165
ҚОРЫТЫНДЫ
«Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін
жобалап
оқыту
технологиясы
арқылы
дамыту»
тақырыбындағы
диссертациялық зерттеу жұмысының ғылыми болжамы дәлелденіп, бірнеше
теориялық және қолданбалы нәтижелер алынды.
Жүргізілген теориялық-әдіснамалық және тәжірибелік зерттеу жұмысының
нәтижелері төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:
1. Қазіргі кезде мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын реттеуге
бағытталған нормативтік құжаттарды талдау жобалап оқыту технологиялары
арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін
дамытудың өзектілігін растайды. Зерттеу жұмысымызды ұйымдастыру
барысында біз көптеген ғылыми теориялар мен практикалық тұжырымдарды
талдадық. Зерттеу барысында мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім
бағдарламасында оқитын білім алушылардың жобалап оқыту технологиясы
арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың ғылыми негіздерін нақтылау
арқылы мектепке дейінгі білім беру үдерісіне ендіру, дүниетанымы кең,
шығармашыл болашақ тәрбиешілердің зерттеушілік іс-әрекетін дамытуға
мүмкіндік туғызу, кәсіби деңгейін көтеру қажеттілігі мен оның ғылыми мәселе
ретінде зерттеліп, білім беруде кеңінен қолдануды жетілдіруді қажет ететіні
анықталды.
2. Осы мәселе бойынша теориялық жұмыстарды талдау «зерттеушілік іс-
әрекет», «жобалап оқыту технологиялары» ұғымдарының мәнін және «Болашақ
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту
технологиялары арқылы дамытуды» негіздеуге мүмкіндік берді. Мектепке
дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекеті дегеніміз - шығармашылық,
ізденушілік, ұйымдастушылық қабілеттері арқылы жаңа идея қалыптастыру,
білім, білік, дағдыларын дамыту, кәсіби біліктілігін жетілдіру сапасы
тұрғысынан қарастырылды. Ал, «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің
жобалау әрекеті - білім алушылар мен педагогтердің іс-әрекетінің негізгі
білімдерін алдын-ала өңдеу», - деген тұжырым жасалды.
3. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту туралы білімнің арнайы
мазмұнын меңгеру және зерттеу үдерісінде анықталған практикада мектеп
жасына дейінгі балалардың зерттеушілік дағдысын дамыту, жобалау әдістерін
пайдалану; жобалап оқыту әдістерін, сондай-ақ зерттеу дағдыларын пайдалану
үшін білім мен дағдыларды игеру; зерттеушілік іс-әрекетін тексеру қабілеті;
анықтау және жаңа идеяларды әзірлеу үшін жобалап оқыту әдістерін пайдалану
зерттеушілік іс-әрекетті жүзеге асыру қабілетін дамыту жөніндегі іс-
әрекеттермен байланысты; оқыту әдістері арқылы білім беру жүйесін құру
дағдыларын игеру үшін мүмкіндіктер жасау, болашақ мектепке дейінгі ұйым
педагогінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалау.
4. Жобалап оқыту технологиясы арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйым
166
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың құрылымдық-мазмұндық
моделі мотивациялық, когнитивтік, іс-әрекеттік, рефлексивтік компоненттердің
бірлігінен тұрады. Модель білім алушылардың білім алуға қызығушылықтарын,
жобалап оқыту технологиясы негізінде зерттеушілік іс-әрекетті орындай алуын,
жобалық, зерттеушілік іс-әрекетті меңгеруін, өзін-өзі реттеуін қамтиды.
Сонымен қатар, модельдегі білім алушының жобалап оқыту технологиясы
негізінде зерттеушілік іс-әрекеттегі қызығушылығы, зерттеушілік іс-әрекеттегі
белсенділігі, зерттеушілік іс-әрекеттегі ізденісі, жобаны орындаудағы білімі,
зерттеушілік қабілеті, зерттеушілік икемділігі, жобалық тапсырмаларды сауатты
қалыптастыру мақсатындағы зерттеушілік іс-әрекетке икемділігі, теориялық
білімді іске асыру әрекеті, педагогикалық технология мен педагогикалық
техниканы игеру дағдысы, шешім қабылдаудағы дербестігі, жобаны
орындаудағы зерттеушілік біліктілігі, зерттеушілік іс-әрекеттегі нәтижесі
эксперимент барысында тексеріліп, шынайылығы дәлелденді.
5. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың әдістемелері
«
Жобалап оқыту
технологиялары негізінде зерттеушілік іс-әрекетті дамыту» элективті курсын
оқытуда тиімді болатындығы дәлелденді. Элективтік курс жобалап оқыту
технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетті дамытуда үлкен әлеуетке ие, бұл
педагогикалық жағдайларды модельдеу, педагогикалық қызметтің әртүрлі
формаларын құру, педагогикалық қызметтің әртүрлі модельдерінде жобалық
тапсырмаларды
орындау,
жобалау
мен
болжаудың
психологиялық-
педагогикалық әдістерін зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретіні
анықталды.
6. Қалыптастырушы экспериментте алынған нәтижелер болашақ мектепке
дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту
технологиясы арқылы дамытуға бағытталған білім мен дағдыларды болашақ
мектепке дейінгі ұйым педагогтері игергенін және олардың ынтасы артқанын
және бұл нәтижелер ЖОО болашақ тәрбиешілерді даярлаудың дәстүрлі
құрылымын өзгертуге ықпалды әлеует болатынын көрсетті.
Зерттеу нәтижелері негізінде келесі ұсыныстар тұжырымдалды:
– ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру үшін курстар ұйымдастыру
және жобалап оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетті дамытудың
мүмкіндігін қарастыру;
– Жобалап оқыту технологияларын және арнайы оқыту бағдарламаларын
пайдалануға оқыту арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің
зерттеушілік іс-әрекетін дамыту және осы бағытта университеттер мен
студенттердің жүйелі жұмысын қамтамасыз ету;
– «Жобалап оқыту технологиялары негізінде зерттеушілік іс-әрекетті
дамыту» элективті курсын және «Болашақ мектепке дейінгі ұйым
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалау әдістері арқылы ламыту
технологиясы» әдістемелік құралын мектепке дейінгі ұйым және тәрбие
саласында маманданған студенттерге арналған дәрістер мен семинарларда
167
біздің зерттеуімізді пайдалану мүмкіндігін қарастыру.
Біз осы зерттеудің нәтижелері ЖОО, мектепке дейінгі ұйымдардың
болашақ педагогтерін даярлау және осы бағыттағы жаңа зерттеулер бойынша
болашақта жұмысты жетілдіру үшін негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін деген
қорытындыға келеміз.
Зерттеу ауқымы кең болғандықтан, оның барлық салаларын толық қамту
мүмкін емес. Сондықтан, біз жобалап оқыту технологиялары контекстінде
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін
зерттеуді жалғастыру және білім беру, кәсіптік және ғылыми практикамен
тығыз өзара ынтымақтастық арқылы зерттеу іс-әрекетін жобалау қажет деп
санаймыз.
168
Достарыңызбен бөлісу: |