 
қалыптылық шартына сәйкес екендігін көрсетіп отыр. Айқындаушы кезеңге 
байланысты екі топқа қатысты көрсеткіштер төмендегі 32-суретте берілген.
 
Сурет 32 - Екі топтың айқындаушы кезеңге байланысты қалыптылық 
шартына қатысты нәтижелерінің сызбадағы көрінісі 


156 

 
Сурет 33 - Екі топтың айқындаушы кезеңге байланысты қалыптылық
шартына қатысты нәтижелері 
Жоғарыда көрсетілген сызбалардан айқындаушы кезең бойынша екі 
топтың нәтижелері қалыптылық және бірізділік болжамдарына сәйкес екендігі 
көрініс тауып отыр. Сондай-ақ, айқындаушы кезеңнен алынған мәліметтерді 
сандық талдау барысында тәуелсіз айнымалының барлық топтарында тәуелді 
айнымалыда экстремалды мән жоқ екендігі анықталды. Айқындаушы кезең 
бойынша Levene тестінің p мәні (,119), p>0,05 болғандықтан, эксперименталды 
және бақылау топтарының дисперсиялары бір-біріне тең екендігі анықталды. 
Аталмыш кезеңде екі топтың дисперсиялары біртекті болғандығы 
статистикалық тұрғыдан расталды. Бұл айқындаушы кезеңде дисперсиялардың 
біртектілігі болжамының расталғандығын көрсетіп отыр. Сонымен-ақ, 
Колмогоров-Смирнов (K-S) тестінде р мәні 0,05-тен үлкен болғандықтан, 
айқындаушы кезең бойынша эксперименталды және бақылау топтарының 
нәтижелері арасында статистикалық маңызды айырмашылық бар-жоғын 
анықтау үшін Тәуелсіз айнымалылар үшін t-тесті жасалынды. Тәуелсіз 
айнымалылар үшін t-тесті екі топтың эксперимент алды кезең бойынша бір-
біріне тең (эквивалентті) немесе тең емес екендігін анықтау үшін қажет 
маңызды статистикалық тест. Тәуелсіз айнымалылар үшін t-тестінен алынған 
нәтижелер төмендегі 40-кестеде көрсетілген.

 


157 
Кесте 40 - Айқындаушы кезеңге байланысты эксперименталды және бақылау 
топтарының тәуелсіз айнымалылар үшін t-тесті нәтижелері 
Топ 
Қатысушы 
саны N 

Орташа мән 
Қиғаштық 
мәні 
Стандартты 
ауытқу 


Эксперименталды 
Бақылау 
63 
62 
18,111 
17,967 
1,075 
,279 
3,614 
4,296 
,202 
,840 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытуға қатысты эксперименталды және 
бақылау топтарының айқындаушы кезең бойынша нәтижелері арасында 
статистикалық маңызды айырмашылық бар немесе жоғын анықтау мақсатында 
тәуелсіз айнымалылар үшін t-тесті жасалынды. Жасалынған тест 
қорытындысында алынған көрсеткіштерге келер болсақ эксперименталды 
топтың орташа мәні (X =18,111), ал бұл көрсеткіш бақылау тобында (X =17,967) 
(t =,202 , p > ,840). Бұл көрсеткіштерге қарап айқындаушы кезеңге қатысты екі 
топ нәтижелері арасында статистикалық маңызды айырмашылық жоқ екендігін 
анық айтуға болады. Бұл дегеніміз екі топ қатысушыларының зерттеушілік іс-
әрекеттері эксперимент алды айқындаушы кезеңде бір-бірімен тең дәрежеде 
болған. Яғни эксперимент алды кезеңде екі топтың білім деңгейі бірдей 
болғандығы статистикалық тұрғыдан анықталып отыр. Осы тұрғыдан алынған 
көрсеткіштер 
негізінде 
тәжірибелік-экспериментке 
қатысушылардың 
мәліметтерін сандық талдау барысында құрастырылған бірінші болжамымыз 
расталды. Яғни, H
0
: эксперимент және бақылау топтарының эксперимент басы 
көрсеткіштер арасында статистикалық маңызды айырмашылық жоқ.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытуға арналған оқыту моделіміз бен 
оқыту бағдарламамыздың тиімді екендігін анықтау мақсатында АNCOVА тесті 
жасалынды. Ковариантты талдау (АNCOVА) тәуелсіз айнымалының топтары 
арасындағы айырмашылықтарды анықтау үшін қолданылатын күшті 
статистикалық анализ. АNCOVА екі немесе одан да көп тәуелсіз (байланысты 
емес) топтардың түзетілген жалпы санының арасындағы статистикалық 
маңызды айырмашылықтың бар-жоғын анықтау үшін қолданылады. Сонымен 
бірге ковариантты талдау (АNCOVА) тесті эксперимент алды және эксперимент 
соңы эксперименталды және бақылау тобы бар зерттеу жобаларында 
тәжірибелік-эксперименттің әсерін анықтау үшін қолданылатын статистикалық 
анализ (Field, 2005). Бірақ, бұл тест жасалынбас бұрын екі топтан алынған 
мәліметтердің бірнеше болжамдарға сәйкестігі тексерілді. Атап айтар болсақ, 
1.Сызықтық болжам: тәуелсіз айнымалының әрбір деңгейінде ковариат пен 
тәуелді айнымалы арасындағы байланыс сызықты болуы керек. Бұл болжам 
шашырау сызбасы арқылы анықталады.
2. Регрессиялық еңістердің біртектілігі болжамы. Бұл тәуелсіз айнымалы 
мен ковариат арасында өзара әрекеттесу бар-жоғына қарасты болжам. Басқаша 
айтқанда, бұл болжам сызықты болжаммен тығыз байланыста болып, регрессия 


158 
сызықтары параллель болса, бұл болжам орындалғандығын айтуға болады.
3. Қалыптылық болжамы. Тәуелді айнымалы тәуелсіз айнымалының 
барлық топтарында қалыпты түрде таратылады. 
4. Топтар арасында қате дисперсиясы бірдей, тең дәрежеде шашырауы.
5. Дисперсиялардың біртектілігі. Левене тесті арқылы анықталады. 
6.Тәуелсіз айнымалының барлық топтарында тәуелді айнымалыда 
экстремалды мән жоқ. 
Тәжірибелік-эксперименттің тиімділігін анықтау негізінде ковариантты 
талдау (АNCOVА) тестін жасау үшін екі топтан алынған мәліметтер 
жоғарыдағы болжамдарға сәйкестігі тексерілді. Алынған нәтижелер төмендегі 
суретте және кестеде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет