Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет3/56
Дата03.12.2023
өлшемі1,31 Mb.
#134074
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 
СТИЛИСТИКАНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ПӘН РЕТІНДЕ 
ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ТАРИХЫ 
1. Стилистика – стиль туралы ғылым саласы, оның даму
тарихы 
2. Стилистиканың негізгі бағыттары мен аспектілері
Стилистика – тіл білімінің бір саласы, стиль туралы ғылым. 
«Стиль» сөзі көп мағынада қолданылады (латынның stylos 
сөзінен шыққан, қазақша «жазу құралы, жазу мәнері» дегенді 
білдіреді). Ал тілге қатысты стиль белгілі бір лексикалық, 
грамматикалық жіне фонетикалық тәсілдердің қолданылу 
принциптерін қарастырады. Стилистика тіліміздегі сөздердің, 
сөз тіркестерінің қолданылу заңдылықтарын зерттейді. 
«Стиль» сөзі әдебиетке де байланысты қолданылады, 
сондықтан соңғы кездерге дейін тілдің стилистикалық 
ерекшеліктерін тек көркем шығарма арқылы зерттеу орын алып 
келді. 
XX ғасырдағы Ш.Балли концепциясының негізінде 
стилистика тілдің экспрессивтік формалары туралы ілім ретінде 
анықталды. 
Стилистика 
тілдік 
жүйе 
элементтерінің 
эмоционалды-экспрессивтік, сонымен қатар тілдің мәнерлегіш 
құралдарының қалыптасуына әсер ететін тілдік деректердің 
өзара әсерін зерттейтін ғылым ретінде таныла түсті.
XX ғасырда тіл білімінің үлкен жетістіктерге жетуі, жаңа 
бағыттардың пайда болуы стилистика ғылымының қарқынды 
дамуына әсер етіп, стилистикада тілдің функционалдық қырлары 
басты назарға ілікті. В.Матезиус бастаған чех ғалымдары әдеби 
тілдің функционалдық сипатын зерттеуге ерекше көңіл 
аударды. Орыс стилистика ғылымында В.В.Виноградовтың 
зерттеулері жаңа бір кезеңнің бастамасы болды деп айтуға 
болады. В.В.Виноградовтың еңбектерінде тілдік-функционалдық
концепция басым бағыт болса, оның негізін тілдің халық 
өмірінің нақты тарихи жағдайларындағы шынайы қызмет 
атқаруын зерттеуі құрайды.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У



Стилистика жалпыхалықтық, ұлттық тілдің барлық қырын, 
оның дыбыстық 
құрылымын, 
грамматикасын, 
сөздігін, 
фразеологиясын толық қамтитын күрделі жүйе ретінде таныла 
түсті. Тіл тұтас құрылымның тарихи дамуындағы іштей 
байланысқан элементтері тұрғысынан емес, оның тарихи дамуы 
барысындағы функционалды жіктелісі және әртүрлі сөйлеу 
құбылыстарының экспрессивтік бояулары мен реңктерінің 
сәйкестілігі тұрғысынан қарастырыла бастады. Тілдік қарым-
қатынастың салалық қолданысы, сөйлеудің жекелеген қоғамдық 
шектелген түрлерімен (яғни функционалды стильдермен) 
байланыста алып зерттелді. XX ғасыр басындағы және одан 
кейінгі орыс әдеби тілі, стилистикасы мен тіл мәдениетін 
зерттеудегі ізденістер (Г.О.Винокур, Л.В.Щерба, А.Н.Гвоздев 
т.б.) осы бағыттағы зерттеулерді тереңдетіп, одан әрі дамытты. 
Сөз семантикасының экспресивтік, эмоционалдық және 
бағалауыштық компоненттері және олардың денотативті
мағынамен байланысына айрықша назар аударылды.
Қазақ тіл білімінде стилистикаға қарасты мәселелердің 
зерттелуі А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов еңбектерінен басталады. 
А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышында» көркем сөз бен 
көсем сөзге қатысты ой толғамдары, Қ.Жұбановтың Абай 
поэтикасының қыр-сырын ашқан мақаласы мен басқа да 
еңбектері бұл саладағы алғашқы ізденістер болды. Ал 
стилистиканың жеке ғылым саласы ретіндегі іргетасы қалануы
М.Балақаевтың есімімен байланысты. Алғашқы басылымы 1966 
жылы жарық көрген «Қазақ тілінің стилистикасы» оқулығы 
стилистиканың пәні мен нысанын, ғылымдар ішінде алатын 
орнын анықтаған тұңғыш еңбек болды. Мұнда стилистика 
ғылымының мақсат-міндеттері, функционалды стиль түрлері, 
әсіресе қазақ тілі стилистикалық құралдарының сипаты бір 
жүйеге түсіріліп қарастырылады. Экспрессивтік стилистиканың 
мәселелері тілдік бірліктердің эмоционалды-экспрессивтік 
қызметіне қатысты қарастырылды [1].
Кейінгі кезеңдерде қазақ стилистикасы І.Кеңесбаевтың, 
А.Ысқақовтың, 
М.Балақаевтың, 
Р.Сыздықованың, 
Е.Жанпейісовтің, 
С.Исаевтың, 
Х.Нұрмұқановтың, 
Ф.Мұсабекованың, 
Н.Х.Демесинованың, 
М.Серғалиевтың, 
Н.Уәлиевтің, 
Р.Әмірдің, 
Б.Момынованың, 
О.Бүркітовтың, 
Репозиторий
КарГ
У



Б.Хасановтың, Т.Қоңыровтың, Х.Кәрімовтың, Б.Шалабайдың, 
Ш.Мәжітаеваның, 
Д.Әлкебаеваның, 
Г.Әзімжанованың 
т.б. 
ғалымдардың зерттеулерімен толықты.
Жалпыхалықтық тілдің және ұлттық әдеби тілдің сөздік 
қоры мен арнаулы тілдік бірліктерінің негізінде әр стиль өзінің 
стереотиптік тілдік бірліктерін қалыптастырады. Кез келген 
стиль жалпы әдеби тілдік тәсілдерді алады. Олар сол стильдің 
коммуникативтік үдерісіне белгілі дәрежеде лайықты, 
жарамды болып табылады. Қазіргі әдеби тілдің жүйесінде 
сөздер көбіне еркін, кездейсоқ іліккен жеке компоненттерден 
емес, дәстүрлі формулаларда шартты орын алатындығы белгілі, 
қаламгер дайын формулалардың көмегімен айта да, жаза алады. 
Стиль ұғымы сөйлеу және оның формаларымен 
байланысты қаралады. Стильдің негізгі арқауы – сөйлеудің 
ауызша және жазбаша формалары. Форма – ол тіл 
құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің сыртқы көрінісі. 
Зерттеушілер стиль – белгілі бір қатынастың түрінде тілдік 
бірліктерді сұрыптап пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнерінің 
көрінісі дегенді айтады. Стиль ойды, хабарды жеткізудің әдісі. 
Әдеби тілдің функционалдық стильдері әдебиеттің жанр түріне 
сәйкес пайда болып, көркем әдебиет стилі, публицистикалық 
стиль, ғылыми стиль, ресми стиль және ауызша сөз стиліне 
бөлінеді. 
Стиль түрлеріне ажыратуда да қазақ тіл білімінің 
мамандары осы жолмен кеткен: функционалдық стильдердің 
қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттеудің негізгі көзі 
тілдің қолданысы болып табылады, бұл қолданыстар белгілі бір 
жанрға тән болып келеді деген сияқты немесе «жанрға қатысты 
бөлінген стильдер айқынырақ танылады» деген орыс тілі 
зерттеушілерінің тұжырымдарын басшылыққа алып, қазақ 
тілінің де мақсаттық стильдерін жанрлық негізде тармақтайды: 
публицистикалық әдебиет жанры публицистикалық стильді, 
көркем әдебиет үлгілері көркем әдебиет стилін, сол сияқты 
ресми іс қағаздары мен кеңсе тілінің стилі, ғылыми-техникалық 
әдебиет стилі деп ажыратады. 
Стиль туралы М.Серғалиев былай дейді: 
1.
Әдеби тілдің бір түрі, демек сол тілде сөйлейтін
баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар;
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У



2. Стиль – тарихи категория;
3. Стиль – қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады;
4. Тілдік құралдардың қандай да бір тобы емес, шартты
тұйықталған тобы [2, 9]. 
Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған «белгілі бір тілдегі 
лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің 
қолданылу принциптері» деген анықтамалардың кеңейген 
қазіргі стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі қасиеттерін
танудан туған. 
Стилистиканың негізгі зерттейтін саласы – стиль. 
Біріншіден, стиль – тарихи категория дедік. Тарихы көне 
дәуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп отырған 
мемлекеттік 
мәртебесін 
алған 
тілдің 
тарихын 
тану, 
функционалды стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің 
кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи 
категория екендігін толығымен дәлелдейді.
Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ 
әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби 
тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын 
көрсетсе, ол стильдің негізгі ұстанымы болып табылады.
Үшіншіден, стиль қоғамдық қызметтің бір саласында 
жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық 
анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық стильдің, ғылыми 
стильдің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі 
белгілі ортада өз мақсатына жетті. Бұл функционалды стильдің 
экстралингвистикалық факторларға да байланысты екендігін 
көрсетеді. 
Лингвистикалық 
стилистика, 
негізінен, 
таза 
стилистикалық ерекшеліктерді сөз етумен қатар, басқа 
факторларды да қарастырады. Ол кез келген стильдің қоғамдық 
қызметі, қолданылу аясы, қоғамға қызмет ету құзіреті т. б.
Стилистика үшін стиль мен функционалдық стиль – оның 
өн бойында танылатын егіз ұғым, ол екеуі де зерттеушілер 
еңбектерінде елеулі мәселе ретінде аталмай өтпейді. Оның 
себебі де жоқ емес. Стилистиканы стиль туралы ғылым деп те 
айтатындар бар. Қалған мәселелер осы екеуінің төңірегінен 
келіп шығады. 
Қазіргі 
стилистика, 
сөз жоқ, 
тілдің 
функционалдық стильдік жіктелуі туралы, қарым-қатынас 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У



процесіндегі белсенді коммуникативтік тиімділікке жету 
құралдары мен тәсілдері туралы тармақталған ғылым. 
Т.Г.Винокур функционалдық стиль топтастыруда екі 
белгісін ескеру қажет екендігін айтады:
1) әдеби тілдің қандай бір түрін функционалдық стиль
ретінде айқындау үшін осы түрі адам қызметінің белгілі бір 
саласында әрдайым қолданылуы керек; 
2) әдеби тілдің қандай бір түрін функционалдық стиль
ретінде айқындау үшін тілде іс жүзінде қандай да қатынас 
саласында қызмет атқаратын және осы өмір саласында қатынас 
жасау ерекшеліктерімен айқындалған сөйлеу құралдарының 
белгілі бір мөлшері болуы [3, 9]. 
Стиль сөзін қолданғанда оның алдына анықтаушы сөз
тұрмаса, бірнеше ұғымды түсінуге болады. Бұл термин тілге
ғана қатысты емес, әдебиет, өнер, жазушы стилі т.б. 
жағдайларда қолданылады. Біз оны тілге қатысты жағдайда 
аламыз. А.Байтұрсынов функционалды стиль ұғымын тілдік 
және тілдесім деп түсінген, ғалымның пайымдауынша, 
функционалды стиль – «сөйлесудің» бір түрі. Ғалым ұсынған 
функционалдық стиль мәтіндері төртеу – ғылыми стиль 
мәтіндері, публицистикалық стиль мәтіндері, ресми стиль 
мәтіндері, көркем стиль мәтіндері [4, 12]. 
Стилистиканың негізгі зерттеу нысаны тілдің барлық 
деңгейлеріндегі (лексикалық, фразеологиялық, морфологиялық, 
синтаксистік) құралдар бола тұра, стилистика 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет