Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет68/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   93
Байланысты:
20.4.2023-0dis

 
 
 
Сурет 34 - Тәжірибелік-эксперимент барысында екі топтан алынған 
мәліметтердің сызықтық болжамға қатысты нәтижелері 
 
Жоғарыда көрсетілген суретте эксперименттік және бақылау топтарының 
айқындаушы және қорытынды кезеңдерде алынған нәтижелерінің сызықтық 
және параллельге жақын байланысы бар екені расталып отыр. Сол себепті 
шашырау сызбасы арқылы сызықтық болжам расталды. Сонымен бірге 
регрессиялық еңістердің біртектілігін тексеру мақсатында екі топ бойынша 
мәліметтер тексерілді және екі топта да регрессия сызықтары параллель 
болғандығы анықталды. Регрессиялық еңістердің біртектілігіне қатысты 
болжам нәтижелері төмендегі 35 суретте көрсетілген. 


159 
 
Сурет 35- Эксперименталды және бақылау топтарының айқындаушы және 
қорытынды кезеңдерде алынған нәтижелердің регрессиялық еңістерге 
байланысты нәтижелері 
Жоғарыдағы сызбада эксперименталды және бақылау топтарының 
айқындаушы 
және 
қорытынды 
кезеңдерден 
алынған 
нәтижелердің 
регрессиялық еңістерге байланысты біртекті болғандығы сандық талдау 
нәтижесінде анықталғандығы көрсетілген. Екі топқа қатысты регрессия 
сызықтары параллель, түзу болғандығы анықталып, аталмыш болжамның 
расталғандығы графикте көрініп тұр. Эксперименталды және бақылау 
топтарына қатысты регрессия қисықтарының біртектілігіне қатысты 
статистикалық көрсеткіштер төмендегі кестеде берілген.
Кесте 41 - Эксперименталды және бақылау топтарының регрессия 
сызықтарының біртектілігіне қатысты нәтижелері 
Топ 
Қатысушы
саны N 
R мәні 
R шаршы 
мәні 
Түзетілген 
R шаршы 
мәні 
Бағалаудың 
стандартты 
қатесі 
Эксперименталды 
Бақылау 
63 
62 
,627 
,816 
,393 
,665 
,383 
,660 
2,825 
2,179 
Екі топ бойынша регрессия сызықтарының еңістерін сынау нәтижесінде 
эксперименталды топта түзетілген R шаршы мәні =.393, бақылау топта бұл 
көрсеткіш R=.665 болғандығы және екі топ бойынша p>0,05 расталды. 
Регрессия еңістерінің біртектілігі болжамына қатысты бұл көрсеткіштер 
регрессия еңістерінің біртекті болғандығын көрсетіп отыр. Эксперименталды 
және бақылау топтарының айқындаушы және қорытынды кезеңдерде алынған 
нәтижелерінің қалыптылық шартына сәйкес болып болмағандығын тексеру 
үшін Колмогоров-Смирнов (K-S) тесті жасалынды. Айқындаушы кезеңге 
байланысты екі топтың қалыптылық шартына сәйкестігіне талдау жасалынды 
және бұл талдау 36-кестеде көрсетілді. Сонымен қатар айқындаушы кезең 
бойынша екі топтың дисперсиялары бір-біріне тең екендігі Левене тесті арқылы 
тексеріліп, р>0,05 расталды. Яғни айқындаушы кезеңде екі топтың 
дисперсиялары біртекті болғандығы анықталды. Сонымен қатар, айқындаушы 
кезеңнен алынған мәліметтерді сандық талдау барысында тәуелсіз 


160 
айнымалының барлық топтарында тәуелді айнымалыда экстремалды мән жоқ 
екендігі статистикалық тұрғыдан тексерілді. Екі топтың қорытынды кезеңге 
қатысты мәліметтердің қалыптылық шарты мен дисперсиялардың біртектілігіне 
сәйкестігін тексеру үшін жасалынған талдау нәтижелері төмендегі 42 -кестеде 
берілген. 
Кесте 42 - Қорытынды кезең бойынша эксперименталды және бақылау 
топтарының арифметикалық орташа мән, стандартты ауытқу сынды 
статистикалық сипаттамалары және Колмогоров-Смирнов (K-S) тестіне 
қатысты талдау нәтижелері 
Топ 
Қатысушы 
cаны 

Орта 
ша 
мән 
Стандартт
ы ауытқу 
Қиғашт
ық 
мәні 
Куртоз 
мәні 
Колмогоров-
Смирнов (K-
S) p 
Эксперименталды 
63 
26,269 
3,437 
-,815 
-,281 
,000 
Бақылау 
62 
21,193 
4,210 
-,030 
-,620 
,010 
Жоғарыда берілген кестеде эксперименталды және бақылау топтарына 
қатысты қорытынды кезеңнің статистикалық сипаттамаларына байланысты 
нәтижелер: эксперименталды топта орташа мән 26,269; бақылау тобында бұл 
көрсеткіш 21,193 болғандығы анықталды. Қорытынды кезең нәтижелерінің 
қалыптылық шартына сәйкес талдауы нәтижесінде эксперименталды топта 
Колмогоров-Смирнов (K-S) тестінің p мәні ,000; бұл көрсеткіш бақылау 
тобында ,010 болды (p<0,05). Бұл көрсеткіштер екі топтың да қорытынды 
кезеңнен алынған нәтижелерінің қалыптылық шартына сәйкес келмейтіндігін 
анықтап отыр. Осы кезеңнің статистикалық сипаттамаларына қатысты 
нәтижелер сызба мен график түрінде төмендегі 37-суретте көрсетілген.
Сурет 36- Екі топтың қорытынды кезеңге байланысты қалыптылық шартына 
қатысты нәтижелерінің сызбадағы көрінісі, бет 1 


161 
Сурет 36, бет 2 
 
Қорытынды кезең бойынша екі топтың нәтижелері қалыптылық және 
бірізділік болжамдарына сәйкес келмейтіндігі жоғарыда берілген сызбаларда 
көрсетілген. Тәжірибелік-эксперименттен алынған қорытынды кезеңге қатысты 
мәліметтерді сандық талдау барысында тәуелсіз айнымалының барлық 
топтарында тәуелді айнымалыда экстремалды мән жоқ екендігі анықталды. Бұл 
нәтиже АNCOVА тестінің жасалуына байланысты соңғы болжамға сәйкес келіп 
тұрғандығын көрсетіп тұр. Сонымен қатар Levene тестінің p мәні (,123), p>0,05 
болғандығы анықталып, эксперименталды және бақылау топтарының 
дисперсиялары бір-біріне тең екендігі расталды. Бұл қорытынды кезеңде екі 
топтың дисперсиялары біртекті екендігін яғни дисперсиялардың біртектілігі 
болжамының расталғандығы анықталып отыр. 
Жоғарыда жасалынған статистикалық сандық талдау нәтижелері екі топтан 
әртүрлі кезеңдерге байланысты алынған мәліметтерінің тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстың тиімділігін анықтау үшін қолданылатын АNCOVА 
тестіне 
сәйкестігіне 
тексерілді. 
Болжамдарға 
қатысты 
нәтижелерді 
қорытындылайтын болсақ, сызықтық, регрессиялық еңістердің біртектілігі, 
топтар арасында қате дисперсиясының тең бірдей болуы, дисперсиялардың 
біртектілігі және тәуелсіз айнымалының барлық топтарында тәуелді 
айнымалыда экстремалды мәннің жоқ болуы сынды болжамдардың 
расталғандығы анықталды. Барлық бұл көрсеткіштер екі топтан алынған 
мәліметтердің АNCOVА тестіне сәйкестігін көрсетіп тұр. Сандық талдау 
барысында айқындаушы кезең мәліметтерінің қалыптылық болжамына сәйкес 
болғандығы, қорытынды кезең мәліметтерінің бұл болжамға сәйкес 
келмейтіндігі анықталды. Дегенмен бұл болжам расталмаған жағдайында да 
зерттеу мәліметтерін талдау үшін атап айтар болсақ тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстың тиімділігін анықтау үшін ковариантты талдау (АNCOVА) тесті 


162 
жасалынды. Себебі, ғалымдардың пайымдауынша бұл тест сенімді нәтиже 
беретін күшті стаситстикалық анализ (Field, 2005;
Green және Sаlking, 2005). 
Сол себепті бұл ғылыми тұжырымдамаға сүйене отырып тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстың тиімділігін тексеру үшін АNCOVА тесті 
жасалынды. Тест нәтижесі төмендегі 43-кестеде және кестеде көрсетілген. 
Кесте 43 - Екі топқа байланысты эксперименттен кейінгі нәтижелердің 
сипаттамалық статистикасы 
Топ 

Орташа мән 
Түзетілген орташа мән 
Эксперименталды 
63 
26,269 
26,237 
Бақылау 
62 
21,193 
21,227 
Жоғарыдағы кестеде берілген нәтижелерге қарап эксперименттен кейін 
эксперименталды топта орташа мән 26,269 болды; бұл көрсеткіш бақылау 
тобында 21,193 болғандығы анықталды. Бұл орташа мән көрсеткіштеріне қарап 
айырмашылықтың бар екендігі және бұл айырмашылықтың эксперименталды 
топтың пайдасына екендігі байқалып тұр. Тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстың тиімділігін анықтау үшін эксперимент алды нәтижелердің бақылауда 
болғандығының дұрыстығын ескеретін болсақ, эксперименттен кейінгі 
нәтижелердің түзетілген орташа мәндері эксперименталды топта 26,237; бұл 
көрсеткіштің бақылау тобына 21,227 болғандығы анықталды. Статистикалық 
сандық талдау нәтижесінде түзетілген орташа мәндер көрсеткіштеріне қарап 
эксперименталды топтың орташа мәндері бақылау тобына қарағанда жоғары 
екендігі байқалады. Дегенмен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың 
тиімділігін анықтау үшін АNCOVА статистикалық тесті жасалынды. 
Эксперменталды және бақылау топтары арасында статистикалық маңызды 
айырмашылық бар немесе жоғына қатысты АNCOVА нәтижелері 44-кестеде 
келтірілген. 
Кесте 44 - Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың тиімділігіне қатысты
АNCOVА тесті нәтижелері 
Дисперсия 
ның 
көзі 
Квадраттар 
дың 
қосындысы 
Еркіндік 
дәрежесі 
Квадраттың 
орташа мәні 

Маңыз
дылық 
мәні 
(p) 
Ішінара 
эта-квадрат 
әсер мөлшері 
η
2
Айқындаушы 
кезең 
нәтижесі 
404,981 

404,981 
35,063 
,000 
,223 
Топ 
784,294 

784,294 
67,904 
,000 
,358 
Қате 
1409,109 
123 
11,550 
Жалпы 
73139,000 
125 
Жоғарыда көрсетілген статистикалық талдау негізінде АNCOVА тесті 
нәтижелеріне сүйене отырып эксперименталды және бақылау тобындағы 
қатысушылардың эксперименттен кейінгі нәтижелерінің орташа мәндері, F 


163 
(1,123) = 67,904 p<0,05, ішінара n2 = 0,358. Алынған статистикалық 
нәтижелерден тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың тиімді болғандығы 
анықталды. Бұл дегеніміз статистикалық тұрғыдан эксперименталды топ пен 
бақылау тобы арасында маңызды статистикалық айырмашылық бар екендігі 
расталды. Статистикалық талдау нәтижесінде ішінара эта-квадрат әсер мөлшері 
де анықталып, әсер мөлшері (η2) .01 болғанда «кіші», .06 «орта» және .14 
«үлкен» әсер мөлшерін болып есептелінеді. Тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстың мәліметтерін статистикалық талдау нәтижесінде ішінара эта-квадрат 
әсер мөлшері η2 =358, жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытуға арналған 
оқыту моделіміз бен курс бағдарламамыздың болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін дамытудағы әсері үлкен екендігі 
расталды. Сонымен бірге сандық талдау барысында екі топтың қорытынды 
кезең көрсеткіштер арасында статистикалық маңызды айырмашылық бар 
болып, бұл айырмашылықтың эксперимент басы мен соңындағы көрсеткіштер 
арасында орын алғандығын атап айтуға болады. Бұл көрсеткіштер тәжірибелік-
экспериментке қатысушылардың мәліметтерін сандық талдау барысында 
жасалынған келесі болжамдардың “H
1
: эксперименталды және бақылау 
топтарының эксперимент соңы көрсеткіштер арасында статистикалық маңызды 
айырмашылық бар; H
1
: эксперименталды және бақылау топтарының 
эксперимент басы мен соңындағы көрсеткіштер арасында статистикалық 
маңызды айырмашылық бар” расталғандығын көрсетіп отыр. Эксперимент 
басы мен эксперименттен кейінгі кезеңдерде екі топ арасында статистикалық 
маңызды айырмашылық бар екендігі статистикалық тұрғыдан дәлелденгендігін 
толық айта аламыз. Эксперименталды және бақылау топтары арасында 
статистикалық маңызды айырмашылық бар екендігін төменде берілген –
суреттен көре аламыз. 
Сурет 37 - Эксперименталды және бақылау топтың уақыт аралығындағы 
айқындаушы және қорытынды кезеңдерге қатысты статистикалық 
нәтижелерінің сызбадағы көрінісі
 


164 
Жоғарыда берілген суретте эксперименталды және бақылау топтарының 
бірінші кезең яғни, айқындаушы кезеңде орташа мәндерінің бір-біріне жақын 
болғандығы көрініп тұр. Дегенмен, екінші кезең болып табылатын 
қорытынды кезеңде (суретте 2 санымен көрсетілген) екі топтың орташа 
мәндері арасында айырмашылықтың бар екендіні көрсетілген. Суретте бұл 
айырмашылықтың үлкен екендігін көре аламыз. Орташа мәндердерге қатысты 
бұл айырмашылықтың эксперименталды топтың үлесінде екендігі сызбада 
анық байқалады. Яғни, эксперменталды топтың орташа мәндері бақылау 
тобына қарағанда жоғары екендігі сызбада берілген. Қорытындылай келе, 
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытуға байланысты жүйелі 
ұйымдастырылған жұмыстың барысында статистикалық талдауларға сүйене 
отырып, дайындалған элективті курс бағдарламасы мен әдістемесінің 
тиімділігі анықталды. Сонымен бірге зерттеу жұмысы барысында алдымызға 
қойған болжамның дұрыстығы статистикалық тұрғыдан дәлелденді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет